ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Русский Қазақша
Билік
Құқық
Қоғам
Билік
Құқық
Қоғам

Мәдениет

...

Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша 2020 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы

         Қазіргі таңда мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мәдениет Орталығы, 26 кітапхана және кент, қала, ауылдық округ әкімі аппараттарына қарасты 6 мәдениет Үйі мен 17 клуб, барлығы 50 мекеме халыққа қызмет көрсетеді.

Мәдениет ошақтарының материалдық - техникалық базасын нығайтуға мақсатында 2020 жылы аудандық бюджеттен Лақалы ауылдық клубына сахналық киім және ноутбук алу үшін 1252,0 мың теңге, Майдакөл ауылдық клубына сахналық киім, ноутбук, видео пректр және 2 дана кілем алу үшін 1252,0 мың теңге, барлығы 2504,0 мың теңге бөлінді.

Мәдени шараларды өткізуге  жергілікті бюджеттен 9215,0 мың теңге бөлініп 3 айда 1954,0 мың теңгесі игерілді. Жоспарға сәйкес 182 мәдени шара өткізіліп, оған 18091 көрермен қатысты.

Мәдениет саласы бойынша  жыл басынан бері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына, «Еріктілер жылына» ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына, Алтын Орда мемлекетінің 750 жылдығына, Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдығына, қазақтың ұлы ғалымы  Ш.Уәлихановтың 185 жылдығына және басқа да атаулы мерекелерге байланысты түрлі форматта іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Алдағы уақытта, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына, Қазақстан Республикасының Конституциясының 25 жылдығына, Жанкент Шаһарының 1300 жылдығына, Кеңес өкіметіне қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің 90 жылдығына  орай,  және басқа да атаулы мерекелер мен мейретойларды жоғары деңгейде атап өту жоспарланып отыр.

Аудандық мәдениет Орталығында, 10 ақпан күні жастар арасында «Латын әліпбиіне көшу-заман талабы» атты дөңгелек үстел, 14 ақпан күні  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы аясында «Жігіт сұлтаны» атты жігіттер сайысы, 21 ақпан күні қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған "Шын хакім, сөзің асыл баға жетпес" атты кезекті эстафеталық іс-шарасы, 26 ақпан күні «Мелодия»  халықтық орыс ұлт- аспаптар ансамблі мен «Әуезовтер» отбасылық ансамблінің есепті концерті,            27 ақпан күні  қазақтың ұлы ғалымы  Ш.Уәлихановтың 185 жылдығына орай «Алтын қалам» атты сценаристердің аймақтық жабық байқауы,  3 наурыз күні Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай,  «Бұрымды ару-2020» атты ең шашы ұзын бұрымды арулар арасындағы аудандық байқауы, Жанқожа батыр ауылдық мəдениет үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында, 1-наурыз Алғыс айту күніне арналған «Рахмет саған,туған ел» атты мерекелік шара, Жалаңтөс батыр ауылдық клубында ауданымыздың ауылшаруашылығын дамытуға зор үлес қосқан, Қазалы ауданының құрметті азаматы Ажаркүл Алдажарованың 70 жасқа толуына орай Қазалы ауданы әкімдігінің қолдауымен, Қарашеңгел ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен «Еңбек. Абырой. Құрмет» атты салтанатты кеші, Әйтеке би кенттік клубында 19 ақпан күні қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай – дара, Абай- дана қазақта»атты аудандық байқауы,  Өркендеу ауылдық клубында 17 ақпан күні Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдығына орай "Жанкентпен тұстас данышпан " атты тарихи-танымдық кеш, аудандық орталық кітапханада Ш.Уәлихановтың туғанына 185 жылдығына орай «Шоқан тағылымы» атты тақырыпта тарихи – танымдық конференциясы, Қазалы қалалық мәдениет Үйінде 12 ақпан күні Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Қазалы дауысы» атты аудандық вокалды топтар байқауы,  Абай ауылдық клубында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай – дара,Абай- дана қазақта» атты аудандық эстфеталық іс-шарасыныңі ашылу салтанатты кеші өткізілді.

Үйірмелер бойынша ауылдық мәдениет Үйлері мен клубтар жанынан барлығы 124 үйірме жұмыс жасаса, оларға 1505 қатысушы тартылған. Оның ішінде: 8-халықтық ұжым, терме, би, ән, домбыра, қобыз, драма,   ақындар, әжелер ансамблі, вокалдық аспаптар ансамблі, «Қазалы қалжыңы» ойын-сауық отауы, №1 және №2 жылжымалы мәдени-демалыс кешендері, Әжелер ансамблі, «Қазалым-наз әнім» үгіт керуені, қуыршақ балалар театры, «Ақжелең» бишілер, «Сейхун» этно-рок тобы және тағы басқа үйірмелер жұмыс жасайды. Быилғы жылы Қожабақы ауылдық мәдениет Үйі жанынан қолөнер шебер үйіремсі, Қ.Пірімов ауылдық клубы жанынан домбыра үйірмесі ашылды.

Сонымен қатар, халықтық атағы бар аудандық мәдениет Орталығы жанындағы Ж.Тұрсынов атындағы халық театры, «Қорқыт сазы» фольклорлық ансамблі, «Мырза» атындағы халық оркестрі, «Әуезовтер отбасы», «Мелодия» орыс ұлттық аспаптар ансамблі, Жанқожа батыр ауылдық мәдениет Үйі жанындағы халық театры, Әйтеке би кенттік клубы жанындағы «Атамұра» ардагерлер халықтық ансамблі және Қазалы қалалық мәдениет Үйі жанындағы Халық театры бекітілген жоспарға сәйкес ауданымызда ұйымдастырылатын іс-шараларда өнер көрсетіп халыққа мәдени көпшілік қызмет көрсетіп келеді.

Осы жылдың 22-29 қаңтар күндері аудандық мәдениет Орталығы жанындағы Ж.Тұрсынов атындағы халықтық театрының ұйымдастыруымен белгілі жазушы-драматург, Парламент Сенатының депутаты Жабал Ерғалиевтің «Жан шырылы» атты пьесасынан «Есігімді қаққан кім?» атты спектакльді Басықара, Қ.Пірімов, Жалаңтөс, Ақтан батыр, Жанқожа батыр ауылдарының халқына ұсынды. 26 ақпан күні «Мелодия»  халықтық орыс ұлт- аспаптар ансамблі мен «Әуезовтер» отбасылық ансамблінің есепті концерті ұсынылды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауына және Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай аудандық мәдениет Орталығы жанындағы №1,2 жылжымалы мәдени-демалыс кешендері  5-7 ақпан күндері Алтай, Ойынды, Көбек, Тасөткел елді мекендеріне барып, насихаттау жұмыстарын жүргізді.

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша   26 кітапхана халыққа рухани қызмет көрсетеді.

Биылғы жылы облыстық трансферттен 890,0 мың теңге бөлініп, алдағы уақытта жоспарға сәйкес оқырмандарға арналған кітаптар сатып алынады.

2020 жылдың І тоқсаны бойынша кітапхана саласы бойынша 250 шара өтізіліп, 138 көрме ұйымдастырылды. Кітап қоры-572416, түскен кітап саны-817, оқырман саны-7367, келуші саны-57975, кітаптың берілімі-113395.

Тарихи-мәдени ескерткіштерге байланысты  Қазіргі таңда, Қазалы ауданында мемлекет қорғауына алынған 6 республикалық дәрежедегі,  53 жергілікті санаттағы және 40 алдын-ала есепке алынған, барлығы 99 тарихи-мәдени ескерткіш бар. Оның 93-і қала құрылысы және сәулет нысандары болса, 6-ы археологиялық  ескерткіш.

Жыл сайын ескерткіштердің есеп карточкалары, төлқұжаттарын әзірлеуге, қорғау аймағын белгілеуге, ғылыми-сараптама жұмыстарын жүргізуге, қорғау тақталарын орнатуға аудандық бюджеттен қаржы бөлінуде. Биылғы жылы бөлінген 1050,0 мың теңге қаржыға жергілікті санаттағы  4 ескерткішке қорғау аймағын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және табиғат ландшафты аймақтарын белгілеу мен орнату жұмыстарын жүргізуге «Антик» халықаралық ғылыми-зертеу орталығы, ЖШС-мен келісім-шарт жасалды. Жұмысты аяқтау 2020 жылдың 30 тамызына дейін жоспарланды.

Аудан бойынша орналасқан ескерткіштерді көпшілікке кеңінен насихаттау мақсатында, жергілікті және облыс көлеміндегі БАҚ-да ескерткішткер туралы мақалалар жарияланып, бейнетүсірілімдер көрсетілуде.

Алтын Орданың 750 жылдығына орай,  2020 жылдың 8 сәуірінде онлайн форматта «Алтын Орда – Қазақ мемлекеттігінң негізі» атты аудандық, ғылыми-практикалық конференциясы өткізіліп, Алтын Орда кезеңіне жататын археологиялық және сәулет ескерткіштері туралы жан-жақты талқыланып, «Фейсбук» әлеуметтік желісі арқылы көпшілікке ұсынылды.

Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру  бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытында тиісті жұмыстар атқарылды. Мемлекеттік органдарда іс-қағаздардың мемлекеттік тілде жүргізу көлемі мен сапасын арттыру мақсатында аудан әкімдігі, дербес бөлімдер мен ауылдық округтерден тоқсан сайын құжат айналымы туралы мәліметтер жинақталып, оларға талдау жұмыстары жүргізілуде.

2020 жылдың 3 айы бойынша аудан әкімі аппараты, қала, кент, ауылдық округтер мен дербес бөлімдерде 11209  хат мемлекеттік тілде шығысталса, 20639 хат мемлекеттік тілде, 199 хат орыс тілінде кірістелді.

Көрнекі ақпараттардың пайдаланылуын бақылау бойынша 2020 жылы 17 қаңтарда «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы жанынан «Таза тіл» жастар тобы құрылды. «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» Заңының 21-бап талаптарының орындалуы бойынша аудандық мәдениет  және тілдерді дамыту бөлімі, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі, аудандық ішкі саясат бөлімі, «Жас Отан» жастар қанаты, аудандық «Қазақ тілі» қоғамы, Әйтеке би кенті әкімдігі бірлесе отырып кәсіпкерлік нысан иелеріне заң талаптары түсіндірілді.

2020 жылдың 3 айында «Таза тіл» жастар тобы көрнекі ақпараттар көп шоғырланған Әйтеке би кентінің орталық көшелеріндегі 30 жуық кәсіпкерлік объектілерді аралап, «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» Заңының 21-бап талаптары жазылған парақшалар таратылды.

Сондай-ақ, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мақсатында аудан орталығы Әйтеке би кенті мен ауылдық округтерде әлеуметтік билбордтар ілінді.

Ономастикалық жұмыстар бойынша, 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағы өтуіне байланысты а.ж 1 қаңтар мен 31 желтоқсанаралығындағы кезеңде әкімшілік аумақтық бірліктерге, құрамдас бөліктерге атау беру, олардың атауын өзгерту бойынша жұмыстарды тоқтату жөніндегі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2019 жылғы 21 қыркүйектегі No19-377-4 тапсырмасына сәйкес, өңірлік ономастикалық комиссиялардың жұмысы уақытша тоқтатылды.

 Көше қиылыстарына аншлагтар орнату, ғимараттардың  маңдайшаларына көше атауларын жазу жұмыстары жүргізілуге байланысты бірқатар жұмыстар атқарылды.   

...
Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша 2
019 жылы атқарылған жұмыстары туралы

         Қазіргі таңда мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мәдениет Орталығы, 26 кітапхана және кент, қала, ауылдық округ әкімі аппараттарына қарасты 6 мәдениет Үйі мен 17 клуб, барлығы 50 мекеме халыққа қызмет көрсетеді.

Мәдениет ошақтарының материалдық - техникалық базасын нығайтуға 2019 жылы мәдениет ошақтарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға аудандық бюджеттен 29986,8 мың теңге бөлінді. Оның ішінде мәдениет бөліміне кеңсе жиһаздары мен компьютер жиынтықтары, аудандық мәдениет Орталығына дыбыс күшейіткіш аппаратура, жарық беру аппараты, компьютер жиынтықтары, жасанды көгал (искуственный газон), электрлі генераторы, Ү.Түктібаев ауылдық клубына дыбыс күшейіткіш аппаратура, сахналық киім, Қожабақы ауылдық мәдениет Үйіне видеопроектр және экран, 1 дана компьютер, Ақтан батыр ауылдық клубына 4 дана домбыра, 1 дана қобыз және 12 дана концерттік киім, Әйтеке би кентттік клбуына видео проектр мен фотоаппарат, Жанқожа батыр ауылдық мәдениет Үйіне кинопроектр, басқару пульті алынды.

Мәдени шараларды өткізуге  жергілікті бюджеттен 14874,0 теңге бөлінді. Барлығы жоспарға сәйкес 1068 мәдени шара өткізіліп, оған 157538 көрермен қатысты.

Ауданда өткізілген ұлттық, мемлекеттік, кәсіптік және өзге де мерекелер - қалың жұртшылықты тарту, оларды рухани – мәдени топтастыру, еліміздегі жетістіктер мен адамгершілік, имандылық құндылықтарды насихаттауға бағытталды. Жыл басынан бері өткізілген іс-шаралардың басым бөлігі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына және Жастар жылына арналды.

