ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Русский Қазақша
Билік
Құқық
Қоғам
Билік
Құқық
Қоғам

Білім

...

Қазалы аудандық білім бөлімінің 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айында атқарылған жұмыстары туралы анықтама

 

«Қазалы ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2019 жылдың 1 қазанына  6753748,2 мың теңге қаралып, қаралған қаржы 6753648,6 мың теңгеге игеріліп яғни 99,6 пайызға орындалды.

 

I. Мектептер желісі:

Қазалы аудандық білім бөліміне қарасты 42 мекеме жұмыс жасайды.

2019 – 2020 оқу жылында 37 білім беру ұйымы, 33 орта, 3 негізгі және 1 кешкі мектеп жұмыс жасайды. Оның ішінде 3-і шағын жинақты мектеп. 35 мектеп қазақ тілінде, 2 мектеп аралас тілде оқытылады. 37 мекеменің 35-і типтік жобадағы ғимаратта, 2-і ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. Үш ауысымдық мектеп жоқ.

        Оқушы саны:

         2018 – 2019 оқу жылының қорытындысы бойынша аудан мектептерінде 778 сынып – комплектілерінде 14793 оқушы оқу жылын аяқтады. 1 сыныпта – 1738 оқушы, 9 сыныпта – 1250 оқушы, 11 сыныпта – 656 оқушы  мектеп бітірді. ҰБТ-ға 454 оқушы қатысты. 100 және жүзден жоғары бал жинағандар – 90 оқушы, Алтын белгі – 41 оқушы, үздік аттестат – 17 оқушы. Ең жоғары  131 бал №249 Е.Бозғұлов атындағы мектеп – лицейдің түлегі Ділжанов Данабек Орынбайұлы.

         2019 – 2020 оқу жылында аудан мектептерінде 1-11 сыныптарда 15454 оқушы білім алуда. Оның ішінде 1 сыныпта 1971 оқушы, 9 сыныпта – 1165 оқушы, бітіруші 11 сыныпта – 637 оқушы білім алуда.

 II. Инфрақұрылым және материалдық-техникалық база

             Мектептерге жалпы білім беру пәндік кабинеттер бойынша, оның ішінде физика кабинеті бойынша 7 мектепке – 32340,0 мың теңге  (2017 жылы 14000,0 мың теңге), химия кабинеті бойынша 7 мектепке – 30105,6 мың теңге, биология кабинеті бойынша 6 мектепке – 22041,6 мың теңге, робототехника кабинеті бойынша 10 мектепке –27000,0 мың теңге (2017 жылы 16587,2  мың теңге), «3D моделдеу кабинетінің жабдықтарын» сатып алуға -4676,8 мың теңге, «Сандық білім беру» зертханалық аспап кабинетінің құрал-жабдықтарын сатып алуға - 6802,0 мың теңге,«BilimBook білім беру жүйесі-интерактивті компьютер планшет» алуға -9900,0 мың теңге, «Электронды балабақша» бағдарламасын орнатуға -6120,0мың теңге,"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 204 дана «Wi-Fi роутерлі модемін» сатып алуға -1407,6мың теңге, 29 дана «Персоналды мультимедиялық компьютерлер» сатып алуға -4002,0 мың теңге,230 дана «Планшет, электронды күнделік» сатып алуға -  5060,0 мың теңге және интерактивті тақта құрал-жабдығымен - 44639,3 мың теңге (2017 жылы 26461,0 мың теңге) қаржы қаралып тиісті құрал-жабдықтар білім беру ұйымдарына жеткізілді.

          2019 жылдың сәуір айында Тасарық ауылдық елді мекеніндегі №238 орта мектепке оқушыларды тасымалдауға автокөлік алынып, 5792,0 мың теңге қаржысы игерілді.

 

III.Ағымдағы жөндеу

2019 жылы орта және негізгі білім беру ұйымдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен 34040,0 мың теңге бөлінген. (2017 жылы - 29611,0 мың теңге, 2018 жылы – 33666,0 мың теңге,). Бөлінген қаржыға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге қажетті құрылыс және шаруашылық материалдары толығымен алынып, мектептерге таратылып берілді. Білім беру ұйымдарында ағымдағы жөндеу жұмыстарына бөлінген қаржыға сәйкес мектеп ғимараттарына, пән кабинеттеріне, шеберхана, компьютер, мультимедия, лаборатория кабинеттері, акт залы, спорт зал мен асханаларда терезелері мен едендерін сырлау және қабырғаларын әктеу жұмыстары толығымен жүргізілген.

         Білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы туралы білім бөлімінен жұмысшы топ құрылған. Барлық білім беру ұйымдары жаңа оқу жылына (100 пайыз) дайындық актісін алды.

           Сондай-ақ, Қазалы қаласындағы №95 мектептің спорт залының терезесін (пластикке) ауыстыру және спорт зал шатырына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен 7740,0 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары маусым айында толығымен аяқталды.

           Сонымен қатар, Тасарық ауылындағы №238 мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 20732,0 мың теңге, Қ.Пірімов ауылындағы №92 мектептің жылу жүйесін ауыстыруға 6535,0 мың теңге бөлінді.

           

IV. Әлеуметтік жағдайы

         Білім бөліміне қарасты  мектептерде аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын тамақтандыру және оларды киім-кешекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру мақсатында  207021,0 мың теңге қаржы бөлінді.

         Жалпыға бірдей міндетті орта білім қорының шығындары (ыстық тамақ) бөлінген қаржы  3240 оқушыға 185608,0 мың теңге. Жан басына шаққанда 1 оқушыға 440 теңге 00 тиын. Қазіргі таңда 80557,0 мың теңге қаржы игерліді.

          Қазіргі таңда қарқынды түрде жұмыстар жүргізіліп, тиісті қызметтер атқарылуда.

Республикалық бюджет

          Еңбек ақы көлемін ұлғайтуға 1137241,0 мың теңге бөлініп, Олар:-

          Мектептерде 1-10 сыныптар аралығында «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сабақ беретін мұғалімдерге қосымша 30 пайыз ақы төлеуге» мектептерге - 509794,0 мың теңге бөлініп 232741,0 мың теңге игерілді.

          «Ұлттық Біліктілік тестінен өткен мұғалімдерге  педагогикалық шеберлік біліктілігі үшін /модератор,сарапшы,зерттеуші, шебер/ қосымша ақы төлеуге»- 220315,0 мың теңге бөлініп 55125,0 мың теңге игерілді.

          «Мектептердегі педагог-психологтардың лауазымдық жалақыларының мөлшерін   ұлғайтуға»- 4934,0 мың теңге бөлініп 3674,0 мың теңге игерілді.

          «Мектептегі педагог-психологтардың педагогикалық шеберлік біліктілігі үшін қосымша ақы төлеуге»- 6716,0 мың теңге бөлініп 152,0 мың теңге игерілді.

          «Мектептердегі тілдік курстан өткен ағылшын тілінде оқытатын  мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге»-25240,0 мың теңге бөлініп 9445,0 мың теңге игерілді.

          «Тілдік курсқа кеткен негізгі қызметкердің оқу кезеңінде орынына жұмыс атқарған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге»- 14646,0 мың теңге бөлініп қазіргі таңда 5612,0 мың теңге игерілді.

          Облыстық бюджеттен 2017 жылғы пайдалануға берілген №93,98,102,259 мектептер және 2018 жылғы жаңадан іске қосылған №276 мектеп нысандарын ұстау шығындарына 152556,0 мың  теңге бөлініп 114178,0 мың теңге игерілді және мектептерді 7 дефектолог штаттарымен қамтамасыз етуге 12375,0 мың теңге бөлініп 6245,0 мың теңге игерілді.

            Аудандық бюджеттен білім бөлімі аппаратына 24467,0 мың теңге бөлінді.

         Білім бөліміне қарасты мектептерге барлығы  6599049,0 мың теңге жоспарланды.

         Еңбек ақы қорына барлығы 5127121,0 мың теңге, әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдарға 405349,0 мың теңге, №70, №100, №134 мектептердің жанындағы интернаттарға 121 баланы тамақтандыру үшін азық түлік өнімдерін сатып алуға 9716,0 мың теңге, мектептер жанындағы шағын орталықтар мен интернаттарға дәрілік заттар сатып алуға 661,0 мың теңге, отын, жанар-жағар май материалдарын сатып алуға 366640,0 мың теңге, шаруашылық заттар, құрылыс заттарын және кеңсе заттарын сатып алуға 39251,0 мың теңге, коммуналдық қызметтерге /су,жарыққа, орталықтандырылған жылуға/ 255280,0 мың теңге, байланыс қызметіне /абоненттік төлемге, интернет желісіне/ 31707,0 мың теңге, өзге де қызметтер мен жұмыстарға 86560,0 мың теңге, ел ішіндегі іс сапарларға 33495,0 мың теңге, жалпыға бірдей міндетті білім қорына 221150,0 мың теңге, өзге де ағымдағы шығындарға 18875,0 мың теңге жұмсалынады.

           Аудандық мемлекеттік білім беру мекемелері үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткізу үшін 174035,2 мың теңге, балаларға қосымша білім беруге / Аудандық музыка мектебі, оқушылар үйі, Шағала тынығу орталығы/   300464,0 мың теңге, мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізуге 771,0 мың теңге бөлінді.

            Жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған 66 баланы күтіп-ұстауға қамқоршыларға ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдеріне 19731,0 мың теңге, патронат тәрбиешілерге берілген 4 ата ана мен 6 баланы асырап бағуға 14798,0 мың теңге, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға 335682,0 мың теңге, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз етуге «Балдырған» балабақшасына  114368,0 мың теңге, балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуге 19079,0 мың теңге және психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне 14310,0 мың теңге ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстарына №238 мектепке күрделі жөндеу жүргізуге 18682,0 мың теңге бөлініп, мектеп іргетасы қаланып, мектеп қабырғалары сыланып қарқынды жұмыстар жүріп жатыр.

          2019 жылдың сәуір айында Тасарық ауылдық елді мекеніндегі №238 орта мектепке оқушыларды тасымалдауға автокөлік алынып, 5792,0 мың теңге қаржысы игерілді.

V. Инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету

         2018-2019 оқу жылында барлық 37 білім беру ұйымының 34-де /92%/ 359 мүмкіндігі шектеулі балалар білім алса, 2019 – 2020 оқу жылында 34 мектепте 417 мүмкіндігі шектеулі балалар білім алуда..

         ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2009 жыл 16 наурыз күнгі  №4-02-4/450 санды «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға кіріктірілген (инклюзивті) білім беруді ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымның» 2-бөлімі 11- пунктіне сәйкес соңғы үш жыл ішінде ерекше білім алуды қажет ететін балаларға түзету жұмыстарын жүргізу үшін 15 мектепте /№249,266,234,216,70,204,226,16,165, 276,17,170,91,92,25/ арнайы мамандарға /дефектолог, логопед/ штат бірлігі ашылып, қазіргі таңда мамандар сөйлеу тілінде бұзылысы бар және оқу үлгерімінде қиындықтар келтіріп отырған оқушылармен коррекциялық жұмыстар жүргізуде. 

         Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде инклюзивті білім беруге жағдай жасап отырған мектептер үлесі 40,5 пайызды құрады.

Жалпы ауданымызда ерекше білім алуға қажеттіліктері бар  балаларға  қолдау көрсету,арнайы мамандармен қамту үлесі артып келеді.

 

 

VI. Оқу – әдістемелік жұмыстар

Ағымдағы жылдың 9-11 ақпан күндері №204 орта мектеп базасында «Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің ІІІ республикалық байқауының аудандық кезеңі болып өтті. Талантты жас педагогтарды анықтау, педагог еңбегінің дәрежесін көтеру мақсатында өткізілген байқауға 16 жас педагог қатысты. Байқау ережесіне байланысты қатысушылардың эссе жұмыстары, «Шығармашылық жолдың бастамасы» тақырыбында өзін-өзі таныстыру, сонымен қатар ашық сабақтары бағалау критерийлеріне сәйкес сарапталып, нәтижесінде №276 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Әбдраш Анэль І орын, №249 мектеп-лицейдің ағылшын тілі пәні мұғалімі Қожахмет Эльвира ІІ орын, №70 орта мектептің география пәні мұғалімі Жанарыстан Ерболат пен №78 орта мектептің география пәні мұғалімі Шертай Ерхан ІІІ орынды иеленсе, №182 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Жеткербаева Бекзат пен №17 орта

 

 

 

 

 

мектептің биология пәні мұғалімі Әлімжан Айдана алғыс хат иеленді. Байқаудың облыстық кезеңінде облысқа жолдама алған №276 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Әбдраш Анэль «Үздік ашық сабақ» бағамымен марапатталды.

         Қазалы ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты барлық білім беру ұйымдары директорының бейінді оқыту жұмыстары жөніндегі орынбасары арасында шығармашылықпен жұмыс жасайтын, оқушыларды кәсіби даярлау жұмыстарының шеберін анықтау, оларды қолдау және тәжірибесін тарату, мектеп директорының бейінді орынбасарларының  мәртебесін көтеру, оқушыларға кәсіби диагностикалау жұмыстарын тиімді ұйымдастырудағы  іс-тәжірибесін тарату,  кәсіби әлеуетін көтеру, білім беру саласындағы жаңашыл, ізденімпаз, кәсіби сауатты  заманауи орынбасарды  анықтау және нәтижелі жұмыс тәжірибелерін тарату, басқарудың тиімді тәжірибелерін анықтау мақсатында  «Үздік бейінді орынбасар-2019» байқауы 2019 жылдың 8 ақпан күні  №165 мектеп базасында өткізілді. Сайыс қорытындысы бойынша №266 мектеп-лицей директорының бағдарлы жұмыстары жөніндегі орынбасары Б.Райсова бас жүлде иегері атанып, 1 наурыз күні өткен облыстық сайыста арнайы Алғыс хатпен марапатталды.

     Елбасының Ұлы Даланың жеті қыры атты 2018 жылы 21 қарашадағы мақаласы бойынша аудандық білім бөлімінде және мектептерде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оқушылар мен білім қызметкерлері, ата-аналар арасында іс- шаралар ұйымдастырылуда.

