ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Русский Қазақша
Билік
Құқық
Қоғам
Билік
Құқық
Қоғам
Басты бет Құқық Президенттің жолдауы Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы

...

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша ақпарат

(2019 жыл ІІІ-тоқсан)

Қазақстан Республикасының Президентінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау және түсіндіру мақсатында «Жолдаудың негізгі ережелерін түсіндіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру туралы» аудан әкімінің 2019 жылғы  2 қыркүйектегі №456 өкімімен аудандық ақпараттық топтар (әр топта 5-4 адамнан) (бұдан әрі - ААТ) құрылып, топ мүшелерінің елді мекендерге шығу кестесі, іс-шаралар жоспары бекітілді. Сонымен қатар, желілік кесте әзірленіп, іс-шаралар тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді. 

Жолдаудың негізгі ережелерін түсіндіру жөніндегі ААТ құрамын 39 мүшесі құрайды. Халықпен кездесу кестесіне сәйкес ААТ қыркүйек-желтоқсан айларында қазіргі кезге дейін 28 кездесу өткізіп, барлығы 1880 адам қамтылды.

Президент Жолдауын көрнекі үгіт-насихат құралдары арқылы ақпараттандыру мақсатында аудан бойынша 24 билборд орнатылды. Президент Жолдауын ақпараттық сүйемелдеу жұмыстары бойынша Жолдау жарияланғалы аудандық «Тұран Қазалы» мен «Қазалы» газетінде жолдаудың толық мәтіні, қоғамдық пікір жетекшілерінің пікірлері мен сұхбаттары жарияланып, бүгінгі күнге дейін барлығы 50 мақала жарық көрді. Аталған бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғасатын болады.


...
Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша ақпарат

(2019 жыл І-тоқсан)

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау және түсіндіру мақсатында «Жолдаудың негізгі ережелерін түсіндіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру туралы» аудан әкімінің 2018 жылғы 9 қарашадағы №456 өкімімен аудандық ақпараттық топтар (әр топта 5-4 адамнан) (бұдан әрі - ААТ) құрылып, топ мүшелерінің елді мекендерге шығу кестесі, іс-шаралар жоспары бекітілді. Сонымен қатар, желілік кесте әзірленіп, іс-шаралар тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді. 

Жолдаудың негізгі ережелерін түсіндіру жөніндегі ААТ құрамын  39 мүшесі құрайды. Халықпен кездесу кестесіне сәйкес ААТ ақпан-наурыз айларында қазіргі кезге дейін 3 кездесу өткізіп, барлығы 1080 адам қамтылды.

Сондай-ақ, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазалы аграрлы-техникалық, Қазалы көлік-техникалық жоғары, Қазалы гуманитарлы-техникалық колледжерінде "Дәнекерлеуші", "Ағаш ұстасы", "Тігінші", "Құрылыс, "Балық өңдеуші"" мамандықтары бойынша білім алушы жастарға Елбасы Жолдауын насихаттау мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Арнайы  3 (үш) колледжеден барлығы 240 жас қамтылды.

Елбасы Жолдауын көрнекі үгіт-насихат құралдары арқылы ақпараттандыру мақсатында аудан бойынша 24 билборд орнатылды. Елбасы Жолдауын ақпараттық сүйемелдеу жұмыстары бойынша Жолдау жарияланғалы аудандық «Тұран Қазалы» мен «Қазалы» газетінде жолдаудың толық мәтіні, қоғамдық пікір жетекшілерінің пікірлері мен сұхбаттары жарияланып, бүгінгі күнге дейін барлығы 50 мақала жарық көрді.

Осы күнге дейін Жолдауды түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараларда барлығы 2264 адам қамтылды.

Аталған бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғасатын болады.




...



Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша ақпарат





(2018 жылдың қорытындысы)

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау және түсіндіру мақсатында Жолдауды насихаттау және түсіндіру жөнінде аудан әкімінің 2018 жылғы 2 наурыздағы №111 өкімімен құрамында 40 мүшесі бар ауданда 8 ақпараттық-насихаттық топтар құрылып, аралау кестесі бекітілді. Топ құрамына мәслихат депутаттары, мекеме-кәсіпорын басшылары, ардагерлер мен қоғамдық ұйым өкілдері, жастар көшбасшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері енгізілді.

2018 жылдың ақпан - наурыз айлары аралығында аудан тұрғындарының арасында Жолдаудың басым бағыттарын түсіндіру, насихаттау мақсатында халықпен 15-ке жуық кездесу өткізіліп, 5480 тұрғын қамтылды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау және түсіндіру мақсатында 2018 жылдың 22 ақпанында Республикалық ақпараттық топтың мүшесі, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы Асавбаев  Әсет  Асанұлы келіп, аудан әкімдігінің мәжіліс залында жиын өткізді. Аталған жиынға 130 адам қатысып, аудандық Қоғамдық кеңес мүшесі Дүйсен Майлкайдар, аудандық мәслихат депутаты Сарабеков Әділбек, Қазалы ауданы «Жас Орда» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қуаныш Әлібек өзекті мәселелерге қатысты сұрақтарын қойып, жауабын алд


...






Кіру

×