Атап айтар болсақ, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, көрнекті қаламгер, публицист жазушы Әлмәмбет Әлішевтің 80 жасқа толу мерейтойына арналған «Бәйтеректің бұтағы» атты салтанатты кеші республикалық дәрежеде аталып өтілсе, ақын-драматург, Р.Жанайдың 75 жылдығына орай «Ақынның тағылымды өнегесi»  атты әдеби – сазды кешi мен «Шоқтығы биік тұлға» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өткізілді. Ф.Оңғарсынованың 80 жылдығына орай «Әсем үн, маржан сөз» атты жас жазба ақындар мүшәйрасы, күйші, қобызшы, музыкант Махамбет және Роман Әуезовтердің атындағы облыстық «Қастерлеп жүрсін-өнеріңді ұрпағың» атты отбасылық фольклорлық ансамбльдердің байқауы, белгілі жыршы Әмитжан Бөріқұлақовтың 90 жылдығына арналған «Жыр тербеткен жүрегін» атты облыстық жыршы-термешілер байқауы, жезтаңтай әнші М.Ералиева атындағы «Ақ баян» атты облыстық әншілері байқауы, Қазалы қаласында «Ретро - ән» вокальды аспапта ойнаушылардың облыстық  фестивалі, Бекарыстан би ауылдық мәдениет Үйінде «Әнге айналған – Туған жер!» атты облыстық әуесқой сазгерлер байқауы, Әйтеке Байбекұлының 375 жылдығына орай «Бабадан қалған-аманат» атты аудандық жас ақындар айтысы, Қарасақал Ерімбет 175 жылдығына орай «Ұлағат сөзім ұрпаққа» атты аудандық жыршы-термешілер байқауы, Мүсірәлі Жәдікұлының 380 жылдық мерейтойына орай «Үш жүздің пірі-Мүсірәлі» атты аудандық ақындар мүшәйрасы, «Жас талант» атты ән, би, терме, эстрада әншілерінің байқауы, Ән көгіндегі жұлдыздар" атты аудандық әншілер фестивалі, Өркендеу ауылдық клубы мен Бекарыстан би ауылдық мәдениет Үйінде «Мәдениеттің бастауы клубтардан» және «Болашаққа үміт, жастарға сенім!» атты аудандық дәрежеде семинарлар өткізілді.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында қазақтың ежелден келе жатқан салт-дәстүрін кеңінен жандандыру мақсатында, атқа міну мен киіз үй мәдениетін насихаттауда үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып, Әйтеке би кентіндегі «Жеңіс» саябағында «Жаздағы жайлау» жобасы мәресіне жетті. Жаз бойы мәдениет Орталығы орналасқан «Жеңіс» саябағында атқа міну, қыз қуу, ұлттық тағамдар әзірлеу, әжелер, келіндер сайысы сияқты іс-шаралар көрермендер көңілінен шықты.

Биылғы жылдың бір ерекшілігі ауыл мәдениетін көтеру мақсатында әр ауылдың «Ауыл күні» мерекесі белгіленіп, нәтижесінде Өркендеу, Кәукей, Бозкөл, Қ.Пірімов, Жанқожа батыр, Қожабақы, Ғ.Мұратбаев, Сарбұлақ, Шәкен ауылдарында мәдени көпшілік іс-шаралармен қатар қой көтеру, арқан тартыс, асық ойнау, ат жарыс сияқты тағы басқа да спорт ойындары өткізілді.

Үйірмелер бойынша ауылдық мәдениет Үйлері мен клубтар жанынан барлығы 123 үйірме жұмыс жасаса, оларға 1447 қатысушы тартылған. Оның ішінде: 8-халықтық ұжым, терме, би, ән, домбыра, қобыз, драма,   ақындар, әжелер ансамблі, вокалдық аспаптар ансамблі, «Қазалы қалжыңы» ойын-сауық отауы, №1 және №2 жылжымалы мәдени-демалыс кешендері, Әжелер ансамблі, «Қазалым-наз әнім» үгіт керуені, қуыршақ балалар театры, «Ақжелең» бишілер, «Сейхун» этно-рок тобы және тағы басқа үйірмелер жұмыс жасайды.

Сонымен қатар, халықтық атағы бар аудандық мәдениет Орталығы жанындағы Ж.Тұрсынов атындағы халық театры, «Қорқыт сазы» фольклорлық ансамблі, «Мырза» атындағы халық оркестрі, «Әуезовтер отбасы», «Мелодия» орыс ұлттық аспаптар ансамблі, Жанқожа батыр ауылдық мәдениет Үйі жанындағы халық театры, Әйтеке би кенттік клубы жанындағы «Атамұра» ардагерлер халықтық ансамблі және Қазалы қалалық мәдениет Үйі жанындағы Халық театры бекітілген жоспарға сәйкес ауданымызда ұйымдастырылатын іс-шараларда өнер көрсетіп халыққа мәдени көпшілік қызмет көрсетіп келеді.

Биылғы жылдың қазан айында аудандық мәдениет Орталығы жанындағы «Қорқыт сазы» фольклорлық халықтық ансамблінің есеп беру концерті өткізілсе, жыл басында бекітілген жоспарға сәйкес «Атамұра» ардагерлер халықтық ансамблі Қазалы ауданы көлеміндегі елді мекендерді аралап халыққа өнерлерін ұсынды.

Қазалы аудандық мәдениет Орталығы жанындағы «Сейхун» этно-рок ансамблі, Қызылорда қаласында өткізілген «Мереке» вокалды аспапты ансамбілінің 30 жылдық мерейтойына арналған облыстық вокальды –аспапты ансамбльдерінің байқауында үздік өнер көрсетіп І-дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен бірге Қызылорда қаласында «Қорқыт және Ұлы дала сазы» атты халықаралық фольклорлық-музыкалық өнер фестивалінде Түркия, Иран, Грузия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғыстан елдерінің өнерпаздарымен бірге өнерлерін халыққа ұсынса, Қызылорда қаласы мен Жаңақорған ауданында өткізілген «Көне дәуір күмбірі» атты облыстық заманауи этникалық музыка фестиваліне қатысып жоғары дәрежеде өнер көрсетті.

Құрылыс жұмыстары бойынша: Майлыбас ауылдық округіне қарасты Ақсуат ауылына жаңадан 150 орындықты  клуб құрылысын салу мақсатында                   7,2 мың теңге бөлініп, жоба сметалық құжаттары дайындалды.  Осы жылдың                        16 қыркүйегінде облыс әкімдігі арқылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне 230,8 млн. теңгеге және 2020 жылға облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды.

Сонымен қатар, Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентінен                            600 орындықты мәдениет Үйінің құрылысының жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта ғимараттың 2-ші қабатының құрылысы мен ішкі қабырғаларына сылау жұмыстары жүргізілуде.

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша                           26 кітапхана халыққа рухани қызмет көрсетеді. Биылғы жылы аудандық бюджеттен 1,4 млн. теңге бөлініп, аудандық орталық кітапхана ғимаратынан «КОВОРКИНГ» орталығы ашылды. Қазіргі таңда, «КОВОРКИНГ» орталығында аудан көлеміндегі мекемелер мен кәсіпорындар, үкіметтік емес ұйымдар түрлі семинар кеңестер, дөңгелек үстелтер және тағы басқа іс-шаралар өткізілуде.

Биылғы жылы облыстық трансферттен 848,0 мың теңге бөлініп, барлығы               360 дана кітап сатып алынды.

Қазалы аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Жыр – Жауһар» атты жас ақындардың әдеби клубы жобасы, облыстық жобалық кеңсе отырысында мақұланды. Жобалық басқару шеңберінде ұйымдастырылған жас ақын-жазушылардың әдеби клубы аясында, Қазақстанның Халық Жазушысы, белгілі әдебиет зерттеушісі Әбділда Тәжібаевтың 110 жылдығына орай «Даналықтың дара шыңы» атты тақырыпта жасөспірімдер арасында  әдеби марафон,  Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, драматург Р.Жанайдың туғанына 75 жыл толуына орай «Шоқтығы биік тұлға» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері, ақын Ж.Мәкеналының өмірі мен шығармашылығына арналған  «Жыр-ғұмыр»  атты жас ақындар мүшайрасы, «Жыр – Жауһар» әдеби клубы аясында  «Алтын бесік – Атамекен» атты жас ақындар байқаулары өткізілді.

2019 жылы кітапхана саласы бойынша 948 шара өтізіліп, 538 көрме ұйымдастырылды. Кітап қоры-569843, түскен кітап саны-5437, оқырман саны-2800, келуші саны-288430, кітаптың берілімі-508125.

Тарихи-мәдени ескерткіштерге байланысты  Қазіргі таңда, Қазалы ауданында мемлекет қорғауына алынған 6 республикалық дәрежедегі,                  53 жергілікті санаттағы және 40 алдын-ала есепке алынған, барлығы                     99 тарихи-мәдени ескерткіш бар. Оның 93-і қала құрылысы және сәулет нысандары болса, 6-ы археологиялық  ескерткіш.

Осы уақытқа дейін аталған 99 тарихи-мәдени ескерткіштің 93-не қорғау тақталары орнатылып, төлқұжаттары дайындалды. Соңғы алынған                             6 ескерткіш алдағы уақытта қолға алынатын болады.

Облыстық комиссияның 2019 жылғы 14 наурыздағы №1 хаттамасымен Қазалы ауданы бойынша тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне жаңадан 4 ескерткіш (олар:Тапа қорымы және қонысы, Ақтау кесенесі, Сарыбура кесенесі, Әйтеке би ескерткіші) енгізілді.

Биылғы жылы аудан көлемінде орналасқан алдын-ала тізімге енгізуге 6 тарихи-мәдени ескерткіш (Жалаңтөс баһадүр мавзолейі, Асандар көтерілісіне арналған мүсін, Бегімі Ана мүсіні, Қара Бура әулие мазары, Қожа Бақы әулие кесенесі, Қаратөбе (Қарауылтөбе) бекінісі) ұсынылды.

Жыл сайын ескерткіштердің есеп карточкаларын, төлқұжаттарын әзірлеуге, қорғау аймағын белгілеуге, ғылыми-сараптама жұмыстарын жүргізуге, қорғау тақталарын орнатуға аудандық бюджеттен қаржы бөлінуде. 2019 жылы бөлінген  1 млн. теңгеге 4 ескерткіштің (Бақатам, Жанқожа батыр кесенелері, Сараман-Қоса мұнарасы, Әзілхан ишан мешіті) қорғау аймағын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және табиғат ландшафты аймақтарын белгілеу мен орнату жұмыстары жүргізіліп, құжаттары әзірленді.

18 сәуір Халықаралық ескерткіштер күні мерекесіне орай ауданымызда орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштердің көрмесі өткізілді. Көрмеге кент, қала және ауылдық округтерде орналасқан ескерткіштердің көлемді фотосуреті қойылып, көрермендерге ұсынылып, көрмеге қатысушыларға арнайы сыйлықтар мен дипломдар табысталды. Қазалы қаласындағы республикалық санаттағы ескерткіш Ғанибай Үйіне республикалық бюджет есебінен қайтажаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Жанкент қалашығына облыстық бюджеттен бөлінген 8 млн. теңге бөлініп, археологиялық қазба, зерттеу жұмыстары және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан қалашықтың шығыс қорғаныс қабырғасына 11 млн. теңгеге реставрациялық жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жаңадан 12 метр биіктіктегі «JANKENT» стеласын орнатуға облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, бүгінгі күні қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде.

         Сонымен қатар, Жанкент қалашығына туристік саяхат жасау қолға алынып, ауданымыздағы кент, қала, ауылдық округтердегі мектеп оқушылары мен көршілес Байқоңыр қаласынан 100-ге жуық туристер саяхат жасады.

Биылғы жылы Сырдария өзенінің тасуы салдарынан Майдакөл ауылдық округіндегі, Әлсейіт өткелі маңындағы,  алдын-ала есепке алынған Асандар көтерілісінің 70 жылдығына арналған ескерткіш-белгісіне ауданға белгілі тұлғалардың және Алға, Ақжона, Майдакөл, Аранды ауылдық округ тұрғындарынан  демеушілікпен жиналған қаржыға жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында аудан әкімдігі тарапынан аудандағы жәдігерлер туралы «Қазалы қазынасы» атты кітап жазу қолға алынып, алдағы уақытта жарыққа шығарып, халық назарына ұсыну көзделуде.

Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру  бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытында тиісті жұмыстар атқарылды. Мемлекеттік органдарда іс-қағаздардың мемлекеттік тілде жүргізу көлемі мен сапасын арттыру мақсатында аудан әкімдігі, дербес бөлімдер мен ауылдық округтерден тоқсан сайын құжат айналымы туралы мәліметтер жинақталып, оларға талдау жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мақсатында аудан орталығы Әйтеке би кенті мен ауылдық округтерде әлеуметтік билбордтар ілінді.

Көрнекі ақпараттардың пайдаланылуын бақылау бойынша 2019 жылы «Таза тіл» жастар тобы көрнекі ақпараттар көп шоғырланған Әйтеке би кентінің орталық көшелеріндегі 50 жуық кәсіпкерлік объектілерді аралап, «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» Заңының 21-бап талаптары жазылған парақшалар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

2019 жылға мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытында іс-шаралар өткізу үшін аудандық бюджеттен 688,0 мың теңге бөлініп, жоспарға сәйкес,  «Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлері», «Ой сана», Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлері», «Пушкинские чтения», «Тіл шебері», «Тіл парасат», «Тілдарын», «Көп тілді меңгерген ұстаз», «Тілі бірдің – жүрегі бір»,  атты байқаулары мен «Латын әліпбиі - өркениет кілті» атты облыстық көшпелі семинар өткізілді.

2019 жылы аудандық ономастикалық жұмысшы топтың 2 отырысы өткізіліп, күн тәртібінде 7 объекті, 1 аллея, 25 көшеге атау беру туралы ұсыныстар қаралды. (онда 4 көшенің ұсынысы кейінге қайтарылса, 1 аллеяны және 1 объектіні көшеге беру жөнінде ұсыныс енгізілді). 