         Қаңтар айында жоспарға сәйкес, Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектепте  8 қаңтар күні «Болашаққа бағдар- рухани жаңғыру» дөңгелек үстел өткізілді.  Дөңгелек үстел барысында, 10-11 сынып оқушылары және мектеп мұғалімдері де өз ой-пікірлерін ортаға салды. 

         2019 жылдың 11 қаңтары күні Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері, география пәнінің мұғалімі А.Сапардың атындағы аудандық дәстүрлі командалық олимпиада болып өтті. Білімнің салтанат құруы, оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін айқындау, ғылыми – зерттеу жұмыстарына деген қызығушылықтарын арттыру арқылы дарынды оқушыларды қолдау үшін қажетті жағдай жасай отырып, оқушылардың пәнді тереңдетіп оқуға деген қызығушылығы мен қабілеттерін жан- жақты дамыту. Командалық олимпиаданың ашылу салтанатында аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Е.Утепбергенов олимпиада ережесіне тоқталып өтті. Сонымен қатар  «Құрмет» орденінің, Европаның ғылыми-өндірістік палатасының «Алтын медалінің» иегері К.Б.Мергенбаева мен аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Раман олимпиадаға қатысушыларға сәттілік тіледі. Олимпиадаға қатысушы командалар теориялық және практикалық тапсырмалардан тұратын 4 кезең бойынша пәндік білімдерін көрсетті.Олимпиада қорытындысы туралы қазылар алқасының шешіміне сай  ІІІ орынды № 70 орта мектептің «Компас» командасы, ІІ орынды №226 мектеп-гимназияның «Керемет төрттік» командасы, І орынды №17 орта мектептің «Ұлы дала зерттеушілері» командасы иеленді. А.Сапардың атындағы дәстүрлі «Жас географтар» Кубогын, «Бас жүлдені»  № 249 мектеп-лицейдің «Шоңғал» командасы жеңіп алды.

         2019 жылдың  02 наурызында «Менің кіші Отаным» жас тарихшылардың интеллектуалдық байқауы Аудандық Оқушылар Үйі базасында болып өтті. Байқауға 9 сынып оқушыларынан 120 қатысушы қатысты. Байқаудың мақсаты туған ел тарихына қызығушылық танытқан талантты оқушыларды, олардың шығармашылық қабілеттерін анықтау, өскелең ұрпақ бойында қоғамдық белсенділікті және қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру. Байқау екі кезеңнен тұрды. Оқушылар  AСTIVote құрылғысымен тест тапсырмасын орындады. Екінші кезеңде команда мүшелері 4 номинация бойынша байқауға қатысып, жүлделі орындармен марапатталды. Нәтижесінде 2019 жылғы 11наурыз күні «Менің кіші Отаным» атты жас тарихшылар интеллектуалдық байқауының облыстық кезеңі Қызылорда қаласындағы № 8 орта мектеп базасында өткізіліп, байқаудың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша  «Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша IІ дәрежелі дипломымен №225 орта мектептің 9 сынып оқушысы Дәулетбай Асылзат, «Менің туған өлкем» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломымен №165 орта мектептің

9 сынып оқушысы  Жиылыс Баян, «Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломымен  №249 мектеп - лицейдің 9сынып оқушысы Тиышбай Санат, «Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломымен №17 орта мектептің 9сынып оқушысы Әділбек Мұхаммед  марапатталды.
    2019жылдың  06 наурызында «Қазақстандық Тутанхамон» тақырыбында оқушылардың ғылыми конференциясы  № 102 орта мектеп базасында өткізілді. Конференция барысында, оқушылар қазақ жеріндегі көшпенділердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін насихаттады.  Қазақ хандығының құрылуындағы тарихи тұлғаларды насихаттауда «Қазақ хандығы» тақырыбында бейнефильмдер  топтамасы көрсетілді. «Алтын адам» виртуалды экспедициясы арқылы таныстырылым көрсетілді.

         Мектеп оқушылары арасында  «Ұлттық мектеп  лигасы» жарысының аудандық іріктеу кезеңі 18 қаңтар – 16 ақпан аралығында спорттың 6 түрінен екі жас ерекшелік (5-8 сынып  және 9-11 сынып ) бойынша (баскетбол, волейбол, кіші футбол, гандбол, футбол және шахматтан)  жарыс өткізіліп, жеңімпаздар анықталды.  Жарысқа аудан бойынша  1900 оқушы тартылды. Аудандық  іріктеу жарысында жеңімпаз атанған мектептер облыстық іріктеу жарысына 15-24 ақпан аралығында қатысты. Кіші футболдан (9-11 сынып) ер балдар №266 мектеп-лицей командасы қатысып жүлделі ІІІ орын, Кіші футболдан (9-11 сынып) қыз балдар №104 мектеп командасы қатысып жүлделі І орын, Волейболдан (9-11 сынып) қыз балдар №92 мектеп командасы қатысып жүлделі ІІІ орын, Шахматтан (5-8 сынып) оқушылары арасындағы жарысқа №16 мектеп-лицей командасы қатысып жүлделі ІІ орын, Баскетболдан(9-11 сынып) ер балдар №234 мектеп командасы қатысып жүлделі І орын, Баскетболдан (7-8 сынып) ер және қыз балдар арасында өткен жарысқа  №234,№216 мектеп командалары қатысып жүлделі І орын және Гандболдан (9-11 сынып) ер және қыз балдар арасында өткен жарысқа  №91,№165 мектеп командалары қатысып жүлделі І орын алды.

         Осы аталған облыстық іріктеу «Ұлттық мектеп  лигасы» жарысында жүлделі І орын алған жеңімпаз мектептер, Республикалық «Ұлттық мектеп  лигасы» жарысына жолдама алды.

13-14 наурыз күндері Мектеп оқушылары арасында «Ұлттық ойындар-рухани байлығымыз» атты ұлттық спорттық ойынның 12 түрлерінен облыстық спартакиадасына іріктеу жарысы Спорт кешені мен стадионда және №№266,249,204,170,216 мектеп базаларында өткізілді. Жекелеген спорт түрлеріннен орынға ие болған мектеп: «Гір тасын көтеруден» І орын №249 мектеп-лицей, ІІ орын №24 мектеп және ІІІ орын №266 мектеп-лицей, «Тоғызқұмалақтан» І орын №92 мектеп, ІІ орын №234 мектеп және ІІІ орын №266 мектеп-лицей, «Ләңгі тебуден» І орын №94 мектеп, ІІ орын №24 мектеп және ІІІ орын №204 мектеп, «Бес асықтан» І орын №97 мектеп, ІІ орын №249 мектеп-лицей және ІІІ орын №165 мектеп, «Мергендер» сайысынан №170 мектеп, ІІ орын №225 мектеп және №103   мектеп, «Жаяу жарыстан» І орын №276 мектеп, ІІ орын №88 мектеп және ІІІ орын №249 мектеп-лицей, «Шоқпарласудан» І орын №204 мектеп, ІІ орын  №98 мектеп және ІІІ орын №24 мектеп, «Қол күрестен» І орын №24 мектеп, ІІ орын  №204 мектеп және ІІІ орын №92 мектеп, «Асық атудан» №170 мектеп, ІІ орын №249 мектеп-лицей және ІІІ орын №90 мектеп, «Бұқа тартыстан» І орын №249 мектеп-лицей,ІІ орын №266 мектеп-лицей және ІІІ орын №70   мектеп, «Арқан тартудан» І орын №249 мектеп-лицей, ІІ орын №70 мектеп және ІІІ орын №216 мектеп, «Белдеспектен» І орын №165 мектеп, ІІ орын №216 мектеп және №266 мектеп лицей командалары иеленді. Өткізілген 12 спорттық ойындарда жеңімпаз атанған оқушыларды Аудандық білім бөлімінің «Дипломымен» марапатталды. Осы аудандық мектеп оқушылары арасында өткізілген іріктеу жарысында жеңімпаз атанған мектеп оқушылары 26-27 наурыз күндері облыстық спартакиадаға қатысатын болады.

25-27 наурыз күндері аралығында Облыстық мектеп оқушылары арасында  «Ұлттық ойындар-рухани байлығымыз» атты ұлттық спорттық ойынның
12 түрінен облыстық спартакиадасы өткізіліп, аталған жарыстың қорытындысы бойынша 10 түрінен жүлделі орындарды иеленіп, жалпы командалық есепте
Қазалы ауданы І орынмен марапатталды.

         Ағымдағы жылдың 18 наурыз күні № 170 орта мектеп базасында ауданық білім бөлімінің  ұйымдастыруымен  ҚР Жастар жылына арналған XIV Халықаралық «Жұлдызай»  балалар шығармашылық фестивальінің аудандық іріктеу кезеңі болып өтті.Фестивальге  білім беру ұйымдарындағы ерекше білім алуға қажеттілігі бар балалар қатыстырылды.Фестивальдің мақсаты әр баланың ерекше жеке шығармашылық әлеуетін қалыптастыру ,шығармашылығын дамытуға  ықпал етіп  қолдау көрсету. Аталмыш фестивальге 33-ке жуық өнерпаз қатысты. Шараның ережесіне сай вокал, хореография , сәндік-қолданбалы, бейнелеу өнері бойынша өз өнерлерін ортаға салып, көрерменге жақсы көңіл күй сыйлады. Фестиваль аясында  өнерпаздарының күш-жігеріне , өмірге құштарлығын байқата түсті. Әсем әуезді ән шырқап, би билеген балалар сахнаның сәнін келтірді. Қылқалам шеберлері мен  қолөнершілердің көрмесі  де елеусіз қалмай, көңіл төрінен өзіндік орын алды.

Фестивальге қатысушы балалар аудандық білім бөлімінің алғыс хаттарымен және балалардың өнерінің шыңдалуына үлес қосқан жетекшілерді дипломдармен марапаттап, аудандық псхологиялық-педагогикалық медициналық консультация мекемесі демеушілік жасап сыйлықтармен марапаттады.

      Байқау қорытындысы бойынша жұлдызы жанғандар фестивальдің облыстық кезеңіне №266 мектеп-лицей оқушысы Қаржаубай Нұрлан бейнелеу өнері, №234 мектеп оқушысы Жылқыбай Бағлан қолданбалы өнері бойынша  жолдама алды.

     Өмірін өнермен өрнектеп жүрген жасөспірімдеріміздің барлығы да «Жұлдызайдың» нағыз жұлдыздары.

         2019 жылдың 23 қаңтар күні Қазалы  ауданында №165 орта мектеп базасында ақын Әбділда Тәжібаевтың 110 жасқа толуына орай жалпы білім беру ұйымдарының 6-11 сынып оқушылары арасында «Семсер жырдың қорғаны- Әбділда Тәжібаев» тақырыбында  аудандық  Әбділда оқулары байқауы өтті. Қазылар алқасының шешімімен байқау қорытындысы бойынша талапқа сай дайындалып, бағалау критерийлеріне сәйкес жақсы ұпай жинаған төмендегі оқушылар І,ІІ,ІІІ орындармен марапатқа ұсынылды.

         «Толағай ақын, толастамас жыр иесі» номинациясы бойынша ақын өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқудан

         І орын №226 мектеп-гимназияның 6-сынып оқушысы Айдарбекова Ғазиза /жетекшісі Жөлекеш Мирамкүл/

         ІІ орын №102 мектептің 7-сынып оқушысы Меңдіқара Саят /жетекшісі Набиева Қаракөз/

ІІІ орын №190 мектептің 8-сынып оқушысы Қанат Ержан

         №216 мектептің 7-сынып оқушысы Айтбай Гүлім /жетекшісі Өтегенова Лиза/

 «Әбділда Тәжібаев-ірі драматург» номинациясы бойынша ақынның драмалық шығармаларынан сахналық қойылым қоюда

         І орын «Той боларда»  драмасымен үздік шыққан №249 мектеп-лицейдің өнерпаздары  /Жетекшісі Сағымбаева Әлия/

         ІІ орын «Майра» драмасымен  №24 орта мектеп өнерпаздары /жетекшілері П. Қайназарова,   Б. Елбосын/

         ІІІ орын №165 орта мектеп пен №226 мектеп-гимназия өнерпаздары  /жетекшілері Г. Тоқабай, Ш. Прманова/

         «Шабытым жайсын қанатын» номинациясы бойынша жас ақындар

І орын  №91 орта мектептің 11-сынып оқушысы Әбілқасым Мадияр /жетекшісі Оразалы Айнұр/

ІІ орын №98 орта мектептің 10-сынып оқушысы Серік Бекзат /жетекшісі Абытова Өркен/

ІІІ орын №90 орта мектептің 9-сынып оқушысы Махашов Әлихан /жетекшісі Түрікбенәлі Жақсыгүл/

 І орын жеңімпаздары ағымдағы жылдың 30 қаңтарында Қызылорда қаласында өткен облыстық байқаудың «Толағай ақын, толастамас жыр иесі» номинациясы бойынша ақын өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқудан №226 мектептің 6-сынып оқушысы Айдарбекова Ғазиза   /жетекшісі Жөлекеш Мирамкүл/,  «Шабытым жайсын қанатын» номинациясы бойынша жас ақын №91 мектептің 11-сынып оқушысы Әбілқасым Мадияр өз шығармашылығымен /жетекшісі Оразалы Айнұр/, «Әбділда Тәжібаев-ірі драматург» номинациясы бойынша ақынның драмалық шығармаларынан сахналық қойылым қоюда «Той боларда» драмасымен №249 мектеп-лицейдің бір топ оқушылары  Есекеев Нұрсәт, Қанибаев Асылхан, Насрадин Ғазиза, Бекаралова Нұрайым, Шыныбекова Аружан, Сәдуақасов Перизат, Ізтілеуов Жандос, Жиенбай Айдос, Әбдірахым Балнұр, Әмірхан Ақниет /жетекшісі Сағымбаева Әлия/ ІІ орындарды жеңіп алып, ауданымыздың абыройын асырды.