Нәтижесімен тиісті құжаттары заңнамаға сәйкес ресімделіп, облыстық ономастикалық комиссияға 6 объектіге, 24 көшеге атау беру жөнінде ұсыныстар жолданды. Облыстық ономастикалық комиссияның шешімімен 2 объектіге, 1 көпірге, 23 көшені қайта атау туралы оң қорытынды берілді. Кент, қала, ауылдық округ әкімдерінің шешімдері шығарылып, Әділет басқармасына тіркеліп, «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне енгізілді.

...

Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша 2019 жылдың ІІІ тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы

         Қазіргі таңда мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мәдениет Орталығы, 26 кітапхана және кент, қала, ауылдық округ әкімі аппараттарына қарасты 6 мәдениет Үйі мен 17 клуб, барлығы 50 мекеме халыққа қызмет көрсетеді.

Мәдениет ошақтарының материалдық - техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен 22158,0 мың теңге бөлініп, оның ішінде  аудандық мәдениет Орталығына 15000,0 мың теңгеге  дыбыс күшейіткіш аппаратура және жарық беру аппараты, 658,6 мың теңгеге компьютер жиынтықтары,  Ү.Түктібаев ауылдық клубына 4000,0 мың теңгеге  дыбыс күшейіткіш аппаратура, 1000,0 мың теңгеге сахналық киім, Қожабақы ауылдық мәдениет Үйіне 300,0 мың теңгеге видеопроектр және экран, Аранды ауылдық клубына 200,0 мың теңгеге 1 дана компьютер жиынтығы, Ақтан батыр ауылдық клубына 1100,0 мың теңгеге 4 дана домбыра,                  1 дана қобыз және 12 дана концерттік киімдер алынды.

Мәдени шараларды өткізуге байланысты мәдениет Үйлері мен клубтарға барлығы жергілікті бюджеттен 10924,0 теңге бөлініп,  7497,0 мың теңгесі игерілді. 2019 жылдың 9 айында 728 мәдени шара өткізіліп, 94008 көрермен қатысты.

Барлық мәдениет үйлері мен клубтарда, кітапханаларда Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» орай «Қорқыт мұралары-түркі халықтарының рухани қазынасы», Жастар жылы аясында Р.Жанайдың 75 жылдығына «Шоқтығы биік тұлға», Ф.Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойына "Әсем үн, маржан сөз",  «Әнші балапан» «Жігіттер сұлтаны» «Сиқырлы би өнері» атты аудандық байқаулары, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, көрнекті қаламгер, публицист жазушы Әлмәмбет Әлішевтің 80 жасқа толу мерейтойына арналған «Бәйтеректің бұтағы» атты салтанатты кеші, Әйтеке Байбекұлының 375 жылдығына орай «Бабадан қалған-аманат» атты аудандық ақындар айтысы, «Талантыңмен таң қалдыр» атты өнер байқауы, «Айгөлек» атты аудандық бишілер байқауын, Жанай Рүстем Iдiрұлының 75 жылдығына  орай  еске алу мақсатында өткізілетін “Ақынның тағылымды өнегесi”  атты әдеби – сазды кешi, Қарасақал Ерімбет 175 жылдығына орай "Ұлағат сөзім ұрпаққа" атты аудандық жыршы-термешілер байқауы, Мүсірәлі Жәдікұлының 380 жылдық мерейтойына орай "Үш жүздің пірі-Мүсірәлі" атты аудандық ақындар мүшәйрасы, Қалалық мәдениет Үйінде «Жастар жылы» бағдарламасына орай «Жас талант» атты ән, би, терме, эстрада әншілерінің байқауы, Әйтеке би кенттік клубында «Әнші  болғым  келеді» атты  балабақшалар  арасында  тәрбиеші  мен   тәрбиеленушілердің  аудандық байқауы, Өркендеу ауылдық клубында «Мәдениеттің бастауы клубтардан» атты аудандық семинары, Лақалы ауылдық клубында Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың туылғанына 95 жыл, Ұлы Отан соғысына қатысқан, рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаевтың туылғанына 95 жыл толуына орай  «Тілегіміз бейбіт күн» атты арналған аудандық патриоттық ән байқауы, Бекарыстан би ауылдық мәдениет Үйінде «Болашаққа үміт, жастарға сенім!» атты аудандық семинар және өнер фестивалі, Бозкөл ауылдық мәдениет Үйінде Сырдың  шайыр ақыны,Қарасақал Ерімбет Көлдейбекұлының туғанына 175 жыл толуына және «Жастар жылы» аясында  «Шырын сөздің шебері» атты  аудандық  жазба ақындар мүшәйрасы, Кәуеей ауылдық клубында «Біз салған әндер» атты көше әндерін орындаудан, өнерпаз әншілер байқауы, Абай ауылдық клубы Сатирик Толымбек Әлімбекұлының 65 жасқа толуына орай «Күле білгеніміз-өмір сүре білгеніміз» атты аудандық әзіл-сықақ үйірмелер байқауы өткізілді. Сонымен қатар аудандық орталықтандырылған кітапханада «Коворкинг» орталығы ашылды. Бұндай іс-шаралар бекітілген жоспарға сәйкес жыл көлемінде өткізіледі.

Сонымен қатар, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары аясында әлеуметтік желіде қызу талқылануда. «Жастар жыл»және «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» бағыты туралы атқарылатын мәдени-көпшілік жұмыстар ұйымдастырылуда. Әр апталықта тақырыпқа сай материялдар дайындалып, әлеуметтік желіге орналастырылды және олар жұртшылықтың қызығушылығын тудырды. Осы тапсырмаларға сәйкес кейбір ауылдардың интернет жүйесінің нашар жұмыс жасауына қарамастан ауылдық мәдениет клубтары белсене қатысты.

Алдағы қазан, қараша, желтоқсан айларында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары аясында, белгілі жыршы Әмитжан Бөріқұлақовтың 90 жылдығына арналған «Жыр тербеткен жүрегін» атты облыстық жыршы-термешілер, күйші, қобызшы, музыкант Махамбет және Роман Әуезовтердің атындағы облыстық «Қастерлеп жүрсін-өнеріңді ұрпағың» атты отбасылық фольклордық ансамбльдердің, дәстүрлі «Жанкент-Қорқыт-Қобыз» атты облыстық қобызшылар, «Әнге айналған – Туған жер!» атты облыстық әуесқой сазгерлер байқауларын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Үйірмелер бойынша ауылдық мәдениет Үйлері мен клубтар жанынан барлығы 122 үйірме жұмыс жасаса, оларға 1448 қатысушы тартылған. Оның ішінде: 8-халықтық ұжым, 7-терме, 22-би, 24-ән, 12-домбыра, 21-драма,  4-ақындар, 2-әжелер ансамблі, вокалдық аспаптар ансамблі, «Қазалы қалжыңы» ойын-сауық отауы, №1 және №2 жылжымалы мәдени-демалыс кешендері, Әжелер ансамблі, «Қазалым-наз әнім» үгіт керуені, қуыршақ балалар театры, «Ақжелең» бишілер тобы, «Сейхун» этно-рок тобы және тағы басқа үйірмелер жұмыс жасайды.

Құрылыс жұмыстары бойынша: Майлыбас ауылдық округіне қарасты Ақсуат ауылына жаңадан 150 орындықты  клуб құрылысын салу мақсатында                   7,2 мың теңге бөлініп, жоба сметалық құжаттары дайындалды.  Осы жылдың                        16 қыркүйегінде облыс әкімдігі арқылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне 230,8 млн. теңгеге бюджеттік өтінім тапсырылды.

Сонымен қатар, Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентінен                            600 орындықты мәдениет Үйінің құрылысының жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта ғимараттың 2-ші қабатының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 26 кітапхана халыққа рухани қызмет көрсетеді.

2019 жылға Қазалы ауданы бойынша 44 жерге көше кітапханасын ашу жоспарлануда. Сондай-ақ биылғы жылы аудандық бюджеттен 1,4 млн.теңге бөлініп «КОВОРКИНГ» орталығы ашылды. Сонымен бірге биылғы жылы облыстық трансферттен 848,0 мың теңге бөлінді, жоспарға сәйкес қажетті кітаптар сатып алынуда.

2019 жылдың  9 айында кітапхана саласы бойынша 707 шара өтізіліп, 396 көрме ұйымдастырылды. Кітап қоры-569843, түскен кітап саны-1768, оқырман саны-21839, келуші саны-197478, кітаптың берілімі-388416.

Тарихи-мәдени ескерткіштерге байланысты  Қазіргі таңда, Қазалы ауданында мемлекет қорғауына алынған 6 республикалық дәрежедегі, 53 жергілікті санаттағы және 40 алдын-ала есепке алынған, барлығы 99 тарихи-мәдени ескерткіш бар. Оның 93-і қала құрылысы және сәулет нысандары болса, 6-ы археологиялық  ескерткіш.

Осы уақытқа дейін аталған 99 тарихи-мәдени ескерткіштің 93-не қорғау тақталары орнатылып, төлқұжаттары дайындалды. Соңғы алынған 6 ескерткіш алдағы уақытта қолға алынатын болады. Сондай-ақ теңгерімге ұстаушы мекемелермен үш жақты қорғау міндеттемелері жасалды. 2018 жылы алдын-ала тізімге алынған Сартай батыр кесенесі, тағы басқа да мешіттер Әділет басқармасы арқылы иесіз мүлік ретінде есепке алынды.

Алдағы уақытта Дәулет бақсы, Өтебас әулие зираттарын, Адам ата, Қожа Бақы, Қаратөбе қалашығын тарихи-мәдени ескерткіштерді тізіміне енгізу жоспарда бар. Облыстық комиссияның 2019 жылғы 14 наурыздағы №1 хаттамасымен Қазалы ауданы бойынша тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне жаңадан               4 ескерткіш (Тапа қорымы және қонысы, Ақтау кесенесі, Сарыбура кесенесі, Әйтеке би ескерткіші) енгізілді.

Сондай-ақ, Қызылорда облысының Рухани жаңғыру орталығымен (Н.Мыңжас) бірлесіп, осы жылдың қыркүйек айында Қазалы ауданындағы ескерткіштердің жәй-күйімен танысып, зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Қазалы қаласындағы республикалық санаттағы ескерткіш Ғанибай Үйіне республикалық бюджет есебінен қайтажаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Республикалық маңызы бар ескерткіш Жанкент қалашығына археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде. Қазба жұмыстарының нәтижесінде аталған қаланың      4 рет жаңғыртылғаны дәлелденіп отыр. Алдағы уақытта, Жанкент қалашығының кіре-берісіне жаңадан стелла орнатылып, қайта қоршау жұмыстары жүргізіледі.

Қазіргі таңда, Жанкент қалашығына туристік саяхат жасау қолға алынып, ауданымыздағы №216, 266, 170 мектеп оқушылары мен көршілес Байқоңыр қаласынан 100-ге жуық туристер саяхат жасады.

 18 сәуір Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні мерекесіне орай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық көрме өткізілді. Көрмеге кент, қала және ауылдық округтерде орналасқан ескерткіштердің көлемді фотосуреті қойылып, көрермендерге ұсынылды.

Биылғы жылы еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында аудан әкімдігі аудандағы жәдігерлер туралы кітап жазуды қолға алды.

Жыл сайын ескерткіштердің қорғау аймағын белгілеуге, ғылыми-сараптама жұмыстарын жүргізуге, қорғау тақталарын орнатуға аудандық бюджеттен қаржы бөлінуде. Биылғы жылы бюджеттен бөлінген 1,0 млн теңге бөлініп, 4 ескерткіштің қорғау аймағы жасалынды.

Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру «Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытында төмендегі жұмыстар атқарылды. Мемлекеттік органдарда іс-қағаздардың мемлекеттік тілде жүргізу көлемі мен сапасын арттыру мақсатында аудан әкімдігі, дербес бөлімдер мен ауылдық округтерден тоқсан сайын құжат айналымы туралы мәліметтер жинақталып, оларға талдау жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мақсатында аудан орталығы Әйтеке би кенті мен ауылдық округтерде әлеуметтік билбордтар ілінді.

Көрнекі ақпараттардың пайдаланылуын бақылау бойынша 2019 жылы «Таза тіл» жастар тобы көрнекі ақпараттар көп шоғырланған Әйтеке би кентінің орталық көшелеріндегі 20 жуық кәсіпкерлік объектілерді аралап, «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» Заңының 21-бап талаптары жазылған парақшалар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 2019 жылға мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытында іс-шаралар өткізу үшін аудандық бюджеттен 688,0 мың теңге бөлініп, тілге байланысты мәдени шаралар ұйымдастырылуда. Жоспарға сәйкес,  «Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлері», «Ой сана», Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлері», «Пушкинские чтения» атты байқаулары мен «Латын әліпбиі - өркениет кілті» атты облыстық көшпелі семинар өткізілді.

Алдағы уақытта «Тіл шебері», «Көп тілді меңгерген ұстаз», «Тілі бірдің – жүрегі бір», «Тілдарын», «Тіл парасат» аудандық байқаулары өткізіледі.

...

Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша  2019 жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы

Қазіргі таңда мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мәдениет Орталығы, 26 кітапхана және кент, қала, ауылдық округ әкімі аппараттарына қарасты 6 мәдениет Үйі мен 17 клуб, барлығы 50 мекеме халыққа қызмет көрсетеді.

Мәдениет саласын жергілікті бюджеттен қаржыландыруға жыл басында бөлінгені 619477,0 м.т. 6 айда игерілгені – 343925,0 м.т.

Мәдениет ошақтарының материалдық - техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен 21158,0 мың теңге бөлініп, оның ішінде  аудандық мәдениет Орталығына 15000,0 мың теңгеге  дыбыс күшейіткіш аппаратура және жарық беру аппараты, 658,6 мың теңгеге компьютер жиынтықтары,  Ү.Түктібаев ауылдық клубына 4000,0 мың теңгеге  дыбыс күшейіткіш аппаратура, 1000,0 мың теңгеге сахналық киім, Қожабақы ауылдық мәдениет Үйіне 300,0 мың теңгеге видеопроектр және экран, Аранды ауылдық клубына 200,0 мың теңгеге 1 дана компьютер жиынтығы алынды.

Мәдени шараларды өткізуге байланысты мәдениет Үйлері мен клубтарға барлығы жергілікті бюджеттен 8346,0 теңге бөлініп,  6397,7 мың теңгесі игерілді. 2019 жылдың 6 айында 500 мәдени шара өткізіліп, 71482 көрермен қатысты.

Барлық мәдениет үйлері мен клубтарда, кітапханаларда Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» орай «Қорқыт мұралары-түркі халықтарының рухани қазынасы», Жастар жылы аясында Р.Жанайдың 75 жылдығына «Шоқтығы биік тұлға», Ф.Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойына "Әсем үн, маржан сөз",  «Әнші балапан» «Жігіттер сұлтаны» «Сиқырлы би өнері» атты аудандық байқаулары, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, көрнекті қаламгер, публицист жазушы Әлмәмбет Әлішевтің 80 жасқа толу мерейтойына арналған «Бәйтеректің бұтағы» атты салтанатты кеші, Әйтеке Байбекұлының 375 жылдығына орай «Бабадан қалған-аманат» атты аудандық ақындар айтысы, «Талантыңмен таң қалдыр» атты өнер байқауы, «Айгөлек» атты аудандық бишілер байқауын, Қалалық мәдениет Үйінде «Жастар жылы» бағдарламасына орай «Жас талант» атты ән, би, терме, эстрада әншілерінің байқауы, Әйтеке би кенттік клубында «Әнші  болғым  келеді» атты  балабақшалар  арасында  тәрбиеші  мен   тәрбиеленушілердің  аудандық байқауы, Өркендеу ауылдық клубында «Мәдениеттің бастауы клубтардан» атты аудандық семинары, Лақалы ауылдық клубында Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың туылғанына 95 жыл, Ұлы Отан соғысына қатысқан, рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаевтың туылғанына 95 жыл толуына орай  «Тілегіміз бейбіт күн» атты арналған аудандық патриоттық ән байқауы, Бекарыстан би ауылдық мәдениет Үйінде «Болашаққа үміт, жастарға сенім!» атты аудандық семинар және өнер фестивалі, Бозкөл ауылдық мәдениет Үйінде Сырдың  шайыр ақыны,Қарасақал Ерімбет Көлдейбекұлының туғанына 175 жыл толуына және «Жастар жылы» аясында  «Шырын сөздің шебері» атты  аудандық  жазба ақындар мүшәйрасы, Кәуеей ауылдық клубында «Біз салған әндер» атты көше әндерін орындаудан, өнерпаз әншілер байқауы, Абай ауылдық клубы Сатирик Толымбек Әлімбекұлының 65 жасқа толуына орай «Күле білгеніміз-өмір сүре білгеніміз» атты аудандық әзіл-сықақ үйірмелер байқауы өткізілді. Сонымен қатар аудандық орталықтандырылған кітапханада «Коворкинг» орталығы ашылды. Бұндай іс-шаралар бекітілген жоспарға сәйкес жыл көлемінде өткізіледі.

Сонымен қатар, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары аясында әлеуметтік желіде қызу талқылануда. «Жастар жыл»және «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» бағыты туралы атқарылатын мәдени-көпшілік жұмыстар ұйымдастырылуда. Әр апталықта тақырыпқа сай материялдар дайындалып, әлеуметтік желіге орналастырылды және олар жұртшылықтың қызығушылығын тудырды. Осы тапсырмаларға сәйкес кейбір ауылдардың интернет жүйесінің нашар жұмыс жасауына қарамастан ауылдық мәдениет клубтары белсене қатысты.

Үйірмелер бойынша ауылдық мәдениет Үйлері мен клубтар жанынан барлығы 122 үйірме жұмыс жасаса, оларға 1448 қатысушы тартылған. Оның ішінде: 8-халықтық ұжым, 7-терме, 22-би, 24-ән, 12-домбыра, 21-драма,  4-ақындар, 2-әжелер ансамблі, вокалдық аспаптар ансамблі, «Қазалы қалжыңы» ойын-сауық отауы, №1 және №2 жылжымалы мәдени-демалыс кешендері, Әжелер ансамблі, «Қазалым-наз әнім» үгіт керуені, қуыршақ балалар театры, «Ақжелең» бишілер тобы және тағы басқа үйірмелер жұмыс жасайды.

Құрылыс жұмыстары бойынша: Ақсуат  клуб кәсіпорнына 7,2 мың теңге бөлініп, сметалық құжат дайындалып, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына 208425,0 мың теңгеге бюджеттік өтінім тапсырылды.

Сонымен қатар, Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентінен                            600 орындықты мәдениет Үйінің құрылысының жұмыстары жүргізілуде.

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 26 кітапхана халыққа рухани қызмет көрсетеді.

2019 жылға Қазалы ауданы бойынша 44 жерге көше кітапханасын ашу жоспарлануда. Сондай-ақ биылғы жылы аудандық бюджеттен 1,4 млн.теңге бөлініп «КОВОРКИНГ» орталығы ашылды. Сонымен бірге биылғы жылы облыстық трансферттен 848,0 мың теңге бөлінді, жоспарға сәйкес қажетті кітаптар сатып алынуда.

2019 жылдың  6 айында кітапхана саласы бойынша 519 шара өтізіліп, 309 көрме ұйымдастырылды. Кітап қоры-569843, түскен кітап саны-1768, оқырман саны-15823, келуші саны-138315, кітаптың берілімі-268778.

Тарихи-мәдени ескерткіштерге байланысты  Қазіргі таңда, Қазалы ауданында мемлекет қорғауына алынған 6 республикалық дәрежедегі, 53 жергілікті санаттағы және 40 алдын-ала есепке алынған, барлығы 99 тарихи-мәдени ескерткіш бар. Оның 93-і қала құрылысы және сәулет нысандары болса, 6-ы археологиялық  ескерткіш.

Осы уақытқа дейін аталған 99 тарихи-мәдени ескерткіштің 93-не қорғау тақталары орнатылып, төлқұжаттары дайындалды. Соңғы алынған 6 ескерткіш алдағы уақытта қолға алынатын болады. Сондай-ақ теңгерімге ұстаушы мекемелермен үш жақты қорғау міндеттемелері жасалды. 2018 жылы алдын-ала тізімге алынған Сартай батыр кесенесі мен Қарасақал Ерімбет мешіті Әділет басқармасы арқылы иесіз мүлік ретінде есепке алынды.

Алдағы уақытта Дәулет бақсы, Өтебас әулие зираттарын, Қаратөбе қалашығын тарихи-мәдени ескерткіштерді тізіміне енгізу жоспарда бар.  Облыстық комиссияның 2019 жылғы 14 наурыздағы №1 хаттамасымен Қазалы ауданы бойынша тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне жаңадан 4 ескерткіш (Тапа қорымы және қонысы, Ақтау кесенесі, Сарыбура кесенесі, Әйтеке би ескерткіші) енгізілді.

Қазіргі таңда, Қазалы қаласындағы республикалық санаттағы ескерткіш Ғанибай Үйіне республикалық бюджет есебінен қайтажаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Республикалық маңызы бар ескерткіш Жанкент қалашығына археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде. Қаланың ескі үй тұрақтары қайта қалпына келтіріліп, аспан асты көрмесі ұйымдастырылуда.

18 сәуір Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні мерекесіне орай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық көрме өткізілді. Көрмеге кент, қала және ауылдық округтерде орналасқан ескерткіштердің көлемді фотосуреті қойылып, көрермендерге ұсынылды.

Жыл сайын ескерткіштердің қорғау аймағын белгілеуге, ғылыми-сараптама жұмыстарын жүргізуге, қорғау тақталарын орнатуға аудандық бюджеттен қаржы бөлінуде. Биылғы жылы бюджеттен бөлінген 1,0 млн теңге бөлініп, 4 ескерткіштің қорғау аймағы жасалынды.

Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру «Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытында төмендегі жұмыстар атқарылды. Мемлекеттік органдарда іс-қағаздардың мемлекеттік тілде жүргізу көлемі мен сапасын арттыру мақсатында аудан әкімдігі, дербес бөлімдер мен ауылдық округтерден тоқсан сайын құжат айналымы туралы мәліметтер жинақталып, оларға талдау жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мақсатында аудан орталығы Әйтеке би кенті мен ауылдық округтерде әлеуметтік билбордтар ілінді.

Көрнекі ақпараттардың пайдаланылуын бақылау бойынша 2019 жылы «Таза тіл» жастар тобы көрнекі ақпараттар көп шоғырланған Әйтеке би кентінің орталық көшелеріндегі 20 жуық кәсіпкерлік объектілерді аралап, «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» Заңының 21-бап талаптары жазылған парақшалар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 2019 жылға мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытында іс-шаралар өткізу үшін аудандық бюджеттен 688,0 мың теңге бөлініп, тілге байланысты мәдени шаралар ұйымдастырылуда. Жоспарға сәйкес,  «Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлері», «Ой сана», Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлері», «Пушкинские чтения» атты байқаулары өткізілді. Алдағы уақытта «Латын әліпбиі – келешектің кілті», «Тіл шебері», «Көп тілді меңгерген ұстаз», «Тілі бірдің – жүрегі бір», «Тілдарын», «Тіл парасат» аудандық байқаулары өткізіледі.

...
Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша 2019 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы

Қазіргі таңда мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мәдениет Орталығы, 26 кітапхана және кент, қала, ауылдық округ әкімі аппараттарына қарасты 6 мәдениет Үйі мен 17 клуб, барлығы 50 мекеме халыққа қызмет көрсетеді.

Мәдениет ошақтарының материалдық - техникалық базасын 2019 жылға аудандық мәдениет Орталығына аудандық бюджеттен бөлінген 15000,0 мың теңгеге дыбыс күшейіткіш аппаратура мен жарық беру аппараттары сатып алынды.

Үйірмелер бойынша ауылдық мәдениет Үйлері мен клубтар жанынан барлығы 120 үйірме жұмыс жасаса, оларға 1381 қатысушы тартылған. Оның ішінде: 8-халықтық ұжым, 7-терме, 22-би, 24-ән, 12-домбыра, 21-драма,  4-ақындар, 2-әжелер ансамблі, вокалдық аспаптар ансамблі, «Қазалы қалжыңы» ойын-сауық отауы, №1 және №2 жылжымалы мәдени-демалыс кешендері, Әжелер ансамблі, «Қазалым-наз әнім» үгіт керуені, қуыршақ балалар театры, «Ақжелең» бишілер тобы және тағы басқа үйірмелер жұмыс жасайды.

Мәдени шараларды өткізуге байланысты мәдениет Үйлері мен клубтарға барлығы жергілікті бюджеттен 8346,0 теңге бөлініп,  3052,8 мың теңгесі игерілді. 2019 жылдың І тоқсанында 254 мәдени шара өткізіліп, 37433 көрермен қатысты.

Барлық мәдениет үйлері мен клубтарда, кітапханаларда Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» орай «Қорқыт мұралары-түркі халықтарының рухани қазынасы», Жастар жылы аясында Р.Жанайдың 75 жылдығына «Шоқтығы биік тұлға», Ф.Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойына "Әсем үн, маржан сөз",  «Әнші балапан» «Жігіттер сұлтаны» «Сиқырлы би өнері» атты аудандық байқаулар өткізілді. Сонымен қатар аудандық орталықтандырылған кітапханада «Коворкинг» орталығы ашылды. Бұндай іс-шаралар бекітілген жоспарға сәйкес жыл көлемінде өткізіледі.

Сонымен қатар, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары аясында әлеуметтік желіде қызу талқылануда. «Жастар жыл»және «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» бағыты туралы атқарылатын мәдени-көпшілік жұмыстар ұйымдастырылуда. Әр апталықта тақырыпқа сай материялдар дайындалып, әлеуметтік желіге орналастырылды және олар жұртшылықтың қызығушылығын тудырды. Осы тапсырмаларға сәйкес кейбір ауылдардың интернет жүйесінің нашар жұмыс жасауына қарамастан ауылдық мәдениет клубтары белсене қатысты.

Құрылыс жұмыстары бойынша: 2018 жылға Ақсуат ауылына 150 орындықты жаңадан типтік ғимарат салу үшін аудандық бюджеттен жоба-сметалық құжаттарын дайындауға 7,2 млн. теңге қаралып, тиісті жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентінен 600 орындықты мәдениет Үйінің құрылысының жұмыстары жүргізілуде.

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 26 кітапхана халыққа рухани қызмет көрсетеді.

2019 жылға Қазалы ауданы бойынша 44 жерге көше кітапханасын ашу жоспарлануда. Сондай-ақ биылғы жылы аудандық бюджеттен 1,4 млн.теңге бөлініп «КОВОРКИНГ» орталығы ашылды. Сонымен бірге биылғы жылы облыстық трансферттен 848,0 мың теңге бөлінді, алдағы уақытта жоспарға сәйкес қажетті кітаптар алынатын болады.

2019 жылдың І тоқсанында кітапхана саласы бойынша 257 шара өтізіліп, 152 көрме ұйымдастырылды. Кітап қоры-569486, оқырман саны-8624, келуші саны-69036, кітаптың берілімі-135120.

Тарихи-мәдени ескерткіштерге байланысты  Қазіргі таңда, Қазалы ауданында мемлекет қорғауына алынған 6 республикалық дәрежедегі, 53 жергілікті санаттағы және 40 алдын-ала есепке алынған, барлығы 99 тарихи-мәдени ескерткіш бар. Оның 93-і қала құрылысы және сәулет нысандары болса, 6-ы археологиялық  ескерткіш.