Облыстық білім басқармасының 2019 жылдың 17 қаңтардағы №04-нқ/1 санды бұйрығына сәйкес Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау бағытында Алғыс күніне арналған «Ризашылық-мейірімділік бұлағы» жобасы аясында республикалық дебаттық турнирдің аудандық кезеңі 2019 жылдың 31 қаңтар күні №266 мектеп-лицей базасында өтті.  Нәтижесінде №16 мектеп-лицейден жасақталған «Руханият уығы» командасы дебаттың облыстық кезеңіңе қатысып, ІІІ орынды жеңіп алды.

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен жалпы орта білім беру мекемелеріндегі оқыту қазақ тілінде емес сыныптардың «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні мұғалімдері арасында                 2019 жылдың 1 ақпан күні өткен облыстық «Үздік тіл маманы-2019» педагогикалық байқауына Қазалы ауданынан №266 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімі Зеева Ләззат қатысып, жоғары деңгейде шығармашылық сабақ көрсетіп, «Креативті мұғалім» номинациясын жеңіп алып,  облыстық тілдерді оқыту орталығының ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. 

Облыстық білім басқармасының 2019 жылдың  6 ақпан күнгі №14-нқ/1 санды хатына сәйкес «Ауылым-алтын бесігім» атты әлеуметтік республикалық жобалар байқауының облыстық кезеңіне қатысқан  №225 мектептің 9-сынып оқушысы Дәулетбай Асылзат ІІ орын иеленіп, республикалық байқауға жолдама алды. Нәтижесінде ІІ орынды жеңіп алды.

2019 жылдың  13 ақпан күні №204 мектеп базасында жалпы білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған республикалық Мұқағали Мақатаев оқуларының аудандық кезеңі өтті. Аудандық Мұқағали оқулары байқауына 21 мектептен 21оқушы қатысып, 7 тур бойынша сынға түсті. Нәтижесінде

І орын       №94 мектептің 7-сынып оқушысы Ұлманбет Манзура

ІІ орын      №93 мектептің 8-сынып оқушысы Нағашыбай Ақылбай

ІІІ орын     №170 мектептің 7-сынып оқушысы Әзен Гауһар

                №190 мектептің 8-сынып оқушысы Қанат Ержан

Алғыс хат  №249 мектептің 10-сынып оқушысы Нағымар Меруерт

                   №234 мектептің 8-сынып оқушысы Қонысбай Аружан

                №100 мектептің 9-сынып оқушысы Нұрман Индира

І орын иеленген №94 мектептің 7-сынып оқушысы Ұлманбет Манзура мен  ІІ орын иеленген №93 мектептің 8-сынып оқушысы Нағашыбай Ақылбай Мұқағали оқулары байқауының облыстық кезеңіне қатысып, нәтижесінде облыстық Мұқағали оқуларына Қазалы ауданынан №93 орта мектептің 8-сынып оқушысы Нағашыбай Ақылбай мен №94 мектептің 7-сынып оқушысы Ұлманбет Манзура қатысып, Нағашыбай Ақылбай жүлделі  ІІ орынды, Ұлманбет Манзура  ІІІ орынды жеңіп алды.

         2019 жылдың  12 ақпан күні №234 мектеп базасында қазақ тілі мен әдебиетінен Қ. Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Нәтижесінде:

11-сыныптар бойынша

І орын       №70 мектептің 11-сынып оқушысы Бибіт Айгүл

ІІ орын      №102 мектептің 11-сыныптың оқушысы Емберген Сәния

ІІІ орын     №234 мектептің 11-сынып оқушысы Бөлекбай Ақнұр

Алғыс хат №104 мектептің 11-сынып оқушысы Қартқожақ Ғазиза

               №93 мектептің 11-сынып оқушысы Құттыбай Жанель

10-сыныптар бойынша

І орын       №70 мектептің 10-сынып оқушысы Тілектес Ақерке

ІІ орын      №226 мектептің 10-сынып оқушысы Алпысбаева Дана

ІІІ орын     №102 мектептің 10-сынып оқушысы Тәжібай Ақерке

Алғыс хат  №17 мектептің 10-сынып оқушысы Игенбайқызы Байан

                   №249 мектеп-лицейдің 10-сынып оқушысы Жамағат Ақнұр

9-сыныптар бойынша

І орын       №266 мектептің 9-сынып оқушысы Бақтыберлина Нұрай

ІІ орын      №93 мектептің 9-сынып оқушысы Алтынбек Шахкәрім

ІІІ орын     №70 мектептің 9-сынып оқушысы Тоғамыс Айжан

Алғыс хат  №249 мектептің 9-сынып оқушысы Зинаддин Ж

                   №102 мектептің 9-сынып оқушысы Таяубай Ақбаян

          94 орта мектептің 4-сынып оқушысы, талантты әнші  Серік Мадияр облыстық, республикалық «Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауынан бас жүлдені иемденіп, Болгарияда өткен халықаралық байқауда ГРАН ПРИ жеңіп алды.

          2019 жылдың 19 қыркүйекте жалпы білім беру ұйымдарының 6-9 сынып оқушыларына арналған «Ел ертеңі-білімді жастар» тақырыбында облыстық ақындар мүшәйрасының  І (аудандық) кезеңі өткізілді. Нәтижесінде:

№102 мектептің 8-сынып оқушысы Нұрсұлтан Балдырған – ІІ орын

№92 мектептің 7-сынып оқушысы Сақыбай Назерке – ІІІ орын

№182 мектептің 6-сынып оқушысы Болатқызы Балауса- ІІІ орын

№70 мектептің 9-сынып оқушысы Қарабек Ерасыл-  ІІІ орын

          2019 жылғы 20 қыркүйекте «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» облыстық байқауында Жалғасбай Елдос 2 номинация бойынша жеңімпаз атанып, республикалық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі: Оқушылар үйінің «Электротехника» үйірмесінің жетекшісі Ораз Қайрат.

2019 жылдың 21 қыркүйек күні №216 орта мектеп базасында аудандық «Үздік өлкетанушы-2019» байқауы өтті. Байқауға қатысушылар Ережеге сәйкес 3 кезең бойынша  сынға түсті.

І кезең «Бір сабақ-бір әлем» мұғалімдердің ықшам сабағы

ІІ кезең «Ауыл-ел бесігі» тақырыбында бейнеролик

ІІІ кезең. Мұғалімнің шығармашылық шеберханасы

«Үздік» деп танылып, І,ІІ,ІІІ орын алған  төмендегі мұғалімдер аудандық білім бөлімінің Мақтау қағаздарымен марапатталды.

Тарих пәні бойынша

 №25 мектептің мұғалімі Сариева Гауһар-І орын;

 №226 мектептің мұғалімі Олжакеш Асқар  – ІІ орын;

 №94 мектептің  мұғалімі Әбдіразақ Индира- ІІ орын;

 №234  мектептің мұғалімі Әли Майра- ІІІ орын;

№249 мектептің мұғалімі Ізтілеуов Дархан – ІІІ орын;

№170 мектептің мұғалімі Шүкірәлиева Майра-ІІІ орын.

География пәні бойынша

№70 мектептің мұғалімі Арзақын Қарлыға-ІІ орын;

№165 мектептің мұғалімі Жабағиева Гүлсара – ІІІ орын.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша

№70 мектептің мұғалімі Көмекбаева Айгүл-ІІ орын;

№226 мектеп-гимназияның мұғалімі Оразбаева Зәуре-ІІІ орын.

Музыка пәні бойынша

№90 мектептің мұғалімі Рахманберген Нұрсұлу-ІІ орын.

Тарих пәні бойынша І орын алған №25 мектептің мұғалімі Сариева Гауһар, география пәні бойынша ІІ орын алған №70 мектептің мұғалімі Арзақын Қарлыға, қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша ІІ орын алған №70 мектептің мұғалімі Көмекбаева Айгүл, музыка пәні бойынша    №90 мектептің мұғалімі Рахманберген Нұрсұлу байқаудың облыстық кезеңіне ұсынылды.

2019 жылғы 24 қыркүйекте республикалық «Qazaq Epos» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қобыланды батыр жырын жатқа айтудан «Тұлпар мініп, ту алған» конкурсының аудандық кезеңі  өтті. Нәтижесінде:

І орын - №170 орта мектептің 9-сынып оқушысы Әзен Аяулым /жетекшісі                   М. Омарова/;

ІІ орын - №249 мектеп-лицейдің 11-сынып оқушысы Қонысбай Гүлзира, /жетекшісі Әлішева Гүлфайруз/;

ІІІ орын - №170 мектептің 8-сынып оқушысы Әзен Гауһар /жетекшісі Көшекпаева Жадыра/

          2019 жылдың 27-29 қыркүйек аралығында Қызылорда облысының білім басқарамасы және облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту мақсатында білім қызметкерлері арасында спорттың 9 түрінен (Волейбол, Футбол, Баскетбол, Үстел теннисі, Шахмат, Тоғызқұмалақ, Гіртасын көтеру, Арқан тарту және Қол күрестен)  дәстүрлі облыстық спартакиада болып өтті. Нәтижесінде:

Қол күресінен – ІІ орын;

Шахмат – ІІ орын;

Футбол – ІІ орын;

Гір тасын көтеруден – ІІ орын алып, жалпы командалық есепте Қазалы ауданы ІІ орын.

          2019 жылдың 30 қыркүйек – 03 қазан аралығында «Ұстаздар күні» мерекесіне орай білім саласының қызметкерлері арасында «Сергектік» эстафеталық жарысының аймақтық (іріктеу) кезеңі ұйымдастырылды. Аймақтық кезеңге 28 мектептің командалары қатысып, 6 мектептің командалары (№96, №190, №16, №258, №266, №249) 2019 жылғы 11 қазанда №276 орта мектебінің спорт залында өткізілетін ақтық кезеңге жолдама алды.

 



...
Қазалы ауданының білім бөлімінің 2019 жылдың қаңтар-маусым айында атқарылған жұмыстары туралы анықтама

          «Қазалы ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2019 жылдың 1 шілдесіне  5004150,0 мың теңге қаралып, қаралған қаржы 5003875,1 мың теңгеге игеріліп яғни 99,99 пайызға орындалды.

         I. Мектептер желісі:

Қазалы аудандық білім бөліміне қарасты 42 мекеме жұмыс жасайды.

2018 – 2019 оқу жылында 37 білім беру ұйымы, 33 орта, 3 негізгі және 1 кешкі мектеп жұмыс жасайды. Оның ішінде 3-і шағын жинақты мектеп. 35 мектеп қазақ тілінде, 2 мектеп аралас тілде оқытылады. 37 мекеменің 35-і типтік жобадағы ғимаратта, 2-і ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. Үш ауысымдық мектеп жоқ.

         Оқушы саны:

         2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша аудан мектептерінде 778 сынып – комплектілерінде 14793 оқушы оқу жылын аяқтады. 1 сыныпта- 1738 оқушы, 9 сыныпта- 1250 оқушы, 11 сыныпта- 656 оқушы  мектеп бітірді. ҰБТ-ға 454 оқушы қатысты. 100 және жүзден жоғары бал жинағандар-90 оқушы, Алтын белгі-41 оқушы, үздік аттестат -17 оқушы.Ең жоғары бал 131 бал №249 Е.Бозғұлов атындағы мектеп-лицейдің түлегі Ділжанов Данабек Орынбайұлы.

           II. Инфрақұрылым және материалдық-техникалық база

             Мектептерге жалпы білім беру пәндік кабинеттер бойынша, оның ішінде физика кабинеті бойынша 7 мектепке – 32340,0 мың теңге  (2017 жылы 14000,0 мың теңге), химия кабинеті бойынша 7 мектепке – 30105,6 мың теңге, биология кабинеті бойынша 6 мектепке – 22041,6 мың теңге, робототехника кабинеті бойынша 10 мектепке –27000,0 мың теңге (2017 жылы 16587,2  мың теңге), «3D моделдеу кабинетінің жабдықтарын» сатып алуға -4676,8 мың теңге,  «Сандық білім беру» зертханалық аспап кабинетінің құрал-жабдықтарын сатып алуға - 6802,0 мың теңге, «BilimBook білім беру жүйесі-интерактивті компьютер планшет» алуға -9900,0 мың теңге,  «Электронды балабақша» бағдарламасын орнатуға -6120,0мың теңге,  "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 204 дана «Wi-Fi роутерлі модемін» сатып алуға -1407,6мың теңге, 29 дана «Персоналды мультимедиялық компьютерлер» сатып алуға -4002,0 мың теңге, 230 дана «Планшет, электронды күнделік» сатып алуға -  5060,0 мың теңге  және интерактивті тақта құрал-жабдығымен - 44639,3 мың теңге (2017 жылы 26461,0 мың теңге) қаржы қаралып тиісті құрал-жабдықтар білім беру ұйымдарына жеткізілді.

          2019 жылдың сәуір айында Тасарық ауылдық елді мекеніндегі №238 орта мектепке оқушыларды тасымалдауға автокөлік алынып, 5792,0 мың теңге қаржысы игерілді.

      III. Өрт қауіпсіздігін сақтауға байланысты

         2018 жылы 33 мектеп ғимаратына 3335,0 мың теңгеге найзағайдан қорғау құрылғысы орнатылды. Сонымен қатар 37 мектепке 1036,0 мың теңгеге өрт сөндіру қалқанын және 1092,0 мың теңгеге өрт сөндіргіш құралдары алынып берілді.

                2019 жылы шатырды өртке қарсы сұйықтықпен өңдеуге, өрт дабылы қондырғыларына күтім жасауға және өрт дабылы қондырғыларын орнатуға аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне бюджеттік өтінімдер дайындалып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

          IV.Ағымдағы жөндеу

          2019 жылы мектептерге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен 33420,3 мың теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржыға мектептерге қажетті шаруашылық (cыпырғыш,еден жуатын материал,мырыш шелек, балға,лампочка, кір жуатын ұнтақ, сабын,күрек) және кеңсе (кеңсе қағазы, тақта боры,қаламсап, степлер, дыракол, қалың дәптер, реестр папка) құрылыс заттары (түрлі-түсті сыр, ақ эмаль, көк, қызыл, олиф, цемент,алинекс, лак, әк, сыр щеткасы) қаралып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

           Бөлінген қаржыға қажетті шаруашылық және құрылыс заттары алынып, есік, терезе, едендерді сырлау, ішкі және сыртқы тазалық жұмыстарын жүргізу, сынған парта мен орындықтарды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

         Ү.Түктібаев ауылындағы Б.Әбдразақов атындағы №88 мектеп бойынша 12963,0 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары аясында мектептің жылу жүйесі ауыстырылып, кіре беріс төбесін жөнделді, ғимарат алдына пандус орналастырылып, кіреберіс баспалдақтары мен сыртқы есікті ауыстырылды.