Осы уақытқа дейін аталған 99 тарихи-мәдени ескерткіштің 93-не қорғау тақталары орнатылып, төлқұжаттары дайындалды. Соңғы алынған 6 ескерткіш алдағы уақытта қолға алынатын болады. Сондай-ақ теңгерімге ұстаушы мекемелермен үш жақты қорғау міндеттемелері жасалды. 2018 жылы алдын-ала тізімге алынған Сартай батыр кесенесі мен Қарасақал Ерімбет мешіті Әділет басқармасы арқылы иесіз мүлік ретінде есепке алынды.

Алдағы уақытта Дәулет бақсы, Өтебас әулие зираттарын тарихи-мәдени ескерткіштер тізіміне енгізу жоспарда бар.  Облыстық комиссияның 2019 жылғы 14 наурыздағы №1 хаттамасымен Қазалы ауданы бойынша тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне жаңадан 4 ескерткіш (Тапа қорымы және қонысы, Ақтау кесенесі, Сарыбура кесенесі, Әйтеке би ескерткіші) енгізілді.

Қазіргі таңда, Қазалы қаласындағы республикалық санаттағы ескерткіш Ғанибай Үйіне республикалық бюджет есебінен қайтажаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Жыл сайын ескерткіштердің қорғау аймағын белгілеуге, ғылыми-сараптама жұмыстарын жүргізуге, қорғау тақталарын орнатуға аудандық бюджеттен қаржы бөлінуде. Биылғы жылы бюджеттен бөлінген 1,0 млн теңгеге алдағы уақытта тиісті жұмыстары жүргізіледі.

Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру «Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытында төмендегі жұмыстар атқарылды. Мемлекеттік органдарда іс-қағаздардың мемлекеттік тілде жүргізу көлемі мен сапасын арттыру мақсатында аудан әкімдігі, дербес бөлімдер мен ауылдық округтерден тоқсан сайын құжат айналымы туралы мәліметтер жинақталып, оларға талдау жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мақсатында аудан орталығы Әйтеке би кенті мен ауылдық округтерде әлеуметтік билбордтар ілінді.

Көрнекі ақпараттардың пайдаланылуын бақылау бойынша 2019 жылы «Таза тіл» жастар тобы көрнекі ақпараттар көп шоғырланған Әйтеке би кентінің орталық көшелеріндегі 20 жуық кәсіпкерлік объектілерді аралап, «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» Заңының 21-бап талаптары жазылған парақшалар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 2019 жылға мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытында іс-шаралар өткізу үшін аудандық бюджеттен 688,0 мың теңге бөлініп, алдағы уақытта тиісті жұмыстар жүргізіледі. Тілге байланысты мәдени шаралар ұйымдастырылады. Жоспарға сәйкес  «Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлері», «Ой сана», «Латын әліпбиі – келешектің кілті», Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлері», «Пушкинские чтения», «Тіл шебері», «Көп тілді меңгерген ұстаз», «Тілі бірдің – жүрегі бір», «Тілдарын», «Тіл парасат» аудандық байқаулары өткізіледі.

...

Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша 2018 жылы атқарылған жұмыстары туралы

Қазіргі таңда мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мәдениет Орталығы, 26 кітапхана, Ғ.Мұратбаевтың мемориалдық музейі, тарихи-өлкетану музейі және кент, қала, ауылдық округ әкімі аппараттарына қарасты 6 мәдениет Үйі мен 17 клуб, барлығы 52 мекеме халыққа қызмет көрсетеді.

Мәдениет ошақтарының материалдық - техникалық базасын нығайту мақсатында бюджеттен 12132,0 мың теңге бөлініп, аудандық мәдениет Орталығына жиһаздар, оркестр-бишілер киімдері, электронды домбыра, прима қобыз, Бірлік, Кәукей ауылдық клубтарына музыкалық аппаратуралар, Әйтеке би кенттік клубына домбыра, бейнебақылау сатып алынды.

Үйірмелер бойынша ауылдық мәдениет Үйлері мен клубтар жанынан барлығы 119 үйірме жұмыс жасаса, оларға 1140 қатысушы тартылған. Оның ішінде: 8-халықтық ұжым, 7-терме, 22-би, 24-ән, 12-домбыра, 21-драма,  4-ақындар, 2-әжелер ансамблі, вокалдық аспаптар ансамблі, «Қазалы қалжыңы» ойын-сауық отауы, №1 және №2 жылжымалы мәдени-демалыс кешендері, Әжелер ансамблі, «Қазалым-наз әнім» үгіт керуені, қуыршақ балалар театры, «Ақжелең» бишілер тобы және тағы басқа үйірмелер жұмыс жасайды.

Мәдени шараларды өткізуге байланысты мәдениет Үйлері мен клубтар бойынша барлығы 6278,0 мың теңге игерілді. 2018 жылдың  12 айында 1044 мәдени шара өткізіліп, 148923 көрермен қатысты

Барлық мәдениет үйлері мен клубтарда, музей-кітапханаларда Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласына орай және Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына, Қызылорда қаласының 200 жылдығына, Қазалы ауданының 90 жылдығына және басқа да түрлі форматта жоспарға сәйкес аудандық, аймақтық іс-шаралар өткізілуде.

Сонымен қатар, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген «Жаңа 100 есім», «Туған жер» бағдарламалары аясында әлеуметтік желіде қызу талқылануда. «Жаңа 100 есім» бағдарламасы аясында «Қазалы ауданының мәдениет саласының дамуына өз үлесін қосқан 100» есім атты өмір жолын өнерге арнаған жандар туралы ақпараттар жариялануда.

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 26 кітапхана халыққа рухани қызмет көрсетеді. Қазіргі заманғы кітапхананың негізгі міндеті - қоғамның ақпараттық мәдениетін, кітап оқуға, тілдерге, отандық тарих пен мәдениетке тұрақты қызығушылығын қалыптастыру болып табылады.

Автоматтандырылған арнайы кітапханалық бағдарлама қызметін қолдану мақсатында биылғы жылы Жалаңтөс батыр ауылдық кітапханасын «модельді ауыл кітапханасы»  статусына көшіруге бюджеттен 1100,0  мың теңге бөлініп, компьютер жиынтықтары, оқырман үстелдері, интерактивті тақта алынды.

 2018 жылдың 12 айында кітапхана саласы бойынша 942 шара өтізіліп, 530 көрме ұйымдастырылды. Кітап қоры-568075, оқырман саны-27584, келуші саны-257000, кітаптың берілімі-505163.

Ауданда Ғани Мұратбаев мемориалдық музейі мен аудандық тарихи-өлкетану музейі жұмыс жасайды. Музей қорларына 2018 жылы бойынша 16011 келуші қамтылып 968 экскурсия жүргізілді. Ақылы қызметтің орындалуы 460,5 мың теңге.

Биылғы жылдың наурыз айында аудандық тарихи-өлкетану музейінің салтанатты ашылу рәсімі өткізілді. Қазіргі таңда, аталған музейге ауданымыздағы мекемелерден, тұрғындардан тарихи экспонаттар жинақталып халыққа қызмет көрсетіп келеді.

Сонымен қатар, осы жылы Ғани Мұратбаевтың мемориалдық музейінің ашылғанына 50 жыл толады. Осы мақсатта «Ғанидың қасиетті қара шаңырағы» атты тағылымдық шара өткізу, шара барысында республикалық ғылыми-теориялық конференция, қолөнер, қылқалам шеберлерінің  көрмесі ұйымдастырылып өткізілді.

Тарихи-мәдени ескерткіштер туралы:

Қазіргі таңда 6 республикалық дәрежедегі, 53 жергілікті санаттағы және   36 алдын-ала есепке алынған, барлығы 95 тарихи-мәдени ескерткіштер бар.

Осы уақытқа дейін 95 тарихи-мәдени ескерткіш нысандарының                        93-не қорғау тақталары орнатылып,  төлқұжаттары жасалып,  теңгерімге алынды.

2018 жылы алдын-ала тізімге алынған Сартай батыр кесенесі мен Қарасақал Ерімбет мешіті Әділет басқарсамасы арқылы иесіз мүлік ретінде есепке алынды.

2013 жылы жергілікті бюджеттен бөлінген 1 млн теңгеге Әйтеке би кентіндегі Счастнов пен Михайлюк көшелеріндегі 11 тұрғын үй жайындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді мемлекеттік тізімінен шығару үшін ғылыми-сараптама құжаттары дайындалып, биылғы жылы тізімнен шығарылды.

Жыл сайын ескерткіштердің қорғау аймағын белгілеуге, ғылыми-сараптама жұмыстарын жүргізуге, қорғау тақталарын орнатуға аудандық бюджеттен қаржы бөлінуде. Биылғы жылы бюджеттен бөлінген 1 млн теңге 4 ескерткіштің (Ғанибай үйі, Ғ.Мұратбаевтың мемориалдық музейі, Ғанибай мешіті, Нұралы мешіті) қорғау аймағы белгіленіп тиісті жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі таңда Қазалы қаласындағы  республикалық маңызы бар Ғанибай үйіне (керуен сарайы) республикалық бюджеттен қаржы бөлініп,  қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Әйтеке бидің еңселі ескерткішін орнату үшін биылғы жылдың облыстық бюджетінен ескерткішке қажетті 61,4 млн. теңге,  ескерткіш тұғырының құрылысына 12990,0 мың теңге қаржы бөлініп, ескерткіш орнатылды.

Арықбалық ауылдық округінде орналасқан «Айдарлы», «Егізбай», «атаусыз» ескерткіштерінің техникалық құжаттарын рәсімдеуге аудандық бюджеттен 716,0 мың теңге қаралды. Алдағы уақытта тиісті жұмыстары жүргізілуде.

Қазалы ауданы бойынша «Қазақстанның киелі жерлердің географиясы» жобасы аясында жалпыхалықтық маңызы бар қасиетті орындар тізіміне Жанкент қалашығы мен Жанқожа батыр мазары енгізілді.

Рухани жаңғыру бағдарламасына орай Өңірлік маңызы бар қасиетті орындар тізіміне Ноғай, Ғанибай, Қожаназар мешіттері, Ғанибай Үйі, Кескен күйік қалашығы, Қосым қожа, Мүсірәлі әулие кесенелері ұсынылды.

Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі КММ арқылы «Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұра объектілерінің 3D форматтағы интерактивті картасын құру» жобасына Қазалы ауданы бойынша 24 тарихи-мәдени ескерткіштер енгізілді.

Қазірі таңда Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесі мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің арасында келісім-шарт негізінде «Жанкент» қалашығына  археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді.

Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру «Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытында төмендегі жұмыстар атқарылды. Мемлекеттік органдарда іс-қағаздардың мемлекеттік тілде жүргізу көлемі мен сапасын арттыру мақсатында аудан әкімдігі, дербес бөлімдер мен ауылдық округтерден тоқсан сайын құжат айналымы туралы мәліметтер жинақталып, оларға талдау жұмыстары жүргізілді.

Мемлекеттік тіл саясатын насихаттауға байланысты 17 мақала жарық көрсе, аудан әкімдігінің ресми веб-сайты мен басқа да сайттарға  6 мақала жарияланды.

Сондай-ақ, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мақсатында аудан орталығы Әйтеке би кенті мен ауылдық округтерде әлеуметтік билбордтар ілінді.

2018 жылға мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытында іс-шаралар өткізу үшін аудандық бюджеттен 694,0 мың теңге бөлініп, Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының баға ұсынысын сұрату тәсілі бойынша 636,7 мың теңгені жеке кәсіпкер жеңіп алып, жыл көлемінде 8 іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Жоспарға сәйкес  Абай, Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің және «Ой сана», «Пушкинские чтения» орыс тілінің білгірлерінің, ағылшын тілін меңгерген ұстаздар арасында «Көп тілді меңгерген ұстаз» атты, «Мемлекеттік қызмет-мәртебелі» міндет атты, «Менің туған өлкемнің атауы», «Тіл - парасат» атты аудандық байқаулары өткізілді.

...

Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша 2018 жылдың ІІІ тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы

Қазіргі таңда мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мәдениет Орталығы, 26 кітапхана, Ғ.Мұратбаевтың мемориалдық музейі, тарихи-өлкетану музейі және кент, қала, ауылдық округ әкімі аппараттарына қарасты 6 мәдениет Үйі мен 17 клуб, барлығы 52 мекеме халыққа қызмет көрсетеді.

Мәдениет ошақтарының материалдық - техникалық базасын нығайту мақсатында бюджеттен 11032,0 мың теңге бөлініп, аудандық мәдениет Орталығына жиһаздар, оркестр-бишілер киімдері, электронды домбыра, прима қобыз, Бірлік, Кәукей ауылдық клубтарына музыкалық аппаратуралар сатып алынды.

Үйірмелер бойынша ауылдық мәдениет Үйлері мен клубтар жанынан барлығы 117 үйірме жұмыс жасаса, оларға 1385 қатысушы тартылған. Оның ішінде: 8-халықтық ұжым, 7-терме, 22-би, 24-ән, 12-домбыра, 21-драма,  4-ақындар, 2-әжелер ансамблі, вокалдық аспаптар ансамблі, «Қазалы қалжыңы» ойын-сауық отауы, №1 және №2 жылжымалы мәдени-демалыс кешендері, Әжелер ансамблі, «Қазалым-наз әнім» үгіт керуені, қуыршақ балалар театры, «Ақжелең» бишілер тобы және тағы басқа үйірмелер жұмыс жасайды.

Мәдени шараларды өткізуге байланысты мәдениет Үйлері мен клубтар бойынша барлығы 3556,0 мың теңге игерілді. 2018 жылдың  9 айында 704 мәдени шара өткізіліп, 98512 көрермен қатысты

Барлық мәдениет үйлері мен клубтарда, музей-кітапханаларда Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласына орай және Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына, Қызылорда қаласының 200 жылдығына, Қазалы ауданының 90 жылдығына және басқа да түрлі форматта жоспарға сәйкес аудандық, аймақтық іс-шаралар өткізілуде.