         Ғ.Мұратбаев атындағы №91 мектеп бойынша 20000,0 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары аясында ғимараттың терезелері, ішінара есіктері, едені мен жылу жүйесі электр лампаларын ауыстырылды.

         Әйтеке би кентіндегі №7 «Балдырған» балабақшасы бойынша 16000,0 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары аясында ғимараттың ауыз су мен кәріз жүйесі, балалар әжетханасы жаңадан салынды.

         Тасарық ауылдық елді мекеніндегі №238 орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 18629,0 мың теңгеге конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу веб порталына жарияланды.

          Қашақбай Пірімов ауылындағы Қ.Күлетов атындағы №92 орта мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстарына 6364,0 мың теңгеге конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу веб порталына жарияланып 3362,2 мың теңгеге жеңімпаз келісім шартқа отырып, тиісінше жұмыстар жүргізілуде. 

      V. Әлеуметтік жағдайы

         Білім бөліміне қарасты  мектептерде аз қамтамасыз етілген отбасы балаларды тамақтандыру және оларды киім-кешекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру мақсатында  207021,0 мың теңге қаржы бөлінді.

           Жалпыға бірдей міндетті орта білім қорының шығындары (ыстық тамақ) бөлінген қаржы  2997 оқушыға 156608,0 мың теңге бөлінді. Жан басына шаққанда 1 оқушыға 312 теңге 00 тиыннан болса қыркүйек айынан бастап 421 теңге 00 тиынға көтеруге және қосымша ыстық тамақпен қамтамасыз етуге 243 оқушыны қосуға жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 69206,0 мың теңге қаржы игеріліді. Атап айтқанда 2206 оқушыға киім-кешекке 32119,0 мың теңге, 1433 оқушыға  оқу құрал-жабдықтарына  9423,0 мың теңге, 480 оқушыға балаларды тынығу лагеріне 8871,0 мың теңге қаржы қаралды.

          Қазіргі таңда қарқынды түрде жұмыстар жүргізіліп, тиісті қызметтер атқарылуда.

           Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорынсыз қалған  60 балаларды күтіп ұстау асыраушыларына 29154,0 мың теңге қаржы қаралып қазіргі таңда 8105,0 мың теңге қаржы игерілді.

           Патронат тәрбиешілерге берілген 4 ата-ана және 6 баланы (балаларды) асырап бағуға 14798,0 мың теңге қаржы қаралып қазіргі таңда 2435,0 мың теңге қаржы игерілді.

            Республикалық бюджеттен 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерінің өзгеруіне байланысты азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге-241995,0 мың теңге бөлінді.

            Ең төменгі жалақы мөлшерінің өсуіне байланысты жоғары білімді біліктілік категориясы жоқ В2-4 санатындағы еңбек жолын жаңадан бастаған 0 -13 жыл аралығыдағы мұғалімдермен  арнаулы орта білімді  екінші категориялы В4-3 және категориясы жоқ В4-4 санатындағы мұғалімдер, психологтар, тәрбиешілер, қосымша білім беру ұйымдарында істейтін педагогтардың жалақысы көбейді.

         Мысал үшін, В2-4 санатындағы жаңадан жұмысқа қабылданған мұғалімнің жалақысы 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін 102200,17 теңге болса, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап  109500,18 теңге болды. Яғни 7 пайызға өсті. Бұл жоғары білімді мұғалімдер.

         Сонымен бірге, біліктілік разрядта жүрген еден тазалаушылар, күзетшілер, жұмысшылар, от жағушылар, сантехник пен электриктердің де жалақысы көбейді.

        Мысалы, 2 разрядта толық жүктемемен жүрген еден тазалаушының еңбек жалақысы тазалалықты дезинфекциялық құралдарын пайдаланғаны үшін төленетін үстеме ақыны қоса есептегенде 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін 48932,20 теңге болса, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 67514,05 теңге болды. Яғни 37,9 пайызға көтерілді.

            D және С-2, С-3 санатында жүрген көмекші тәрбиешілер, хатшылар, іс-қағаздарын жүргізушілер, кітапханашылар мен шаруашылық меңгерушілері және бухгалтерлердің де  еңбек ақылары  49 пайызға ұлғайды.

          Мысалы, D санатындағы толық жүктемемен іс қағазын жүргізушінің  еңбек жалақысы 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін 43534,62 теңге болса, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 65036,47 теңге болды. Бұл еңбек жалақысының 49 пайызға көтерілгендігін көрсетеді.              

             Республикалық бюджеттен 2019 жылдың 1 маусымынан бастап білім саласындағы қызмет атқарып жүрген мұғалімдердің және азаматтық қызметшілер мен жұмысшылардың еңбек ақыларын көтеруге  барлығы 850771,0 мың теңге бөлінді.

             Осы еңбек ақының  өсуіне байланысты жоғары білімді 2-ші категориясы  бар В2-3 санатындағы 12 жыл еңбек өтілі бар мұғалімдердің

еңбек ақысы 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін 127750,21 теңге болып келсе, 2019 жылдың 1  маусымынан бастап  159604,81 теңге болады. Яғни 25 пайызға өседі.

           Арнаулы орта білімді  екінші категориялы В4-3 санатындағы 12 жыл еңбек өтілі бар мұғалімдердің еңбек ақысы 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін 102531,99 теңге болып келсе, 2019 жылдың 1  маусымынан бастап  133722,95 теңге болады. Яғни 30 пайызға өседі.

         Сонымен бірге, біліктілік разрядта жүрген еден тазалаушылар, күзетшілер, жұмысшылар, от жағушылар, сантехник пен электриктердің де жалақысы көбейеді.

        Мысалы, 2 разрядта толық жүктемемен жүрген еден тазалаушының еңбек жалақысы тазалалықты дезинфекциялық құралдардын пайдаланғаны үшін төленетін үстеме ақыны қоса есептегенде 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 67514,05 теңге болса, 2019 жылдың 1 маусымынан бастап 77070,43 теңге болады. Яғни 14,1 пайызға көтеріледі.

            D және С-2, С-3 санатында жүрген көмекші тәрбиешілер, хатшылар, іс-қағаздарын жүргізушілер, кітапханашылар мен шаруашылық меңгерушілері және бухгалтерлердің де  еңбек ақылары  20 пайыз көлемінде ұлғайады.

 Мысалы, С-3 санатындағы толық жүктемемен зертханашының  еңбек жалақысы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 73265,58 теңге болса, 2019 жылдың 1 маусымынан бастап 87865,56 теңге болды. Яғни 20 пайызға көтеріледі.

Өздеріңіз байқап отырғандай 2019 жылдың 1 қаңтарында ең төменгі жалақы мөлшерінің өзгеруіне байланысты еңбек жолын жаңадан бастаған мұғалімдер және біліктілік разрядта жүрген еден тазалаушылар, күзетшілер, жұмысшылар, от жағушылар, сантехник пен электриктердің жалақысы көбейсе, 2019 жылдың 1 маусымынан  бастап тағы да жоғарылап тұр. Яғни жыл басынан бері ең төменгі жалақы мөлшеріндегі жұмысшы қызметкерлердің еңбек ақысы 60-73 пайызға ұлғаяды.

           Сонымен бірге, өткен жылдардан бері мұғалімдердің еңбек жалақыларына үстеме ақы төленіп келеді.

          Атап айтқанда, «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 1-ші 10-шы сыныптар аралығындағы сабақ беретін мұғалімдерге қосымша 30 пайыз ақы төлеуге- 509794,0 мың теңге,

         Ұлттық Біліктілік тестінен өткен мұғалімдерге  педагогикалық шеберлік біліктілігі үшін қосымша ақы төлеуге- 220315,0 мың теңге,

         Мектептегі 46,5 бірліктегі педагог-психологтардың лауазымдық жалақыларының мөлшерін   ұлғайтуға- 4934,0 мың теңге,

         Мектептегі педагог-психологтардың педагогикалық шеберлік біліктілігі үшін қосымша ақы төлеуге- 6716,0 мың теңге,

         Мектептердегі тілдік курстан өткен ағылшын тілінде оқытатын  мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге-25240,0 мың теңге,

         Тілдік курсқа кеткен негізгі қызметкердің оқу кезеңінде орынына жұмыс атқарған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге- 14646,0 мың теңге төленіп келеді.




...


Қазалы ауданының білім бөлімінің 2019 жылдың қаңтар-наурыз айында атқарылған жұмыстары туралы анықтама


         Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

      Ауданда  бүгінгі күнге мектепке дейінгі ұйымдар желісі 52-ге жетіп, 21 балабақша мен 21 шағын орталықтарда барлығы 3446 бала, оның ішінде бөбек-жай топтарында /1-3 жас аралығында/ - 614 бала тәрбиеленуде. 

Мемлекеттік бағдарламада көрсетілген 3 пен 6 жастағы балалардың балабақшамен 100 пайыз қамту нысаналы индикаторы орындалып келеді.

1 мен 6 жас аралығындағы балалардың 74,5 %, 1 мен 3 жас аралығында балалардың 14,6 % қамтылған.

Мемлекеттік бағдарламада  «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша жоғары және техникалық-кәсіптік білімі бар мектепке дейінгі ұйымдардың педагог кадрларының үлесін 2019 жылға-50% жеткізу көзделген.

Аудандағы 52 мектепке дейінгі ұйымдарда 388 тәрбиеші қызмет атқарады. Оның 190- ы жоғары және арнаулы орта мектепке дейінгі тәрбие мамандығы бар. Бұл барлық тәрбиеші педагогтардың 49 пайызын құрайды.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда 59 балабақша тәрбиешілері мектепке дейінгі тәрбие мамандығы бойынша ЖОО-ның сырттай оқу бөлімінде оқып, екінші жоғары білімін алуда.  

       Ауданда 11 жекеменшік балабақша жұмыс жасайды. Бұл балабақшаларда

3-6 жастағы 635 бала тәрбиеленуде. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуға жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі 13,4 пайызды құрап отыр. Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес бұл нысаналы көрсеткіш 35 пайыз болуы тиіс. Бұған байланысты келесі 2019 жылға аудандағы кәсіпкерлер тарапынан 2 жекеменшік балабақша ашу жоспарланып отыр.

Оқулықпен қамтамасыз ету

2019 – 2020 оқу жылына 4,9,10-сыныптарды қажетті оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерімен қамтамасыз ету және 1,6,7,8-сынып оқушыларын жетіспейтін оқулықтармен, 2,3 сынып оқушыларын жазу дәптерлерімен, 9 сынып  оқушыларын физика, информатика, химия, биология пәндерін ағылшын тілінде оқытуға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерімен, сондай-ақ, 1-сыныптың даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларын оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерімен қамтамасыз ету туралы төмендегі жайды хабарлайды.

2019 жылға мектеп оқушыларын оқулықтармен қамтуға 77 741,0 мың теңге бөлінді (оның 784,0 мыңы – оқулықтарды тасымалдауға). Бөлінген қаржы төмендегі 4-сыныптың оқулықтары (100%) мен 9-сыныптың оқулықтарын (85%) сатып алуға жеткілікті:

        

Ыстық тамақпен қамтамасыз ету

«Қазалы ауданының білім бөлімі» КММ-не қарасты  37 мектепте 37 асхана білім алушыларға қызмет жасайды. 2019 жылдан бастап, жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыру ұсыну бойынша 2997 оқушы тамақтануда. Орта білім беру ұйымдарында тамақ сапасын көтеруге байланысты 1 балаға тамақтану құны 288 теңгені құрап, 2019 жылдан бастап 4 апталық ас мәзіріне көшірілді.

Сондай-ақ, мектептегі тамақтануды ұйымдастыру барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» №320 қаулысымен бекітілген балалардың жекелеген санаттарын бір реттік тамақтандыру нормалары 15-қосымшаға сәйкес ас мәзірі жасалды.


 Жалпы орта білім беруді қамтамасыз ету

         2018 - 2019 оқу жылының ІІ оқу тоқсанын аудан мектептерінде 14777 оқушы бастады. Тоқсан барысында аудан мектептеріне 112 оқушы келіп, 116 оқушы мектептер есебінен шығарылды, нәтижесінде мектептердегі оқушылар саны 4-ке кеміп, оқу тоқсанын 14773 оқушы аяқтап отыр. Олардың 1732-і 1 кластықтар, 1248-і 9 кластықтар, 653-і мектеп бітіруші 11 кластықтар.

         І оқу тоқсаны қорытындысы бойынша оқушылар білімінің сапасына келсек, оқу тоқсанын 2752 оқушы үздіктер /18,6 пайыз/, 4701 оқушы екпінділер /32 пайыз/, жалпы барлығы 7453 оқушы 50,5% (өткен І оқу тоқсанымен салыстырғанда 3% артып отыр)


Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстары

         Аудан бойынша 34 орта мектептен 655 оқушы бітіргелі отыр.

         Қазіргі таңда бітіруші 655 оқушының 510-ы (77,8%) ҰБТ-ға қатысуға тілек білдіріп отыр. (2017-2018 оқу жылмен салыстырғанда қатысу 8% артық болып отыр) №95, 249, 276, 226, 102, 104, 225 мектептер оқушыларын 100 пайыз қатыстырғалы отыр.

         Барлық мектептерде бітіруші оқушыларға, олардың ата-аналарына, пән мұғалімдеріне «Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық» ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

         Арал ауданында орналасқан «Қамбаш» балаларды сауықтыру орталығында 2018 жылдың қазан айында 100 оқушыға дайындық жұмыстары жүргізілді.