Сонымен қатар, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген «Жаңа 100 есім», «Туған жер» бағдарламалары аясында әлеуметтік желіде қызу талқылануда. «Жаңа 100 есім» бағдарламасы аясында «Қазалы ауданының мәдениет саласының дамуына өз үлесін қосқан 100» есім атты өмір жолын өнерге арнаған жандар туралы ақпараттар жариялануда.

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 26 кітапхана халыққа рухани қызмет көрсетеді. Қазіргі заманғы кітапхананың негізгі міндеті - қоғамның ақпараттық мәдениетін, кітап оқуға, тілдерге, отандық тарих пен мәдениетке тұрақты қызығушылығын қалыптастыру болып табылады. Осы бағытта «мобильді кітапхана» жобасы іске асырылып, оқырмандар смартфон арқылы әдеби шығармаларды оқу мүмкіндігіне ие болып отыр.

Автоматтандырылған арнайы кітапханалық бағдарлама қызметін қолдану мақсатында биылғы жылы Жалаңтөс батыр ауылдық кітапханасын «модельді ауыл кітапханасы»  статусына көшіруге бюджеттен 1100,0  мың теңге бөлініп, компьютер жиынтықтары, оқырман үстелдері, интерактивті тақта алынды.

 2018 жылдың 9 айында кітапхана саласы бойынша 702 шара өтізіліп, 390 көрме ұйымдастырылды. Кітап қоры-591423, оқырман саны-21487, келуші саны-196380, кітаптың берілімі-385974.

Ауданда Ғани Мұратбаев мемориалдық музейі мен аудандық тарихи-өлкетану музейі жұмыс жасайды. Музей қорларына 2018 жылдың 9 айы бойынша 13332 келуші қамтылып 901 экскурсия жүргізілді, музей қорына 236 экспонат жинақталып, оның 79-ы негізгі қорға, 157-і қосымша қорға қабылданды. Ақылы қызметтің орындалуы 353,5 мың теңге.

Биылғы жылдың наурыз айында аудандық тарихи-өлкетану музейінің салтанатты ашылу рәсімі өткізілді. Қазіргі таңда, аталған музейге ауданымыздағы мекемелерден, тұрғындардан тарихи экспонаттар жинақталып халыққа қызмет көрсетіп келеді.

Сонымен қатар, осы жылы Ғани Мұратбаевтың мемориалдық музейінің ашылғанына 50 жыл толады. Осы мақсатта «Ғанидың қасиетті қара шаңырағы» атты тағылымдық шара өткізу, шара барысында республикалық ғылыми-теориялық конференция, қолөнер, қылқалам шеберлерінің  көрмесін өткізу жоспарлануда.

Тарихи-мәдени ескерткіштер туралы:

Қазіргі таңда 6 республикалық дәрежедегі, 53 жергілікті санаттағы және 36 алдын-ала есепке алынған, барлығы 95 тарихи-мәдени ескерткіштер бар.

Осы уақытқа дейін 95 тарихи-мәдени ескерткіш нысандарының 93-не қорғау тақталары орнатылып,  төлқұжаттары жасалып,  теңгерімге алынды,

Бүгінгі күнге дейін аудан көлеміндегі 5 тарихи-мәдени ескерткіштің қорғау аймақтары белгіленсе, 2018 жылы аудандық бюджеттен 1000,0 мың теңге қаржы бөлініп, 4 тарихи-мәдени нысанның қорғау аймақтарын белгілеу жұмыстары басталды.

Қазіргі таңда Қазалы қаласындағы  республикалық маңызы бар Ғанибай үйіне (керуен сарайы) республикалық бюджеттен қаржы бөлініп,  қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Қазалы ауданы әкімдігінің ғимараты алдына Әйтеке бидің еңселі ескерткішін орнату үшін облыстық бюджеттен 61,4 млн. теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстары жүргізлуде.

Қазалы ауданы бойынша «Қазақстанның киелі жерлердің географиясы» жобасы аясында жалпыхалықтық маңызы бар қасиетті орындар тізіміне Жанкент қалашығы мен Жанқожа батыр мазары енгізілді.

Рухани жаңғыру бағдарламасына орай Өңірлік маңызы бар қасиетті орындар тізіміне Ноғай, Ғанибай, Қожаназар мешіттері, Ғанибай Үйі, Кескен күйік қалашығы, Қосым қожа, Мүсірәлі әулие кесенелері ұсынылды.

Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі КММ арқылы «Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұра объектілерінің 3D форматтағы интерактивті картасын құру» жобасына Қазалы ауданы бойынша 24 тарихи-мәдени ескерткіштер енгізілді.

Қазірі таңда Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесі мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің арасында келісім-шарт негізінде «Жанкент» қалашығына  археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру «Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытында төмендегі жұмыстар атқарылды. Мемлекеттік органдарда іс-қағаздардың мемлекеттік тілде жүргізу көлемі мен сапасын арттыру мақсатында аудан әкімдігі, дербес бөлімдер мен ауылдық округтерден тоқсан сайын құжат айналымы туралы мәліметтер жинақталып, оларға талдау жұмыстары жүргізілді.

2018 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша аудан әкімі аппараты, қала, кент, ауылдық округтер мен дербес бөлімдерде 30372 хат мемлекеттік тілде шығысталса, 54141 хат мемлекеттік тілде, 1002 хат орыс тілінде кірістелді.

Мемлекеттік тіл саясатын насихаттауға байланысты 17 мақала жарық көрсе, аудан әкімдігінің ресми веб-сайты мен басқа да сайттарға  6 мақала жарияланды.

Сондай-ақ, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мақсатында аудан орталығы Әйтеке би кенті мен ауылдық округтерде әлеуметтік билбордтар ілінді.

2018 жылға мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытында іс-шаралар өткізу үшін аудандық бюджеттен 694,0 мың теңге бөлініп, Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының баға ұсынысын сұрату тәсілі бойынша 636,7 мың теңгені жеке кәсіпкер жеңіп алып, жыл көлемінде 9 іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Жоспарға сәйкес  Абай, Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің және «Ой сана», «Пушкинские чтения» орыс тілінің білгірлерінің, ағылшын тілін меңгерген ұстаздар арасында «Көп тілді меңгерген ұстаз» атты, «Мемлекеттік қызмет-мәртебелі» міндет атты аудандық байқаулары өткізілді.

Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша 2018 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы

Қазіргі таңда мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мәдениет Орталығы, 26 кітапхана, Ғ.Мұратбаевтың мемориалдық музейі, тарихи-өлкетану музейі және кент, қала, ауылдық округ әкімі аппараттарына қарасты 6 мәдениет Үйі мен 17 клуб, барлығы 52 мекеме халыққа қызмет көрсетеді.

Мәдениет ошақтарының материалдық - техникалық базасын нығайту мақсатында бюджеттен 6000,0 мың теңге бөлініп, аудандық мәдениет Орталығына жиһаздар, Бірлік, Кәукей ауылдық клубтарына музыкалық аппаратуралар сатып алынды. Алдағы уақытта, аудандық мәдениет Орталығына бюджеттен бөлінген 4500,0 мың теңгеге оркестр киімдерін сатып алу жоспарлануда.

Үйірмелер бойынша ауылдық мәдениет Үйлері мен клубтар жанынан барлығы 120 үйірме жұмыс жасаса, оларға 1381 қатысушы тартылған. Оның ішінде: 8-халықтық ұжым, 7-терме, 22-би, 24-ән, 12-домбыра, 21-драма,  4-ақындар, 2-әжелер ансамблі, вокалдық аспаптар ансамблі, «Қазалы қалжыңы» ойын-сауық отауы, №1 және №2 жылжымалы мәдени-демалыс кешендері, Әжелер ансамблі, «Қазалым-наз әнім» үгіт керуені, қуыршақ балалар театры, «Ақжелең» бишілер тобы және тағы басқа үйірмелер жұмыс жасайды.

Мәдени шараларды өткізуге байланысты мәдениет Үйлері мен клубтарға барлығы 1790,0 теңге бөлініп, І тоқсан бойынша 575,0 мың теңгесі игерілді. 2018 жылдың  3 айында 224 мәдени шара өткізіліп, 33546 көрермен қатысты

Барлық мәдениет үйлері мен клубтарда, музей-кітапханаларда Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласына орай және Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына, Қызылорда қаласының 200 жылдығына, Қазалы ауданының 90 жылдығына және басқа да түрлі форматта жоспарға сәйкес аудандық, аймақтық іс-шаралар өткізілуде.

Сонымен қатар, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген «Жаңа 100 есім», «Туған жер» бағдарламалары аясында әлеуметтік желіде қызу талқылануда. «Жаңа 100 есім» бағдарламасы аясында «Қазалы ауданының мәдениет саласының дамуына өз үлесін қосқан 100» есім атты өмір жолын өнерге арнаған жандар туралы ақпараттар жариялануда. Сондай-ақ, «Дарынды дала дарабоздары «Туған ауылдың талантты тұлғалары» және «Туған жер» бағдарламасы аясында «Қасиет қонған елді мекен» атты апталықтар ұйымдастырылды. Әр апталықта тақырыпқа сай материялдар дайындалып, әлеуметтік желіге орналастырылды және олар жұртшылықтың қызығушылығын тудырды. Осы тапсырмаларға сәйкес кейбір ауылдардың интернет жүйесінің нашар жұмыс жасауына қарамастан ауылдық мәдениет клубтары белсене қатысты.

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 26 кітапхана халыққа рухани қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, аудандық орталық кітапхана, аудандық балалар кітапханасы, кенттік, қалалық кітапхана, қалалық балалар кітапханасы және 21 ауылдық кітапхана бар. 2018 жылдың І тоқсанында кітапхана саласы бойынша 255 шара өтізіліп, 150 көрме ұйымдастырылды. Кітап қоры-589390, түскен кітап-1220, оқырман саны-8456, келуші саны-68524, кітаптың берілімі-134079.

Ауданда Ғани Мұратбаев мемориалдық музейі мен аудандық тарихи-өлкетану музейі жұмыс жасайды. Музей қорларына 2018 жылдың І тоқсаны бойынша 5588 келуші қамтылып 420 экскурсия жүргізілді, музей қорына 51 экспонат жинақталып, оның 16-і негізгі қорға, 35-і қосымша қорға қабылданды. Ақылы қызметтің орындалуы 102,0 мың теңге.

Биылғы жылдың наурыз айында аудандық тарихи-өлкетану музейінің салтанатты ашылу рәсімі өткізілді.

Сонымен қатар, осы жылы Ғани Мұратбаевтың мемориалдық музейінің ашылғанына 50 жыл толады. Осы мақсатта «Ғанидың қасиетті қара шаңырағы» атты тағылымдық шара өткізу, шара барысында республикалық ғылыми-теориялық конференция, қолөнер, қылқалам шеберлерінің  көрмесін өткізу жоспарлануда.

Тарихи-мәдени ескерткіштерге байланысты  бүгінгі күнге аудан бойынша барлық  ескерткіштер саны  104-ке жетті.

Рухани жаңғыру бағдарламасына сәйкес «Қазақстанның киелі жерлері» жобасы аясында жалпы халықтық маңызы бар қасиетті орындар тізіміне Жанкент қалашығы мен Жанқожа батыр мазары енгізілсе, өңірлік маңызы бар қасиетті орындар тізіміне Ғанибай, Нұралы,  Қожаназар ишан мешіттері, Ғанибай Үйі, Кескен күйік қалашығы, Мүсірәлі әулие кесенесі,  Қосым қожа бейіті ұсынылды.

Сонымен қатар, Лахалы аулындағы Қарасақал Ерімбет мешіті мен Сартай батыр бейіті мемлекет қорғауына алынып, алдын-ала тізімге енгізуге  ұсынылды.  

Қазіргі таңда, Қазалы қаласындағы республикалық санаттағы ескерткіш Ғанибай Үйіне республикалық бюджет есебінен қайтажаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Алдағы уақытта, Қазалы ауданында  жаңадан салынатын «Мекемелер Үйі» алаңында Әйтеке би бабамызға еңселі ескерткіш орнату жоспарланып, тиісті жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру «Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытында төмендегі жұмыстар атқарылды. Мемлекеттік органдарда іс-қағаздардың мемлекеттік тілде жүргізу көлемі мен сапасын арттыру мақсатында аудан әкімдігі, дербес бөлімдер мен ауылдық округтерден тоқсан сайын құжат айналымы туралы мәліметтер жинақталып, оларға талдау жұмыстары жүргізілді.

2018 жылдың І тоқсаны бойынша аудан әкімі аппараты, қала, кент, ауылдық округтер мен дербес бөлімдерде 10155 хат мемлекеттік тілде шығысталса, 16112 хат мемлекеттік тілде, 269 хат орыс тілінде кірістелді.

Мемлекеттік тіл саясатын насихаттауға байланысты 5 мақала жарық көрсе, аудан әкімдігінің ресми веб-сайты мен басқа да сайттарға 2 мақала жарияланды.

Сондай-ақ, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мақсатында аудан орталығы Әйтеке би кенті мен ауылдық округтерде әлеуметтік билбордтар ілінді.

2018 жылға мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытында іс-шаралар өткізу үшін аудандық бюджеттен 694,0 мың теңге бөлініп, Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының баға ұсынысын сұрату тәсілі бойынша 636,7 мың теңгені жеке кәсіпкер жеңіп алып, жыл көлемінде 9 іс-шара өткізу жоспарланып отыр.Жоспарға сәйкес  Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауы өткізілді.

...
Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша 2017 жылы атқарылған жұмыстары туралы

Қазіргі таңда мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мәдениет Орталығы, 26 кітапхана, Ғ.Мұратбаевтың мемориалдық музейі, тарихи-өлкетану музейі және кент, қала, ауылдық округ әкімі аппараттарына қарасты 6 мәдениет Үйі мен 17 клуб, барлығы 52 мекеме халыққа қызмет көрсетеді.

Мәдениет ошақтарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында бюджеттен 18658,0 мың теңге қаралды. Оның ішінде аудандық мәдениет Орталығына өнерпаздар киімдері, Ақсуат, Майдакөл, Абай, Тасарық, Лақалы ауылдық клубтары мен Бозкөл ауылдық мәдениет Үйіне музыкалық аппаратура, сонымен қатар Тасарық ауылдық клубына 100  орындықты театр креслосы, Жанқожа батыр, Бозкөл ауылдық мәдениет Үйлері мен Майдакөл ауылдық клубына кеңсе жиһаздары сатып алынды.

Қайта салуға жатқызылған  Жалаңтөс батыр ауылына 150 орындықты типтік жобадағы клуб құрылысын салу үшін облыстық бюджеттен 203429,0 мың теңге бөлініп, қазіргі таңда пайдалануға берілді.

Үйірмелер бойынша ауылдық мәдениет Үйлері мен клубтар жанынан барлығы 116 үйірме жұмыс жасаса, оларға 1471 қатысушы тартылған. Оның ішінде: 8-халықтық ұжым, 7-терме, 22-би, 24-ән, 12-домбыра, 21-драма,  4-ақындар, 2-әжелер ансамблі, вокалдық аспаптар ансамблі, «Қазалы қалжыңы» ойын-сауық отауы, №1 және №2 жылжымалы мәдени-демалыс кешендері, Әжелер ансамблі, «Қазалым-наз әнім» үгіт керуені, қуыршақ балалар театры, «Ақжелең» бишілер тобы және тағы басқа үйірмелер жұмыс жасайды.

Мәдени шараларды өткізуге 14414,1 теңге бөлініп, толығымен игерілді. Барлығы 1031 мәдени шара өткізіліп, 150944 көрермен қатысты.

Барлық мәдениет үйлері мен клубтарда, музей-кітапханаларда Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласына орай Қазалы қаласының атауына 150 жылБасықара бабаның туғанына 260 жыл, Шығыс жастарының жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаевтың туғанына 115 жыл, Кеңес Одағының Батырлары Геннадий Шляпиннің туғанына 105 жылҮрмәш Түктібаевтың туғанына 100 жыл, Халық әртісі Роза Бағланованың туғанына 95 жыл, мемлекет және қоғам қайраткері Әбубәкір Тыныбаевтың туғанына 90 жыл, жазушы-публицист Қалжан Нұрмахановтың туғанына 90 жыл, «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері Талант Бөріқұлақовтың туғанына 70 жыл, Қазақстан Жазушылар және Журналситер Одағының мүшесі, ақын Жетіскен Мәкеналының туғанына 65 жыл толуына орай және басқа да түрлі форматта жоспарға сәйкес аудандық, аймақтық іс-шаралар өткізілді.

Ақылы қызмет көрсету жұмыстары 2017 жылдық ақылы қызмет жоспары 7248,6 мың теңге, 12 айдың  орындалуы 7711,0 мың теңге.

2017 жылға Қазалы қалалық мәдениет Үйі жанынан құрылған Халық театрына 1,0 штаттық бірлікте режиссер, 1,0 штаттық бірлікте көркемдік жетекші штаты, Қазалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 ақпандағы кезектен тыс ХІІ сессиясының №86 шешімі негізінде Қазалы аудандық мәдениет Орталығы жанындағы «Мелодия» орыс ұлт – аспаптар ансамбліне 1 шт бірлікте көркемдік жетекші, «Әуезовтер» отбаслық ансамбліне 1 шт бірлікте көркемдік штаты берілді.

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 26 кітапхана халыққа рухани қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, аудандық орталық кітапхана, аудандық балалар кітапханасы, кенттік, қалалық кітапхана, қалалық балалар кітапханасы және 21 ауылдық кітапхана бар. 2017 жылы қалған ауылдық кітапханаларға аудандық бюджеттен бөлінген 5,7 млн. теңгеге 30  дана компьютер жиынтықтары сатып алынды.

Кітап қоры-588170, түскен кітап-6280, оқырман саны-27130, келуші саны-255578, кітаптың берілімі-502436.

Ауданда Ғани Мұратбаев мемориалдық музейі мен аудандық тарихи-өлкетану музейі жұмыс жасайды. Музей қорларына 2017 жылдың 12 айы бойынша 15854 келуші қамтылып 994 экскурсия жүргізілді, музей қорына 4664 экспонат жинақталып, оның 2972-і негізгі қорға, 1692-і қосымша қорға қабылданды. Ақылы қызметтің орындалуы 320,0 мың теңге.

Сонымен бірге, аудандық тарихи-өлкетану музейінің көрме залдарына экспозициялық жұмыстарын жүргізуге 8757,0 мың теңге бөлінді. Қазіргі таңда экспозиялық жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталды.

Тарихи-мәдени ескерткіштерге байланысты  2017 жылы 13 бюст алдын-ала тізімге енгізіліп, теңгерімге алынып, бүгінгі күнге аудан бойынша барлық  ескерткіштер саны  104-ке жетті.

2017  жылы аудандық бюджеттен аудан көлеміндегі тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және есепке алу мақсатында бөлінген 1000,0 мың теңгенің 560,0  мың теңгесіне  17 тарихи-мәдени ескерткіштердің төлқұжаты (паспортын)  және есеп карточкалары жасалса, 237,0 мың теңгесіне 5 тарихи нысанға қорғау тақталары орнатылды.

Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру «Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытында төмендегі жұмыстар атқарылды. Мемлекеттік органдарда іс-қағаздардың мемлекеттік тілде жүргізу көлемі мен сапасын арттыру мақсатында аудан әкімдігі, дербес бөлімдер мен ауылдық округтерден тоқсан сайын құжат айналымы туралы мәліметтер жинақталып, оларға талдау жұмыстары жүргізілді.

2017 жыл көлемінде аудан әкімі аппараты, қала, кент, ауылдық округтер мен дербес бөлімдерде  39812 хат мемлекеттік тілде шығысталса, 62463 хат мемлекеттік тілде, 1404 хат орыс тілінде кірістелді.

 Тоқсан сайын Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы Р.Тасыбаева, аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Н.Әшір, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің маманы Ж.Ауезханның және «Жастар ресурстық» орталығының қатысуымен көрнекі ақпараттар мен жарнамалар көп шоғырланған Әйтеке би көшесі мен Жанқожа батыр, Қ.Пірімов, В.Счастнов көшелерінің бойындағы кәсіпкерлік нысан иелеріне «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 21-бап талаптарына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады.

Жоғарыда аталған кәсіпкерлік ғимарат иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, заңға қайшы жарнамаларды ауыстыру қажеттігі ескертілді.

Мемлекеттік тіл саясатын насихаттауға байланысты 20 мақала жарық көрсе, аудан әкімдігінің ресми веб-сайты мен басқа да сайттарға 15 мақала жарияланды.

Сондай-ақ, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мақсатында аудан орталығы Әйтеке би кенті мен ауылдық округтерде әлеуметтік билбордтар ілінді.

2017 жылға мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытында іс-шаралар өткізу үшін аудандық бюджеттен 655,0 мың теңге бөлініп, Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының баға ұсынысын сұрату тәсілі бойынша 572,0 мың теңгені жеке кәсіпкер жеңіп алып, жыл көлемінде 9 іс-шара өткізілді. Жоспарға сәйкес «Ой сана» орыс тілі білгірлерінің және Абай, Оралхан Бөкей, «Пушкинские чтение» атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің және үштілділікті насихаттауға байланысты «Көптілді меңгерген ұстаз», «Тіл шебері-2017», «Тіл парасат», «Тіл дарын» атты аудандық байқаулары өткізілді. Сонымен қатар, Қазақстан Халқы тілдері күні мерекесіне орай «Төр сенікі, туған тіл» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

2017 жылы облыстық комиссияға 1 объектіге, 1 көпірге, 19 көшеге атау беру жөнінде облыстық ономастикалық комиссияға ұсыныстар  берілді.

...

Қазалы ауданының мәдениет Үйлері мен клуб кәсіпорындары бойынша 2017 жылдың І жартыжылдығында  атқарылған жұмыстары туралы

Қазіргі таңда мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мәдениет Орталығы, 26 кітапхана, Ғ.Мұратбаевтың мемориалдық музейі, тарихи-өлкетану музейі және кент, қала, ауылдық округ әкімі аппараттарына қарасты 6 мәдениет Үйі мен 17 клуб, барлығы 52 мекеме халыққа қызмет көрсетеді.

Мәдениет ошақтарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында бюджеттен 18900,0 мың теңге қаралды. Оның ішінде;

- Аудандық мәдениет Орталығына өнерпаздар киімдерін  алуға     3900,0 мың теңге;

- Ақсуат, Майдакөл, Абай, Тасарық, Лақалы ауылдық клубтары мен Бозкөл ауылдық мәдениет Үйіне аудандық бюджеттен әр кәсіпорынға 2,5 млн. теңгеден барлығы 15 млн. теңгеге музыкалық аппаратуралар, сонымен қатар Тасарық ауылдық клубына 100  орындықты театр креслосы сатып алынды.

Қайта салуға жатқызылған  Жалаңтөс батыр ауылына 150 орындықты типтік жобадағы клуб құрылысын салу үшін облыстық бюджеттен 203429,0 мың теңге бөлінді. Мердігер мекеме «Болашақ» ЖШС-мен келісім-шартқа отырды. Қазіргі таңда, клуб құрылысының 2-ші қабатының төбе шатырларын жауып, ауласына брусчатка төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Үйірмелер бойынша ауылдық мәдениет Үйлері мен клубтар жанынан барлығы 116 үйірме жұмыс жасаса, оларға 1347 қатысушы тартылған. Оның ішінде: 8-халықтық ұжым, 7-терме, 22-би, 24-ән, 12-домбыра, 21-драма,  4-ақындар, 2-әжелер ансамблі, вокалдық аспаптар ансамблі, «Қазалы қалжыңы» ойын-сауық отауы, №1 және №2 жылжымалы мәдени-демалыс кешендері, Әжелер ансамблі, «Қазалым-наз әнім» үгіт керуені, қуыршақ балалар театры, «Ақжелең» бишілер тобы және тағы басқа үйірмелер жұмыс жасайды.

Мәдени шараларды өткізуге 8960,0 теңге бөлініп, ІІ тоқсанында 3005,7 мың теңге игерілді. Барлығы 495 мәдени шара өткізілді. Оған 71071 көрермен қатысты.

Жыл басынан бері Қазалы қаласының атауына 150 жылБасықара бабаның туғанына 260 жыл, Шығыс жастарының жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаевтың туғанына 115 жыл, Кеңес Одағының Батырлары Геннадий Шляпиннің туғанына 105 жылҮрмәш Түктібаевтың туғанына 100 жыл, Халық әртісі Роза Бағланованың туғанына 95 жыл, мемлекет және қоғам қайраткері Әбубәкір Тыныбаевтың туғанына 90 жыл, жазушы-публицист Қалжан Нұрмахановтың туғанына 90 жыл, «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері Талант Бөріқұлақовтың туғанына 70 жыл, Қазақстан Жазушылар және Журналситер Одағының мүшесі, ақын Жетіскен Мәкеналының туғанына 65 жыл толуына және басқа да атаулы мерекелік күндерге орай мәдениет Үйлері мен клубтарда, кітапханалар мен музейлерде мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылуда.

Ақылы қызмет көрсету жұмыстары 2017 жылдық ақылы қызмет жоспары 7248,6 мың теңге, І жартыжылдығындағы орындалуы 3623,0 мың теңге.

2017 жылға Қазалы қалалық мәдениет Үйі жанынан құрылған Халық театрына 1,0 штаттық бірлікте режиссер, 1,0 штаттық бірлікте көркемдік жетекші штаты, Қазалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 ақпандағы кезектен тыс ХІІ сессиясының №86 шешімі негізінде Қазалы аудандық мәдениет Орталығыжанындағы «Мелодия» орыс ұлт – аспаптар ансамбліне 1 шт бірлікте көркемдік жетекші, «Әуезовтер» отбаслық ансамбліне 1 шт бірлікте көркемдік штаты берілді.

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 26 кітапхана халыққа рухани қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, аудандық орталық кітапхана, аудандық балалар кітапханасы, кенттік, қалалық кітапхана, қалалық балалар кітапханасы және 21 ауылдық кітапхана бар. 2017 жылы қалған ауылдық кітапханаларға аудандық бюджеттен бөлінген 5,7 млн. теңгеге 30  дана компьютер жиынтықтары сатып алынды.

Ауданда Ғани Мұратбаев мемориалдық музейі мен аудандық тарихи-өлкетану музейі жұмыс жасайды. Музей қорларына 2017 жылдың І жартыжылдығы бойынша 6019 келуші қамтылды, оның ішінде 3019-і оқушылар, 1563-і студент, оларға 370 экскурсия жүргізіліп, 9 мәдени шара ұйымдастырылды.

Қазіргі таңда, аудандық тарихи-өлкетану музейінің көрме залдарына экспозициялық жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта аудан тарихына қатысты қажетті экспонаттарды жинақтап, ашылу жұмыстары қолға алынуда.

Тарихи-мәдени ескерткіштерге байланысты  2017 жылдың ІІ тоқсанында 13 бюст алдын-ала тізімге енгізіліп, теңгерімге алынып, бүгінгі күнге аудан бойынша барлық  ескерткіштер саны  104-ке жетті.

2017  жылға аудан  көлеміндегі  17 тарихи-мәдени ескерткіштердің төлқұжатын (паспортын) дайындауға 650,0  мың теңге және ескерткіштерді қорғау мақсатында  5 тарихи нысанға қорғау тақталарын орнатуға 350,0 мың теңге қаржы бөлінді.