         2019 жылға дайындық жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен барлығы 400 оқушыға 10 млн теңге қаржы бөлініп. Қазіргі таңда 2019 жылдың ақпан айында 100 оқушы барлығы 200 оқушы дайындық жұмыстарын жүргізді. Наурыз, Сәуір айларында 200 оқушы дайындық жұмыстарын жүргізетін болады.

         Оқушылардан мектепте, ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының №71 филиалы арқылы жүйелі түрде айына 1 реттен аудандық білім бөлімінің қызметкерлері барып байқау тест алып, қорытындылары педагогикалық кеңестерде, ата-аналар жиналыстарында талқылануда.

Ақпараттандыру жүйесі

         Аудан бойынша 37мектептің 37-і, яғни 100 пайыз кең жолақты Интернет желісіне қосылған. «Электронды журнал мен күнделік» ақпараттық жүйесіне барлық 37 мектеп қосылып, яғни 100 пайыз білім беру ұйымдары жүйелі түрде жұмыс жасап келеді. Барлық мектептерде сынып журналдарының жүргізілуі электронды форматқа көшірілді. 

         2019 жылдан бастап "Bilim Media Group" ЖШС–нің ұсынуымен «Bilim Land» электронды порталға 34 мектеп онлайн, 3 мектеп офлайн болып қосылды. Білім беру процесінде электрондық ресурстарды қолданатын мектептер үлесі 92 пайыз болып отыр.

         2019 жылға «Инновациялық-интеллектуалды технология академиясы» ЖШС арқылы 2520,0 мың теңгеге www.sabak.kz порталына 34 мектепке Білім министрлігі, облыстық білім басқармасы ұйымдастырып отыратын онлайн интерактивті сабақ, онлайн конференцияларға қатысуға сертификаттар алынып, ұстаздар порталды сабақ барысында пайдалануда.

Инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету

         2018-2019 оқу жылында барлық 37 білім беру ұйымының 34-де /92%/ 359 мүмкіндігі шектеулі балалар білім алуда.

         ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2009 жыл 16 наурыз күнгі  №4-02-4/450 санды «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға кіріктірілген (инклюзивті) білім беруді ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымның» 2-бөлімі 11- пунктіне сәйкес соңғы үш жыл ішінде ерекше білім алуды қажет ететін балаларға түзету жұмыстарын жүргізу үшін 15 мектепте /№249,266,234,216,70,204,226,16,165, 276,17,170,91,92,25/ арнайы мамандарға /дефектолог, логопед/ штат бірлігі ашылып, қазіргі таңда мамандар сөйлеу тілінде бұзылысы бар және оқу үлгерімінде қиындықтар келтіріп отырған оқушылармен коррекциялық жұмыстар жүргізуде. 

         Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде инклюзивті білім беруге жағдай жасап отырған мектептер үлесі 40,5 пайызды құрады.       

         Бағдарламаға сәйкес 2019 жылға нысаналы индикатор көрсеткіші 70 пайыз болуы тиіс. Алдағы уақытта әрбір жалпы мектепте даму мүмкіндігі шектеулі бала саны 10-нан асқан жағдайда тапсырмаңызға сәйкес дефектолог бірлігін ашу жұмыстары жалғасын табады.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар

         «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті» қалыптастыру мақсатында және жастардың жағымды моральдық қасиеттерін, соның ішінде ішкіпарасаттылық пен адалдықты тәрбиелеуге бағытталған «Адалдық дүкені» ашылып, 2019 жылдың 25-26 ақпан аралығында акция аясында«Қазалы ауданының  білім бөлімінің №249 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 223 оқушы, 64 мұғалім, «Қазалы ауданының  білім бөлімінің Қ.Пірімов атындағы №103 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 108 оқушы, 23 мұғалім, «Қазалы ауданының  білім бөлімінің №182 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 78 оқушы, «Қазалы ауданының білім бөлімінің Ы.Алтынсарин  атындағы №204 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 67 оқушы,27 мұғалім, «Қазалы ауданының  білім бөлімінің Қ.Күлетов атындағы №92 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 47 оқушы, 13 мұғалім, «Қазалы ауданының  білім бөлімінің №94 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, 43 оқушы, 18 мұғалім, «Қазалы ауданының  білім бөлімінің Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  38 оқушы, 19 мұғалім, «Қазалы ауданының  білім бөлімінің М.Горький атындағы №16 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 31 оқушы, 17 мұғалім яғни барлығы аталған білім ошақтарында 635 оқушы, 181 мұғалімқамтылды.«Адалдық дүкені» ерекшелігі  білім беру ұйымдарында ашылған дүкен сатушысыз және күзетшілерсіз.«Ондағы мақсат оқушыларға ұстаздарға  түрлі заттар (оқу құралдары,  заттары сатылады. Сатып алушы өзіне керек затты алып, арнайы кассаға ақшасын қалдырып, қажет болса қайтарым ақшасын ала алады. Осылайша, бұл оқушылардың әлеуметтік жауапкершілігін шыңдайтын орынға айналмақ. Дүкенге тауарларды ұстаздар, оқушылар өзінен артылған жарамды сапалы заттарды ұсынатын болады.

Оқу-әдістемелік жұмыстар

         Ағымдағы жылдың 9-11 ақпан күндері №204 орта мектеп базасында «Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің ІІІ республикалық байқауының аудандық кезеңі болып өтті. Талантты жас педагогтарды анықтау, педагог еңбегінің дәрежесін көтеру мақсатында өткізілген байқауға 16 жас педагог қатысты. Байқау ережесіне байланысты қатысушылардың эссе жұмыстары, «Шығармашылық жолдың бастамасы» тақырыбында өзін-өзі таныстыру, сонымен қатар ашық сабақтары бағалау критерийлеріне сәйкес сарапталып, нәтижесінде №276 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Әбдраш Анэль І орын, №249 мектеп-лицейдің ағылшын тілі пәні мұғалімі Қожахмет Эльвира ІІ орын, №70 орта мектептің география пәні мұғалімі Жанарыстан Ерболат пен №78 орта мектептің география пәні мұғалімі Шертай Ерхан ІІІ орынды иеленсе, №182 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Жеткербаева Бекзат пен №17 орта мектептің биология пәні мұғалімі Әлімжан Айдана алғыс хат иеленді. Байқаудың облыстық кезеңінде облысқа жолдама алған №276 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Әбдраш Анэль «Үздік ашық сабақ» бағамымен марапатталды.

         Қазалы ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты барлық білім беру ұйымдары директорының бейінді оқыту жұмыстары жөніндегі орынбасары арасында шығармашылықпен жұмыс жасайтын, оқушыларды кәсіби даярлау жұмыстарының шеберін анықтау, оларды қолдау және тәжірибесін тарату, мектеп директорының бейінді орынбасарларының  мәртебесін көтеру, оқушыларға кәсіби диагностикалау жұмыстарын тиімді ұйымдастырудағы  іс-тәжірибесін тарату,  кәсіби әлеуетін көтеру, білім беру саласындағы жаңашыл, ізденімпаз, кәсіби сауатты  заманауи орынбасарды  анықтау және нәтижелі жұмыс тәжірибелерін тарату, басқарудың тиімді тәжірибелерін анықтау мақсатында  «Үздік бейінді орынбасар-2019» байқауы 2019 жылдың 8 ақпан күні  №165 мектеп базасында өткізілді. Сайыс қорытындысы бойынша №266 мектеп-лицей директорының бағдарлы жұмыстары жөніндегі орынбасары Б.Райсова бас жүлде иегері атанып, 1 наурыз күні өткен облыстық сайыста арнайы Алғыс хатпен марапатталды.

     Елбасының Ұлы Даланың жеті қыры атты 2018 жылы 21 қарашадағы мақаласы бойынша аудандық білім бөлімінде және мектептерде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оқушылар мен білім қызметкерлері, ата-аналар арасында іс- шаралар ұйымдастырылуда.

         Қаңтар айында жоспарға сәйкес, Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектепте  8 қаңтар күні «Болашаққа бағдар- рухани жаңғыру» дөңгелек үстел өткізілді.  Дөңгелек үстел барысында, 10-11 сынып оқушылары және мектеп мұғалімдері де өз ой-пікірлерін ортаға салды. 

         2019жылдың 11 қаңтары күні Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері, география пәнінің мұғалімі А.Сапардың атындағы аудандық дәстүрлі командалық олимпиада болып өтті. Білімнің салтанат құруы, оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін айқындау, ғылыми – зерттеу жұмыстарына деген қызығушылықтарын арттыру арқылы дарынды оқушыларды қолдау үшін қажетті жағдай жасай отырып, оқушылардың пәнді тереңдетіп оқуға деген қызығушылығы мен қабілеттерін жан- жақты дамыту. Командалық олимпиаданың ашылу салтанатында аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Е.Утепбергенов олимпиада ережесіне тоқталып өтті. Сонымен қатар  «Құрмет» орденінің, Европаның ғылыми-өндірістік палатасының «Алтын медалінің» иегері К.Б.Мергенбаева мен аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Раман олимпиадаға қатысушыларға сәттілік тіледі. Олимпиадаға қатысушы командалар теориялық және практикалық тапсырмалардан тұратын 4 кезең бойынша пәндік білімдерін көрсетті.Олимпиада қорытындысы туралы қазылар алқасының шешіміне сай  ІІІ орынды № 70 орта мектептің «Компас» командасы, ІІ орынды №226 мектеп-гимназияның «Керемет төрттік» командасы, І орынды №17 орта мектептің «Ұлы дала зерттеушілері» командасы иеленді. А.Сапардың атындағы дәстүрлі «Жас географтар» Кубогын, «Бас жүлдені»  № 249 мектеп-лицейдің «Шоңғал» командасы жеңіп алды.

         2019жылдың  02 наурызында «Менің кіші Отаным» жас тарихшылардың интеллектуалдық байқауы Аудандық Оқушылар Үйі базасында болып өтті. Байқауға 9 сынып оқушыларынан 120 қатысушы қатысты. Байқаудың мақсаты туған ел тарихына қызығушылық танытқан талантты оқушыларды, олардың шығармашылық қабілеттерін анықтау, өскелең ұрпақ бойында қоғамдық белсенділікті және қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру. Байқау екі кезеңнен тұрды. Оқушылар  AСTIVote құрылғысымен тест тапсырмасын орындады. Екінші кезеңде команда мүшелері 4 номинация бойынша байқауға қатысып, жүлделі орындармен марапатталды. Нәтижесінде 2019 жылғы 11наурыз күні «Менің кіші Отаным» атты жас тарихшылар интеллектуалдық байқауының облыстық кезеңі Қызылорда қаласындағы № 8 орта мектеп базасында өткізіліп, байқаудың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша  «Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша IІ дәрежелі дипломымен №225 орта мектептің 9 сынып оқушысы Дәулетбай Асылзат, «Менің туған өлкем» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломымен №165 орта мектептің

9 сынып оқушысы  Жиылыс Баян, «Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломымен  №249 мектеп - лицейдің 9сынып оқушысы Тиышбай Санат, «Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломымен №17 орта мектептің 9сынып оқушысы Әділбек Мұхаммед  марапатталды.
    2019жылдың  06 наурызында « Қазақстандық Тутанхамон» тақырыбында оқушылардың ғылыми конференциясы  № 102 орта мектеп базасында өткізілді. Конференция барысында, оқушылар қазақ жеріндегі көшпенділердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін насихаттады.  Қазақ хандығының құрылуындағы тарихи тұлғаларды насихаттауда «Қазақ хандығы» тақырыбында бейнефильмдер  топтамасы көрсетілді. «Алтын адам» виртуалды экспедициясы арқылы таныстырылым көрсетілді.


         Мектеп оқушылары арасында  «Ұлттық мектеп  лигасы» жарысының аудандық іріктеу кезеңі 18 қаңтар – 16 ақпан аралығында спорттың 6 түрінен екі жас ерекшелік (5-8 сынып  және 9-11 сынып ) бойынша (баскетбол, волейбол, кіші футбол, гандбол, футбол және шахматтан)  жарыс өткізіліп, жеңімпаздар анықталды.  Жарысқа аудан бойынша  1900 оқушы тартылды. Аудандық  іріктеу жарысында жеңімпаз атанған мектептер облыстық іріктеу жарысына 15-24 ақпан аралығында қатысты. Кіші футболдан (9-11 сынып) ер балдар №266 мектеп-лицей командасы қатысып жүлделі ІІІ орын, Кіші футболдан (9-11 сынып) қыз балдар №104 мектеп командасы қатысып жүлделі І орын, Волейболдан (9-11 сынып) қыз балдар №92 мектеп командасы қатысып жүлделі ІІІ орын, Шахматтан (5-8 сынып) оқушылары арасындағы жарысқа №16 мектеп-лицей командасы қатысып жүлделі ІІ орын, Баскетболдан(9-11 сынып) ер балдар №234 мектеп командасы қатысып жүлделі І орын, Баскетболдан (7-8 сынып) ер және қыз балдар арасында өткен жарысқа  №234,№216 мектеп командалары қатысып жүлделі І орын және Гандболдан (9-11 сынып) ер және қыз балдар арасында өткен жарысқа  №91,№165 мектеп командалары қатысып жүлделі І орын алды.

         Осы аталған облыстық іріктеу «Ұлттық мектеп  лигасы» жарысында жүлделі І орын алған жеңімпаз мектептер, Республикалық «Ұлттық мектеп  лигасы» жарысына жолдама алды.

13-14 наурыз күндері Мектеп оқушылары арасында «Ұлттық ойындар-рухани байлығымыз» атты ұлттық спорттық ойынның 12 түрлерінен облыстық спартакиадасына іріктеу жарысы Спорт кешені мен стадионда және №№266,249,204,170,216 мектеп базаларында өткізілді. Жекелеген спорт түрлеріннен орынға ие болған мектеп: «Гір тасын көтеруден» І орын №249 мектеп-лицей, ІІ орын №24 мектеп және ІІІ орын №266 мектеп-лицей, «Тоғызқұмалақтан» І орын №92 мектеп, ІІ орын №234 мектеп және ІІІ орын №266 мектеп-лицей, «Ләңгі тебуден» І орын №94 мектеп, ІІ орын №24 мектеп және ІІІ орын №204 мектеп, «Бес асықтан» І орын №97 мектеп, ІІ орын №249 мектеп-лицей және ІІІ орын №165 мектеп, «Мергендер» сайысынан №170 мектеп, ІІ орын №225 мектеп және №103   мектеп, «Жаяу жарыстан» І орын №276 мектеп, ІІ орын №88 мектеп және ІІІ орын №249 мектеп-лицей, «Шоқпарласудан» І орын №204 мектеп, ІІ орын  №98 мектеп және ІІІ орын №24 мектеп, «Қол күрестен» І орын №24 мектеп, ІІ орын  №204 мектеп және ІІІ орын №92 мектеп, «Асық атудан» №170 мектеп, ІІ орын №249 мектеп-лицей және ІІІ орын №90 мектеп, «Бұқа тартыстан» І орын №249 мектеп-лицей,ІІ орын №266 мектеп-лицей және ІІІ орын №70   мектеп, «Арқан тартудан» І орын №249 мектеп-лицей, ІІ орын №70 мектеп және ІІІ орын №216 мектеп, «Белдеспектен» І орын №165 мектеп, ІІ орын №216 мектеп және №266 мектеп лицей командалары иеленді. Өткізілген 12 спорттық ойындарда жеңімпаз атанған оқушыларды Аудандық білім бөлімінің «Дипломымен» марапатталды. Осы аудандық мектеп оқушылары арасында өткізілген іріктеу жарысында жеңімпаз атанған мектеп оқушылары 26-27 наурыз күндері облыстық спартакиадаға қатысатын болады.

25-27 наурыз күндері аралығында Облыстық мектеп оқушылары арасында  «Ұлттық ойындар-рухани байлығымыз» атты ұлттық спорттық ойынның
12 түрінен облыстық спартакиадасы өткізіліп, аталған жарыстың қорытындысы бойынша 10 түрінен жүлделі орындарды иеленіп, жалпы командалық есепте
Қазалы ауданы І орынмен марапатталды.


         Ағымдағы жылдың 18 наурыз күні № 170 орта мектеп базасында ауданық білім бөлімінің  ұйымдастыруымен  ҚР Жастар жылына арналған XIV Халықаралық «Жұлдызай»  балалар шығармашылық фестивальінің аудандық іріктеу кезеңі болып өтті.Фестивальге  білім беру ұйымдарындағы ерекше білім алуға қажеттілігі бар балалар қатыстырылды.Фестивальдің мақсаты әр баланың ерекше жеке шығармашылық әлеуетін қалыптастыру ,шығармашылығын дамытуға  ықпал етіп  қолдау көрсету. Аталмыш фестивальге 33-ке жуық өнерпаз қатысты. Шараның ережесіне сай вокал, хореография , сәндік-қолданбалы, бейнелеу өнері бойынша өз өнерлерін ортаға салып, көрерменге жақсы көңіл күй сыйлады. Фестиваль аясында  өнерпаздарының күш-жігеріне , өмірге құштарлығын байқата түсті. Әсем әуезді ән шырқап, би билеген балалар сахнаның сәнін келтірді. Қылқалам шеберлері мен  қолөнершілердің көрмесі  де елеусіз қалмай, көңіл төрінен өзіндік орын алды.

Аудандық білім бөлімінің әдіскері Н.Аманкелдіқызы  фестивальге қатысушы балаларға алғыс хаттарымен және балалардың өнерінің шыңдалуына үлес қосқан жетекшілерді дипломдармен марапаттап, аудандық псхологиялық-педагогикалық медициналық консультация мекемесі демеушілік жасап сыйлықтармен марапаттады.

      Байқау қорытындысы бойынша жұлдызы жанғандар фестивальдің облыстық кезеңіне №266 мектеп-лицей оқушысы Қаржаубай Нұрлан бейнелеу өнері, №234 мектеп оқушысы Жылқыбай Бағлан қолданбалы өнері бойынша  жолдама алды.

     Өмірін өнермен өрнектеп жүрген жасөспірімдеріміздің барлығы да «Жұлдызайдың» нағыз жұлдыздары.

         2019 жылдың 23 қаңтар күні Қазалы  ауданында №165 орта мектеп базасында ақын Әбділда Тәжібаевтың 110 жасқа толуына орай жалпы білім беру ұйымдарының 6-11 сынып оқушылары арасында «Семсер жырдың қорғаны- Әбділда Тәжібаев» тақырыбында  аудандық  Әбділда оқулары байқауы өтті. Қазылар алқасының шешімімен байқау қорытындысы бойынша талапқа сай дайындалып, бағалау критерийлеріне сәйкес жақсы ұпай жинаған төмендегі оқушылар                         І,ІІ,ІІІ орындармен марапатқа ұсынылды.

         «Толағай ақын, толастамас жыр иесі» номинациясы бойынша ақын өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқудан

         І орын №226 мектеп-гимназияның 6-сынып оқушысы Айдарбекова Ғазиза /жетекшісі Жөлекеш Мирамкүл/

         ІІ орын №102 мектептің 7-сынып оқушысы Меңдіқара Саят /жетекшісі Набиева Қаракөз/

ІІІ орын №190 мектептің 8-сынып оқушысы Қанат Ержан

         №216 мектептің 7-сынып оқушысы Айтбай Гүлім /жетекшісі Өтегенова Лиза/

 «Әбділда Тәжібаев-ірі драматург» номинациясы бойынша ақынның драмалық шығармаларынан сахналық қойылым қоюда

         І орын «Той боларда»  драмасымен үздік шыққан №249 мектеп-лицейдің өнерпаздары  /Жетекшісі Сағымбаева Әлия/

         ІІ орын «Майра» драмасымен  №24 орта мектеп өнерпаздары /жетекшілері П. Қайназарова,   Б. Елбосын/

         ІІІ орын №165 орта мектеп пен №226 мектеп-гимназия өнерпаздары  /жетекшілері                       Г. Тоқабай, Ш. Прманова/

         «Шабытым жайсын қанатын» номинациясы бойынша жас ақындар

І орын  №91 орта мектептің 11-сынып оқушысы Әбілқасым Мадияр /жетекшісі Оразалы Айнұр/

ІІ орын №98 орта мектептің 10-сынып оқушысы Серік Бекзат /жетекшісі Абытова Өркен/

ІІІ орын №90 орта мектептің 9-сынып оқушысы Махашов Әлихан /жетекшісі Түрікбенәлі Жақсыгүл/

 І орын жеңімпаздары ағымдағы жылдың 30 қаңтарында Қызылорда қаласында өткен облыстық байқаудың «Толағай ақын, толастамас жыр иесі» номинациясы бойынша ақын өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқудан №226 мектептің 6-сынып оқушысы Айдарбекова Ғазиза   /жетекшісі Жөлекеш Мирамкүл/,  «Шабытым жайсын қанатын» номинациясы бойынша жас ақын №91 мектептің 11-сынып оқушысы Әбілқасым Мадияр өз шығармашылығымен /жетекшісі Оразалы Айнұр/, «Әбділда Тәжібаев-ірі драматург» номинациясы бойынша ақынның драмалық шығармаларынан сахналық қойылым қоюда «Той боларда» драмасымен №249 мектеп-лицейдің бір топ оқушылары  Есекеев Нұрсәт, Қанибаев Асылхан, Насрадин Ғазиза, Бекаралова Нұрайым, Шыныбекова Аружан, Сәдуақасов Перизат, Ізтілеуов Жандос, Жиенбай Айдос, Әбдірахым Балнұр, Әмірхан Ақниет /жетекшісі Сағымбаева Әлия/ ІІ орындарды жеңіп алып, ауданымыздың абыройын асырды.


Облыстық білім басқармасының 2019 жылдың 17 қаңтардағы №04-нқ/1 санды бұйрығына сәйкес Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау бағытында Алғыс күніне арналған «Ризашылық-мейірімділік бұлағы» жобасы аясында республикалық дебаттық турнирдің аудандық кезеңі 2019 жылдың 31 қаңтар күні                   №266 мектеп-лицей базасында өтті.  Нәтижесінде №16 мектеп-лицейден жасақталған «Руханият уығы» командасы дебаттың облыстық кезеңіңе қатысып, ІІІ орынды жеңіп алды.

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен жалпы орта білім беру мекемелеріндегі оқыту қазақ тілінде емес сыныптардың «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні мұғалімдері арасында                 2019 жылдың 1 ақпан күні өткен облыстық «Үздік тіл маманы-2019» педагогикалық байқауына Қазалы ауданынан №266 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімі Зеева Ләззат қатысып, жоғары деңгейде шығармашылық сабақ көрсетіп, «Креативті мұғалім» номинациясын жеңіп алып,  облыстық тілдерді оқыту орталығының ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. 

Облыстық білім басқармасының 2019 жылдың  6 ақпан күнгі №14-нқ/1 санды хатына сәйкес «Ауылым-алтын бесігім» атты әлеуметтік республикалық жобалар байқауының облыстық кезеңіне қатысқан  №225 мектептің 9-сынып оқушысы Дәулетбай Асылзат ІІ орын иеленіп, республикалық байқауға жолдама алды. Нәтижесінде ІІ орынды жеңіп алды.

2019 жылдың  13 ақпан күні №204 мектеп базасында жалпы білім беру ұйымдарының                  7-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған республикалық Мұқағали Мақатаев оқуларының аудандық кезеңі өтті. Аудандық Мұқағали оқулары байқауына 21 мектептен 21оқушы қатысып, 7 тур бойынша сынға түсті. Нәтижесінде

І орын       №94 мектептің 7-сынып оқушысы Ұлманбет Манзура

ІІ орын      №93 мектептің 8-сынып оқушысы Нағашыбай Ақылбай

ІІІ орын     №170 мектептің 7-сынып оқушысы Әзен Гауһар

                №190 мектептің 8-сынып оқушысы Қанат Ержан

Алғыс хат  №249 мектептің 10-сынып оқушысы Нағымар Меруерт

                   №234 мектептің 8-сынып оқушысы Қонысбай Аружан

                №100 мектептің 9-сынып оқушысы Нұрман Индира

І орын иеленген №94 мектептің 7-сынып оқушысы Ұлманбет Манзура мен  ІІ орын иеленген №93 мектептің 8-сынып оқушысы Нағашыбай Ақылбай Мұқағали оқулары байқауының облыстық кезеңіне қатысып, нәтижесінде облыстық Мұқағали оқуларына Қазалы ауданынан                      №93 орта мектептің 8-сынып оқушысы Нағашыбай Ақылбай мен №94 мектептің 7-сынып оқушысы Ұлманбет Манзура қатысып, Нағашыбай Ақылбай жүлделі  ІІ орынды, Ұлманбет Манзура  ІІІ орынды жеңіп алды.

         2019 жылдың  12 ақпан күні №234 мектеп базасында қазақ тілі мен әдебиетінен Қ. Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Нәтижесінде

11-сыныптар бойынша

І орын       №70 мектептің 11-сынып оқушысы Бибіт Айгүл

ІІ орын      №102 мектептің 11-сыныптың оқушысы Емберген Сәния

ІІІ орын     №234 мектептің 11-сынып оқушысы Бөлекбай Ақнұр

Алғыс хат №104 мектептің 11-сынып оқушысы Қартқожақ Ғазиза

               №93 мектептің 11-сынып оқушысы Құттыбай Жанель

10-сыныптар бойынша

І орын       №70 мектептің 10-сынып оқушысы Тілектес Ақерке

ІІ орын      №226 мектептің 10-сынып оқушысы Алпысбаева Дана

ІІІ орын     №102 мектептің 10-сынып оқушысы Тәжібай Ақерке

Алғыс хат  №17 мектептің 10-сынып оқушысы Игенбайқызы Байан

                   №249 мектеп-лицейдің 10-сынып оқушысы Жамағат Ақнұр

9-сыныптар бойынша

І орын       №266 мектептің 9-сынып оқушысы Бақтыберлина Нұрай

ІІ орын      №93 мектептің 9-сынып оқушысы Алтынбек Шахкәрім

ІІІ орын     №70 мектептің 9-сынып оқушысы Тоғамыс Айжан

Алғыс хат  №249 мектептің 9-сынып оқушысы Зинаддин Ж

                   №102 мектептің 9-сынып оқушысы Таяубай Ақбаян




...
Қазалы аудандық білім бөлімі бойынша 2018 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат


Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

Ауданда бүгінгі күнге мектепке дейінгі ұйымдар желісі 51-ге жетіп, 30 балабақша мен 21 шағын орталықтарда 4893 бала тәрбиеленуде.

Мемлекеттік бағдарламада көрсетілген 3 пен 6 жастағы балалардың балабақшамен 100 пайыз қамту нысаналы индикаторы орындалып келеді.

1 мен 6 жас аралығындағы балалардың 60,2 %, 1 мен 3 жас аралығында балалардың 11,7 % қамтылған.

Заманауи мектепке дейінгі білім беруде жоғары талаптар тәрбиешілердің кәсіби шеберлігіне, мәдениетіне, шығармашылық әлеуетіне ғана қойылмайды, сонымен қатар кәсіби ұстанымды іске асыру үшін кең мүмкіндіктер береді.

Аудандағы 51 мектепке дейінгі ұйымдарда 456 педагог қызмет атқарады.Оның 164-і жоғары және арнаулы орта мектепке дейінгі тәрбие мамандығы бар. Бұл барлық педагогтың 36 пайызын құрайды. Жекеменшік балабақша мамандарының сапалық құрамы мемлекеттік ұйымдардан қарағанда әлдеқайда төмен.

Мемлекеттік бағдарламада «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша жоғары және техникалық-кәсіптік білімі бар мектепке дейінгі ұйымдардың педагог кадрларының үлесін 2019 жылға-50% жеткізу көзделген.

Осыған орай, алдағы уақытта мемлекеттік және жекеменшік балабақша меңгерушілері мемлекеттік бағдарламада белгіленген кадр сапасы көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етуді басты назарда ұстауы тиіс.