Қазіргі таңда 17 ескерткіштің төлқұжатын (паспортын) дайындау мақсатында ҚР мемлекеттік сатып алу Заңына сәйкес 04.04.2017 жылы  ашық конкурс жарияланды.

Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру «Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытында төмендегі жұмыстар атқарылды. Мемлекеттік органдарда іс-қағаздардың мемлекеттік тілде жүргізу көлемі мен сапасын арттыру мақсатында аудан әкімдігі, дербес бөлімдер мен ауылдық округтерден тоқсан сайын құжат айналымы туралы мәліметтер жинақталып, оларға талдау жұмыстары жүргізілді. 2017 жылдың ІІ тоқсаны бойынша аудан әкімі аппараты, қала, кент, ауылдық округтер мен дербес бөлімдерде 9905 хат мемлекеттік тілде шығысталса, 16439 хат мемлекеттік тілде, 255 хат орыс тілінде кірістелді.

 Үстіміздегі жылдың 21-22  ақпан аралығында Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы Р.Тасыбаева, аудандық «Қазақ тілі» қоғамыныңтөрайымы Н.Әшір, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің маманы Ж.Ауезханның және «Жастар ресурстық» орталығының қатысуымен көрнекі ақпараттар мен жарнамалар көп шоғырланған Әйтеке би көшесі мен Жанқожа батыр, Қ.Пірімов, В.Счастнов көшелерінің бойындағыкәсіпкерлік нысан иелеріне «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 21-бап талаптарын түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, түсіндіру туралы жазбаша парақшалар таратылды.

Жоғарыда аталған кәсіпкерлік ғимарат иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, заңға қайшы жарнамаларды ауыстыру қажеттігі ескертілді.

Мемлекеттік тіл саясатын насихаттауға байланысты 15 мақала жарық көрсе, аудан әкімдігінің ресми веб-сайты мен басқа да сайттарға 5 мақала жарияланды.

Сондай-ақ, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мақсатында аудан орталығы Әйтеке би кенті мен ауылдық округтерде әлеуметтік билбордтар ілінді.

2017 жылға мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытында іс-шаралар өткізу үшін аудандық бюджеттен 655,0 мың теңге бөлініп, Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының баға ұсынысын сұрату тәсілі бойынша 572,0 мың теңгені жеке кәсіпкер жеңіп алып, жыл көлемінде 9 іс-шара өткізу жоспарланып отыр.Жоспарға сәйкес «Ой сана» орыс тілі білгірлерінің және Абай, Оралхан Бөкей, «Пушкинскиечтение»атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің жәнеүштілділікті насихаттауға байланысты «Көптілді меңгерген ұстаз», «Тіл шебері-2017» атты аудандық байқаулары өткізілді.

2017 жылы облыстық комиссияға 1 объектіге, 1 көпірге, 9 көшеге атау беру жөнінде облыстық ономастикалық комиссияға ұсыныстар  берілді.

...
Қазалы ауданының мәдениет Үйлері мен клуб кәсіпорындары бойынша 2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы АНЫҚТАМА

Қазіргі таңда мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мәдениет Орталығы, 26 кітапхана, Ғ.Мұратбаевтың мемориалдық музейі, тарихи-өлкетану музейі және кент, қала, ауылдық округ әкімі аппараттарына қарасты 6 мәдениет Үйі мен 17 клуб, барлығы 52 мекеме халыққа қызмет көрсетеді.

Мәдениет ошақтарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында бюджеттен 18900,0 мың теңге қаралды. Оның ішінде;

- Аудандық мәдениет Орталығына өнерпаздар киімдерін  алуға     3900,0 мың теңге;

- Ақсуат, Майдакөл, Абай, Тасарық, Лақалы ауылдық клубтары мен Бозкөл ауылдық мәдениет Үйіне музыкалық аппаратура сатып алуға аудандық бюджеттен әр кәсіпорынға 2,5 млн. теңгеден барлығы 15 млн. теңге бөлінді. Бұл заттар алдағы уақытта қаржы жоспарына сәйкес алынатын болады.

Қайта салуға жатқызылған  Жалаңтөс батыр ауылына 150 орындықты типтік жобадағы клуб құрылысын салу үшін облыстық бюджеттен 203429,0 мың теңге бөлінді. Мердігер мекеме «Болашақ» ЖШС-мен келісім-шартқа отырды.

Үйірмелер бойынша ауылдық мәдениет Үйлері мен клубтар жанынан барлығы 116 үйірме жұмыс жасаса, оларға 1347 қатысушы тартылған. Оның ішінде: 8-халықтық ұжым, 7-терме, 22-би, 24-ән, 12-домбыра, 21-драма,  4-ақындар, 2-әжелер ансамблі, вокалдық аспаптар ансамблі, «Қазалы қалжыңы» ойын-сауық отауы, №1 және №2 жылжымалы мәдени-демалыс кешендері, Әжелер ансамблі, «Қазалым-наз әнім» үгіт керуені, қуыршақ балалар театры, «Ақжелең» бишілер тобы және тағы басқа үйірмелер жұмыс жасайды.

Мәдени шараларды өткізуге 8960,0 теңге бөлініп, І тоқсанда 1100,1 мың теңге игерілді. Барлығы 220 мәдени шара өткізілді. Оған 31958 көрермен қатысты.

Жыл басынан бері жастардың би әлемін түсініп қабылдауға баулу, эстетикалық сезімталдығын қалыптастыру мақсатында аудандық мәдениет Орталығында «Айгөлек» атты аудандық бишілер байқауы, Көркемөнерпаздар үйірмелерінің жұмысына бағыт-бағдар бере отырып үйірме жетекшілерінің шеберліктерін шыңдау мен біліктілігін арттыру және үйірме жетекшілеріне көмек көрсету мақсатында  «Таланттарды табу және оны тәрбиелеудегі үйірме жетекшілерінің міндеті туралы» атты тақырыпта аудандық семинар-кеңес, Әйтеке  би кенттік  клубының ұйымдастыруымен Халық  ақыны  Байназар Өтепұлын есте  қалдыру  мақсатында «Жырларың ғасырларға ұлассын!» атты аймақтық жас жыршы-термешілер  байқауы, Көктемнің нұрлы шуағымен бірге келген шұғылалы мерекесі – 8 наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында Бекарыстан би ауылдық мәдениет Үйінде  «Ибалы келін» атты аудандық келіндер сайысы, Абай ауылдық клубында «ЭКСПО - 2017» көрмесі аясында «Әр үйдің төрінде текемет тұрса...» деген тақырыпта аудандық текеметшілер байқауы, Ақтан батыр ауылдық клубында Қазақстанның Халық әртісі, әнші Зейнеп Қойшыбаева атындағы «Алтыным» атты аудандық әншілер байқауы өткізілді. Аудандық мәдениет Орталығында мәдениет қызметкерлерінің кәсіпқойлық деңгейін анықтау, белсенділігін арттыру, клуб қызметкерлері арасында іс-тәжірибе алмасу, заман талабына сай жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді жұмысына енгізу, тұрғындардың талап-тілектеріне сай мәдени қызмет көрсету жұмысын жетілдіру мақсатында клуб қызметкерлерінің командалық байқауы өткізілді. Нәтижесімен аудандық мәдениет Орталығы жанындағы «Руханият» командасы мен Басықара ауылдық клубы жанындағы «Шаңырақ» командасы облыстық байқауға жолдама алды.

Қазақ сатирасына елеулі үлес қосқан өнер тарланының есімін ұлықтау, бүгінгі жастар арасында сатира өнеріне деген оң көзқарасты қалыптастыру, әзіл-сықақ отауларының жұмысын дамыту, орындаушылық шеберліктерін арттыру мақсатында Қазалы аудандық мәдениет Орталығында «Мінекей, Мейірманның ізбасарлары» атты әзіл-сықақ отауларының аудандық іріктеу туры өткізілді. Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығынан арнайы келген сарапшының шешімімен аудандық мәдениет Орталығы жанындағы «Қазалы қалжыңы» әзіл-сықақ отауы және Бекарыстан би, Ғ.Мұратбаев, Жанқожа батыр ауылдық мәдениет үйлері мен Өркендеу ауылдық клубы жанындағы әзіл-сықақ отаулары орындаушылық шеберлігі, сахна мәдениеті мен шығарманы халыққа жеткізуі жағынан ерекшеленіп көзге түсті.

Алдағы уақытта Қазалы қаласының атауына 150 жылБасықара бабаның туғанына 260 жыл, Шығыс жастарының жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаевтың туғанына 115 жыл, Кеңес Одағының Батырлары Геннадий Шляпиннің туғанына 105 жылҮрмәш Түктібаевтың туғанына 100 жыл, Халық әртісі Роза Бағланованың туғанына 95 жыл, мемлекет және қоғам қайраткері Әбубәкір Тыныбаевтың туғанына 90 жыл, жазушы-публицист Қалжан Нұрмахановтың туғанына 90 жыл, «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері Талант Бөріқұлақовтың туғанына 70 жыл, Қазақстан Жазушылар және Журналситер Одағының мүшесі, ақын Жетіскен Мәкеналының туғанына 65 жыл толуына орай мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылады.

Ақылы қызмет көрсету жұмыстары 2017 жылдық ақылы қызмет жоспары 7248,6 мың теңге, І тоқсанындағы орындалуы 1650,0 мың теңге.

2017 жылға Қазалы қалалық мәдениет Үйі жанынан құрылған Халық театрына 1,0 штаттық бірлікте режиссер, 1,0 штаттық бірлікте көркемдік жетекші штаты, Қазалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 ақпандағы кезектен тыс ХІІ сессиясының №86 шешімі негізінде Қазалы аудандық мәдениет Орталығы жанындағы «Мелодия» орыс ұлт – аспаптар ансамбліне 1 шт бірлікте көркемдік жетекші, «Әуезовтер» отбаслық ансамбліне 1 шт бірлікте көркемдік штаты берілді.

 Сондай-ақ, «Қазалы аудандық «Жыраулар Үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын ашу үшін 3 штаттық бірлік берілді.

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 26 кітапхана халыққа рухани қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, аудандық орталық кітапхана, аудандық балалар кітапханасы, кенттік, қалалық кітапхана, қалалық балалар кітапханасы және 21 ауылдық кітапхана бар. 2017 жылы қалған ауылдық кітапханаларға компьютер жиынтықтарын сатып алуға аудандық бюджеттен 5,7 млн. теңге қаржы бөлініп мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Ауданда Ғани Мұратбаев мемориалдық музейі мен аудандық тарихи-өлкетану музейі жұмыс жасайды. Музей қорларына 2017 жылдың І тоқсанында 2017 жылдың І тоқсаны бойынша 4380 келуші қамтылды, оның ішінде 1650-і оқушылар, 961-і студент, оларға 172 экскурсия жүргізіліп, 8 мәдени шара ұйымдастырылды.

Қазіргі таңда, аудандық тарихи-өлкетану музейінің көрме залдарына экспозициялық жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта аудан тарихына қатысты қажетті экспонаттарды жинақтап, ашылу жұмыстары қолға алынуда.

Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру «Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытында төмендегі жұмыстар атқарылды. Мемлекеттік органдарда іс-қағаздардың мемлекеттік тілде жүргізу көлемі мен сапасын арттыру мақсатында аудан әкімдігі, дербес бөлімдер мен ауылдық округтерден тоқсан сайын құжат айналымы туралы мәліметтер жинақталып, оларға талдау жұмыстары жүргізілді. 2017 жылдың І тоқсаны бойынша аудан әкімі аппараты, қала, кент, ауылдық округтер мен дербес бөлімдерде 8118 хат мемлекеттік тілде шығысталса, 13131 хат мемлекеттік тілде, 191 хат орыс тілінде кірістелді. Үстіміздегі жылдың 21-22  ақпан аралығында Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы Р.Тасыбаева, аудандық «Қазақ тілі» қоғамыныңтөрайымы Н.Әшір, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің маманы Ж.Ауезханның және «Жастар ресурстық» орталығының қатысуымен көрнекі ақпараттар мен жарнамалар көп шоғырланған Әйтеке би көшесі мен Жанқожа батыр, Қ.Пірімов, В.Счастнов көшелерінің бойындағыкәсіпкерлік нысан иелеріне «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 21-бап талаптарын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру жұмыстары барысында кәсіпкерлерге «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 21-бап талаптары жазылған парақшалар таратылды.

Жоғарыда аталған кәсіпкерлік ғимарат иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, заңға қайшы жарнамаларды ауыстыру қажеттігі ескертілді.

Мемлекеттік тіл саясатын насихаттауға байланысты 15 мақала жарық көрсе, аудан әкімдігінің ресми веб-сайты мен басқа да сайттарға 5 мақала жарияланды.

Сондай-ақ, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мақсатында аудан орталығы Әйтеке би кенті мен ауылдық округтерде әлеуметтік билбордтар ілінді.

2017 жылға мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытында іс-шаралар өткізу үшін аудандық бюджеттен 655,0 мың теңге бөлініп, Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының баға ұсынысын сұрату тәсілібойынша 572,0 мың теңгені жеке кәсіпкер жеңіп алып, жыл көлемінде 9 іс-шара өткізу жоспарланып отыр.Жоспарға сәйкес«Ой сана» орыс тілі білгірлерінің және Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерініңаудандық байқаулары өткізілді.

2017 жылы облыстық комиссияға 1 объектіге, 1 көпірге, 9 көшеге атау беру жөнінде облыстық ономастикалық комиссияға ұсыныстар  берілді. 

Тарихи-мәдени ескерткіштерге байланысты  2017 жылдың І тоқсанында 13 бюст алдын-ала тізімге енгізіліп, теңгерімге алынып, бүгінгі күнге аудан бойынша барлық  ескерткіштер саны  104-ке жетті.

Кіру

×