Одан кейінгі маңызды жұмыстың бірі - балаларды балабақшаға қабылдауды электронды түрде жүргізу.

Бүгінгі күнге аудан бойынша балабақшалардың барлығын автоматтандыру жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа оқу жылынан бастап балаларды қабылдау осы жүйе бойынша жүргізілетін болады.

Жалпы орта білім

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жаңартылған білім мазмұнына көшу жағдайында жас ұрпаққа білім беру ісінде оның жеке даралық ерекшеліктеріне көбірек мән бере отырып, оқушылардың мектепте алған білімдері олардың бүкіл өмірлік азығы болатындай етіп білім беру, оны өмірге дайындау, мамандық таңдауға бағыттау мәселесі бүгінгі жаңа қоғамның білім саласындағы ауқымды мәселелерінің бірі болып табылады.

2017-2018 оқу жылында Қазалы ауданының білім бөліміне қарасты 37 білім беру ұйымы жұмыс жасады, 33 орта, 3 негізгі және 1 кешкі мектеп. Оның ішінде 3-і шағын жинақты мектеп. 35 мектеп қазақ тілінде, 2 мектеп аралас тілде оқытылады. 37 мекеменің 36-і типтік жобадағы ғимаратта,

1-іыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. Барлық оқушы саны – 14564 оқушы.

Әйтеке би кентінде оқушы орнының тапшылығын жою бағытында құны 883 млн теңге тұратын 300 орындық жаңа мектеп ғимараты салынды. Биылғы жаңа оқу жылы аясында №276 орта мектеп болып пайдалануға беріледі.

Жалпы орта білім берудің негізгі мақсаты-бұл білімді, шығармашылық, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру және дамыту, динамикалық ортада өмір сүруге қабілетті, өз мүддесіне және қоғамның мүддесінде өзін-өзі дайындайтын тұлға тәрбиелеу болып табылады.

Жаңа 2018-2019 оқу жылында НЗМ тәжірибесі бойынша жаңартылған білім беру мазмұнына 3,6,8 сыныптар көшетіні белгілі. Бұған байланысты барлық қажетті оқулықтар мәселесі шешілді. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 145 млн 83 мың теңге қаржы бөлінді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 55 бабына сәйкес, 2017-2018 оқу жылында «Оқу жетістіктерін сырттай бағалау» сынамасына 6 мектептен (№170,103,104,93,90,78) 9 сыныптан 107 оқушы, 4 сыныптан 179 оқушы, 11 сыныптан 76 оқушы, барлығы 362 оқушы қатысты. 9 сыныптың оқушылары 8 пәннен сынама тапсырып орташа балы 35,7 балл болды. 4 сыныптың оқушылары 2 пәннен сынама тапсырып орташа балы 17,6 балл болды. 11 сыныптың оқушылары 3 пәннен сынама тапсырып орташа балы 60,08 балл болды.

ПИЗА халықаралық зерттеуге 2015 жылы 3 мектеп (№16,266,170), 2018 жылы 6 мектеп (№225,25,94,165,266,249) қатысты.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығы бойынша мектептерде бес пәннен мемлекеттік емтиханды қамтыған қорытынды аттестаттау өткізілді. 799 түлек қорытынды аттестауға қатысып, орта білім туралы аттестат алды. Қорытынды аттестаттау нәтижесінде «Алтын белгі» белгісіне 41 үміткердің 39-ы өз белгілерін қорғап шықты.

Өткен оқу жылында 799 оқушы 11 сыныпты бітіріп, 555 оқушы (539 оқушы қазақ 16 оқушы орыс) ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Қатысу пайызы 69,5.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге №25, 96 мектептер оқушыларын 100 пайыз қатыстырса, №249, 226 мектептер оқушыларын 90 пайыздан жоғары қатыстырды. Ал оқушыларын 50 пайыздан төмен №24, 182, 97, 134 мектептер қатыстырды.

Ұлттық бірыңғай тестілеу 22 маусым күні бір кезеңде №249 мектеп-лицейде өткізілді.

Аудан бойынша 33 орта мектептен 555 оқушы қатысып, мектептердің орташа балы 82,7 балды құрады.

ҰБТ - ға қатысқан 555 оқушының 14 – сі жоғары оқу орнына шығармашылық емтихан тапсырамын деп ҰБТ кезінде тек ғана екі пәннен тапсырды.

Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша 16 оқушы (2,9%) шекті балдан төмен жинаса, 40 оқушы (7,2%) бірнеше пәндерден төмен балл жинап отыр. (өткен 2017 жылмен салыстырғанда 53 оқушыға кеміді)

№91, 165, 90, 102, 249, 17, 226, 216, 190, 24 мектептер орташа балдарымен жоғары 10 мектептің қатарында болса, №96, 88, 98, 78, 182, 95, 204, 92, 100, 134 мектептер орташа балдарымен төмен 10 мектептің қатарында болып отыр. Оның ішінде №98, 92, 100, 134 мектептер 2017 жылғы ҰБТ да көрсеткен төменгі көрсеткішті қайталап, төменгі 10 мектептің қатарында болып отыр. 2016 жылы №17, 100, 103, 93, 216, 134, 234, 78, 204, 98 мектептер орташа балдарымен төмен 10 мектептің қатарында болып отыр.

2017 жылы №170, 238, 266, 24, 100, 78, 234, 134, 98, 92 мектептер орташа балдарымен төмен 10 мектептің қатарында болып отыр.

ҰБТ қорытындысымен 50-ден төмен шекті балдан өте алмай тұрған 16 оқушы бар. (Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 5 оқушыға көбейіп тұр)

Мектептер бойынша:

№№226, 70, 25, 104, 234, 16, 170, 266, 182, 95, 100, 134 мектептерден - 1 оқушыдан,

№№249, 204 мектептерден - 2 оқушыдан

50-70 балл аралығында-145 оқушы (26,1%), 71-99 балл аралығында 271 оқушы (48,8%), 100 және 100 ден жоғары 27 мектептен 106 оқушы (19,1%) бар. (2017 жылы 120 оқушы)

Ең жоғары 135 балды №249 мектеп - лицейдің оқушысы Рат Еркін Қазбекұлы жинаса, ең төменгі 36 балды №234 мектептің оқушысы Абілғазы Алиқан Абілғазыұлы жинап отыр.

№249 мектеп-лицейдің 2 (екі) оқушысы Ахмет Нұрбек Қуанышбекұлы және Шайықислам Әсия Нұрдәулетқызы математика пәні бойынша жоғары 40 балды жинады. Пән мұғалімі Берінбаев Ғани.

№249 мектеп-лицейдің 1 (бір) оқушысы Рат Еркін Қазбекұлы география пәні бойынша жоғары 40 балды жинады. Пән мұғалімі Мәліков Қуаныш.

Қазақстан тарихы мен математикалық сауаттылығы бойынша жоғары 20 балды №226 мектеп-гимназияның оқушысы Едіге Нұрислам Әміржанұлы жинады.

Математикалық сауаттылығы бойынша 6 оқушы жоғары 20 балды жинады. №249 мектеп-лицейден – 3 оқушы, №226 мектептен – 1 оқушы, №216 мектептен – 1 оқушы, №94 мектептен – 1 оқушы.

Оқу сауаттылығы бойынша 17 оқушы жоғары 20 балды жинады. №249 мектеп-лицейден-2 оқушы, №165 мектептен-1 оқушы, №216 мектептен- 2 оқушы, №226 мектептен-1 оқушы, №104 мектептен-1, №24 мектептен-2, №170 мектептен-1, №25 мектептен-1, №93 мектептен-1, №70 мектептен-1, №90 мектептен-1, №134 мектептен-1, №266 мектептен-1, №92 мектептен-1 оқушы.

Мектеп бітіруші 799 оқушының қазіргі таңда 357-і мемлекеттік тапсырыс негізінде грант иегері атанды. Оның ішінде 3 оқушы Ресей

мемлекетіндегі Тимирязев атындағы аграрлық техникалық университетіне, 12 оқушы Қызылорда облысы әкімінің грантымен, 6 оқушы ректор грантарымен, 173 оқушы «Серпін – 2050» бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарына оқуға түсіп, өткен оқу жылымен салыстырғанда грант иегерлер саны 31 оқушыға артып отыр.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыспаған 244 оқушының 1 оқушысы Б.Бишеналиева атындағы Қырғыз мемлекеттік мәдениет және өнер университетіне грант негізінде оқуға түсті. Қалған оқушылар жоғары оқу орындарына ақылы негізде және арнаулы оқу орындарына грант негізінде түсіп жатыр.Барлық оқушылар 100 пайыз оқумен қамтылды.

Оқушылардың дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және тұлғалық қасиетіне байланысты екені анық. Дарын-бұл табиғаттың берген сыйы болса, оқушы бойындағы жылт еткен сәулені сөндіріп алмай, әрі қарай шыңдау- ұстаздың кәсіби біліктілігіне байланысты. «Дарынды оқушы-ұлт болашағы» десек, әр мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Аудандық білім бөлімінде оқушылардың ой-өрісін зерттеу, шыңдау мақсатында жыл сайын Республикалық пәндер олимпиадасының аудандық кезеңі ұйымдастырылады.

2017- 2018 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 сынып оқушылары арасында аудандық пән олимпиадасы 13 пән бойынша өткізілді. Ауданның 33 орта 3 негізгі мектептерінен қатысуға тиісті 848 оқушыдан 837 оқушы қатысты.

Жалпы аудан бойынша І орынды-30, II орынды-113, III орынды-159 оқушы иеленді. Барлығы- 302 оқушы жүлдегер атанды.

Олимпиада қорытындысымен облыстық олимпиаданың іріктеу турына 9,10,11 сыныптардан 9 пәннен І-ші орын алған 14 оқушы ұсынылды.

Облыстық олимпиада қорытындысымен Қазалы ауданынан барлығы 12 оқушы жүлделі орындарға ие болып, облыс бойынша аудандардың арасында орын санымен жоғары деңгейге, пайыз көрсекішімен 86% І орынға және облыс бойынша қатысқан 256 оқушының арасынан №266 мектеп-лицейдің оқушысы Розметов Алишер Сапарбайұлы «Олимпиада жұлдызы-2018» номинациясына ие болды.

Олимпиаданың Республикалық кезеңіне барлығы 3 оқушы қытысып 2 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

Ұлт жоспарының 79-қадамына орай пәндерді ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшуге, 2018-2019, 2019-2020 оқу жылдарында физика, химия, биология, информатика пәндерінен 9 (10-11) сынып оқушылары үшін ағылшын тілінде оқытылатындығына орай жаратылыстану бағыты пәндерінің 51 мұғалімі ағылшын тілін меңгеруіне орай біліктілік курсынан өтіп,26 мұғалім министрлік бекіткен кестесі бойынша осы оқу жылының бірінші жартысында курстарын аяқтайды. /Оның 21 ағылшын тілі пәні мұғалімдері/ Қалғаны (51) химия, биология, физика және информатика пәндерінің мұғалімдері. 51 мұғалімнің 30-ы 2018-2019 оқу жылынан бастап сабақ беретін пәннен ағылшын тілінде білім беруге дайындық үстінде.

 

Әдістемелік жұмыс және педагог кадрлардың біліктілігін арттыру

Қазіргі уақытта аудан мектептерінде 2336 мұғалім қызмет атқарады.Олардың жоғары білімдісі-2126, арнаулы орта білімдісі-210. Жоғары санатты-135, (5,7%), І санатты–641 (27,4%), ІІ санатты - 916 (39,2%), Cанатсыз-644 (27,5%).

Жоғары, І санатты мұғалімдердің үлесі-аудан бойынша 33,2 пайызды құрайды.

Еліміздің білім беру саясатындағы көкейкесті мәселелердің бірі- мұғалімдердің біліктіліктерін жүйелі арттыру болып табылады. Біліктілікті арттыру курстары арқылы мұғалімдерді оқытуда оқытушы жетекшілік, бағыт берушілік, ұйымдастырушылық, түзетушілік әрекеттерді атқарады. Оқытушының осындай әрекетіне білім алушы мұғалімнің өзі де бойындағы бар білімін көрсете байланыс жасағанда ғана сапалы нәтижеге жетуге болады.

2018 жылы қаңтар айынан бастап НЗМ ДББҰ ПШО-ның жоспарына сәйкес, 1 мектеп директоры, 10 мектеп директорының орынбасарлары 3 айлық деңгейлік бағдарлама бойынша біліктілік арттырса, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша пәндерден 250 мұғалім, робототехника бойынша 10 мұғалім курстан өтті.

Ұлт жоспарының 79-қадамына орай пәндерді ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшуге, 2018-2019, 2019-2020 оқу жылдарында физика, химия, биология, информатика пәндері 10-11 сынып оқушылары үшін ағылшын тілінде оқытылатындығына орай жаратылыстану бағыты пәндернің 77 мұғалімі ағылшын тілін меңгеруіне орай біліктілік курсына жіберілді. /Оның 21 ағылшын тілі пәні мұғалімдері/ Осы мұғалімдернің 2-і В2 деңгейін аяқтады. 28-і А2,В1 деңгейін маусым айында бітірді. Қалғандары білім министрлігінің кестесі бойынша одан әрі жалғастыратын болады. Өрлеу» БАҰО АҚ Қызылорда филиалында мектепке дейінгі, жалпы орта білім беретін 99 мұғалім қысқа мерзімді біліктілік курсынан өтті. Маусым-тамыз айлары аралығында 451 мұғалім курстан өтті. 1,2,3,5,6,7,8 кластарға сабақ беретін пәндер бойынша мұғалімдердің 90 пайызға жуығы қамтылды. «Оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау» интерактивті электронды курсына 1 млн. 500 мың тенге қаражат бөлініп, ауданнан 500 мұғалім оқытылды.

Аудандық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау, жүзеге асыру, педагог кадрлардың әдістемелік шеберлігі, кәсіби іскерлігі мен шығармашылығын дамыту мақсатында 25 семинар, 1 педагогикалық оқу, 1 конференция,1 дебат, 2 кеш, 15 танымдық шара, 31 түрлі мазмұндағы байқаулар мен 2 аудандық, 4 облыстық спартакиада өткізілді.

Қазақстан Республикасы Президенті «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін бірқатар

міндеттерді орындау қажеттігін атап өтті. Соның бірі педагогтердің мәртебесін көтеру, біліктілік деңгейін ескертетін жаңа санаттар кестесі енгізу, педагог кадрларды аттестаттаудың жаңа жүйесіне көшіру. Жаңа жүйенің басты мақсаты ұстаздардң жалақысын 20-50 пайызға дейін көтеру болып табылады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы «12» cәуірдегі №152 бұйрығына сәйкес, деректер базасына 26 мамыр мен 5 маусым күндері аралығында ауданнан барлығы ұлттық біліктілік тестілеу тапсыруға 427 мұғалім өз өтініштерін білдірді. Оның ішінде «педагог-модераторға» /ІІ санатқа/-140, «педагог-сарапшыға» /І санат/ - 213, «педагог-зерттеушіге» /жоғары санат/ - 73, «педагог-шеберге» - 1 ұстаз. Ұлттық біліктілік тестілеуді тапсыру тілі бойынша аттестатталушылардың өз қалауы негізінде 396 педагог қазақ тілінде, ал 31 педагог орыс тілінде тапсыруды таңдады.

Тестлеудің қорытындысы бойынша тестлеуге қатысқан барлық 415 педагогтың 247-і /59,5%/ тестлеуден өтсе, 168 педагог тестлеуден өтпей қалды. Тестлеуден өткен 247 мұғалімдердің ішінде «педагог-модераторға» /ІІ санатқа/ - 66, «педагог-сарапшыға» /І санат/ - 127, «педагог-зерттеушіге» /жоғары санат/ - 53, «педагог-шеберге» - 1 ұстаз.

Қазалы ауданы бойынша 2018 жылдың жазғы демалыс кезінде 119-ға жуық білім саласының қызметкерлері түрлі курорттық санаториялар мен шипажайларға жеңілдікпен демалып келді. Атап айтар болсақ, Көкшетау қаласындағы «Жұмбақтас» шипажайына-10, Алматы қаласы «Алтынқарғалы» шипажайына-2, Оңтүстік Қазақстан облысы «Манкент» шипажайына-1, «Сарыағаш» шипажайына-12, «Мерке» шипажайына-10, Жаңақорған ауданы «Жаңақорған» шипажайына-46, «Қамбаш» демалыс орталығына-38 педагог қызметкерлер демалды.

Инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 ақпандағы №81 қаулысының 2 тармағын жүзеге асыру шеңберінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларға кіріктірілген (инклюзивті) білім беру жүйесі жүзеге асырылып, 2005-2006 жылы 1 қыркүйектен бастап, Ж.Жабаев атындағы №234 мектепте арнайы түзету сыныптары жұмыс жасауда. Арнайы түзету сыныбында биылғы оқу жылында 9 сыныпта 72 оқушы білім алуда. Сабақ беретін мұғалімдер саны-54. Облыстық және республикалық мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығының арнаулы білім жетілдіру курсынан-47 мұғалім өткен. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 7 оқушысы 9 сыныпты бітіріп, білімдерін колледждерде жалғастыру көзделіп отыр.

2017-2018 оқу жылында-672 бала, оның ішінде үйден оқуға шығарылғаны-80 бала, арнайы түзету сыныбына-72 бала, жалпы мектепте-265 бала білімдерін жалғастыруда.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2009 жыл 16 наурыз күнгі №4-02-4/450 санды «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға кіріктірілген (инклюзивті) білім беруді ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымның» 2-бөлімі 11- пунктіне сәйкес әрбір жалпы мектепте даму мүмкіндігі шектеулі бала саны 10-нан асқан жағдайда педагог-дефектолог бірлігін ашу қажет делінген.

Осы нұсқаулыққа сәйкес 2015-2016 оқу жылында Қазалы ауданы бойынша №266 мектеп-лицейіне дефектолог, №249 мектеп-лицейге дефектолог, логопед, №234 мектепке дефектолог, логопед штаттары беріліп инклюзивті білім беруге жағдай жасап отырған мектептер үлесі 8,3 пайыз құраса, 2016-2017 оқу жылында №216,70, 204 мектептерде дефектолог, №266 мектепке логопед штаты беріліп, қазіргі таңда мамандар сөйлеу тілінде бұзылысы бар және оқу үлгерімінде қиындықтар келтіріп отырған оқушылармен коррекциялық жұмыстар жүргізуде. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде инклюзивті білім беруге жағдай жасап отырған мектептер үлесі 16,6 пайызды құрап отыр.

Алдағы уақытта №№226,16,165 мектептерге дефектолог штат бірлігін беру туралы бюджеттік өтінімге ұсыным тапсырылды.

Мектепке дейінгі балаларды инклюзивті біліммен қамту мақсатында №2 «Айгөлек» б/бақшасында логопедиялық пунктте 20 бала түзеу көмегін алуда.

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында білім беруді цифрландыру екі негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылуда.

Біріншісі, мектептерде цифрлық білім беру ресурстарын толығымен пайдалану болса, екіншісі ол салада көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру.

Қазіргі ақпараттанған заманда әр оқушыға заман талабына сай әлемдік дәрежеде білімді меңгеруі үшін жаңа технологияларды қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына жағдай туғызу қажеттілігі тұр.

Аудан бойынша 36 мектептің 32-і, яғни 89% кең жолақты Интернет желісіне қосылған. Аудан орталығынан шалғай орналасқан Сарыбұлақ, Ажар, Шәкен, Шилі ауылдарындағы №78, 146, 134, 259 мектептер қыркүйек айынан бастап қосылды.

«Электронды күнделік» пилоттық жобасына 15 мектеп қосылып жұмыс жасап келеді. 2018 жылдың 24 сәуірінен бастап 15 мектеп порталға тіркелу туралы өтінім жасалып, тіркелді.

2018 жылдан бастап "Bilim Media Group" ЖШС–нің ұсынуымен «Bilim Land» электронды порталға 31 мектеп онлайн, 5 мектеп офлайн болып қосылды (2017 жылы 17 онлайн, 19 офлайн болып қосылған).

2018 жылға «Инновациялық-интеллектуалды технология академиясы» ЖШС арқылы 2520,0 мың теңгеге www.sabak.kz порталына 34 мектепке

Білім министрлігі, облыстық білім басқармасы ұйымдастырып отыратын онлайн интерактивті сабақ, онлайн конференцияларға қатысуға сертификаттар алынды.

"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында планшет, электрондық күнделік 230 данасын сатып алуға - 8049,0 мың теңге, робототехника кабинеті құрал-жабдығымен 10 мектепке - 33540,0 мың теңге (2017 жылы 4 мектеп пен оқушылар үйіне – 14587,2 мың теңге), Цифрлы Қазақстан бағдарламасын дамытуға қажетті 3D модельдеу кабинетін құрал-жабдығымен сатып алуға - 4772,0 мың теңге, сандық білім беру зертханалық аспап кабинеттерінің құрал-жабдығымен сатып алуға - 6884,0 мың теңге, «BILIMBOOK» бағдарламасы бойынша мектептерге планшет сатып алуға - 9900,0 мың теңге, мектептерге компьютер сатып алуға - 4738,0 мың теңге қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

«Рухани жаңғыру: Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы

Бәсекеге қабілетті, прагматикалық, күшті, патриоттық және белсенді ұрпақты қалыптастыру үшін «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы білім және білімге құштар табысты болашақтың негізін құрайды. Келешек ұрпақ халықтың игі дәстүрінен тәлім алып, елжандылық, патриоттық қасиеттерді бойына сіңіріп өсу үшін нақ осындай бағдардың маңыздылығы зор.

Бөлімге қарасты білім беру үйымдарында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы оқу жылы барысында мәлімет беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттары барысында жас ерекшелігі ескеріле отырып әр сыныптарда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы кеңінен насихатталды.

«Тәрбие және білім» бағыты бойынша Қазалы ауданының білім бөлімінде іске асыруға бағытталған іс-шаралар жоспары бекітіліп, жалпы білім беру ұйымдарына таратылып жоспар аясында ағымдағы 2017-2018 оқу жылында әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Тәрбие және білім» бағыты бойынша 22 аудандық деңгейде іс-шара өткізіліп, 1830 адам қамтылып отыр.

Инфрақұрылым және материалдық-техникалық база

2018 жылы Түктібаев ауылында орналасқан №88 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстарына, яғни жылу трубаларын жаңартуға, мектептің кіре беріс алдына жөндеу жұмыстарын жүргізуге 12963,0 мың теңге және №91 орта мектебінің терезелерін, едендері мен есіктерін (ішінара) ауыстыру мен жылу жүйесіне ішінара жөндеу жұмыстарын жүргізуге 20000,0 мың теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржыға мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, конкурс нәтижесінде №88 мектеп үшін 9374,4 мың теңгеге «Данияр 97» ЖШС-мен (18.06.2018 ж. №343), №91 мектеп үшін 13440,0 мың теңгеге «Құрылыс Бизнес и К» ЖШС-мен (13.06.2018 ж. №340) келісім-шарттар жасалды. Жөндеу жұмыстары тамыз айында аяқталатын болады.

Сонымен қатар, Әйтеке би кентіндегі №70 мектеп пен Тасарық ауылындағы №238 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары үшін жоба-сметалық құжаттарын дайындап, мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін 5673,0 мың теңге (№70 мектеп үшін – 3049,0 мың теңге, №238 мектеп үшін – 2624,0 мың теңге) бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Мектептерге жалпы білім беру пәндік кабинеттер бойынша, оның ішінде физика кабинеті бойынша 7 мектепке - 49660,0 мың теңге(2017 жылы 11200,0 мың теңге), химия кабинеті бойынша 7 мектепке - 45725,0 мың теңге, биология кабинеті бойынша 6 мектепке - 34202,0 мың теңге және интерактивті тақта құрал-жабдығымен - 44640,0 мың теңге (2017 жылы 26461,0 мың теңге) қаржы қаралды.

Білім беру ұйымдарына алғашқы өрт сөндіру құрал-жабдықтары мен өрт сөндіру қалқандарын алу үшін 2016 жылы 2735,0 мың теңге бөлініп, қажетті құралдармен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, 2017 жылы 6 мектепке автоматты өрт дабылы қондырғысын, 16 мектепке найзағай қорғағыш орнату, 20 мектепке шатырды өртке қарсы сұйықтықпен өңдеу және 13 мектепке автоматты өрт дабылы қондырғысына күтім жасау жұмыстарының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге барлығы 2176,0 мың теңге қаржы бөлініп, жоба-сметалық құжаттары дайындалған.

Биылғы жылы 33 мектеп ғимаратына найзағайдан қорғау құрылғысын орнату үшін жергілікті бюджеттен 7421,5 мың теңге қаржы бөлініп отыр. Алдағы уақытта мемлекеттік конкурс жарияланып, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады


Қазалы аудандық білім бөлімі бойынша 2018 жылдың ІІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

            Мектепке дейінгі білім беру

         Қазалы ауданында 51 мектепке дейінгі ұйымда 4893 бала тәрбиеленуде. Оның ішінде, 19 мемлекеттік, 11 жеке балабақша және                   21 шағын орталық жұмыс жасайды.

         Биылғы жылы 19 мемлекеттік балабақшаға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 20500,0 мың теңге қаржы бөлінген. Бөлінген қаржыға барлық балабақшаларға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге, Әйтеке би кентіндегі №7 «Балдырған» балабқшасына қосымша ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен барлығы 16000,0 мың теңге бөліп, «Болашақ» ЖШС-мен 11312,0 мың теңгеге келісім-шарт жасалған. Жөндеу жұмыстары аясында ғимараттың ауыз су мен кәріз жүйесі, балалар әжетханасы ауыстырылды. Қазіргі таңда, балабақша өз жұмысын жалғастыруда.

         Орта білім беру

         Қазалы ауданының білім бөліміне қарасты 37 мектеп (34 орта, 3 негізгі)           1 санаториялық балабақша, оқушылар үйі, әуез мектебі, кешкі мектеп және «Шағала» балаларды сауықтыру демалыс орталығы жұмыс жасайды. Оның ішінде, 35 мектеп типтік ғимаратта, 2 мектеп ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан.

         Әйтеке би кентінде оқушы орнының тапшылығын жою бағытында                  300 орындық жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді.

         Жаңа оқу жылында білім беру ұйымдарында барлығы 14795 оқушы оқиды, оның ішінде 9 сыныпта – 1253 оқушы, 11 сыныпта – 656 оқушы, жаңадан 1 сыныпқа – 1734 оқушы қабылданды.

Мектептер желісі  былтырғы оқу жылымен салыстырғанда 1 мектепке көбейіп отыр (Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №276 мектеп, 300  орындық жаңа құрылыс).

         Ағымдағы жөндеу жұмыстары

         Білім беру ұйымдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен 33666,0 мың теңге бөлінген (2017 жылы - 29611,0 мың теңге). Бөлінген қаржыға қажетті шаруашылық және құрылыс заттары алынып, білім беру ұйымдарына таратылып берілді. Ағымдағы жөндеу барысында есік, терезе, едендерді сырлау, ішкі және сыртқы тазалық жұмыстарын жүргізу, сынған парта мен орындықтарды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

         Сонымен бірге, 2 мектепке қосымша ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен барлығы 32963,0 мың теңге жоспарланған.

         Анықтамалық:

1. Ү.Түктібаев ауылындағы Б.Әбдразақов атындағы №88 мектеп бойынша 12963,0 мың теңге бөлініп, «Данияр 97» ЖШС-мен 9374,4 мың теңгеге келісім-шарт жасалған. Жөндеу жұмыстары аясында мектептің жылу жүйесі ауыстырылып, кіре беріс төбесін жөндеу жүргізіледі. Сонымен бірге, үнемделген қаржыға ғимарат алдына пандус орналастыру, кіреберіс баспалдақтары мен сыртқы есікті ауыстыру үшін 2975,6 мың теңгеге қосымша келісім-шарт жасалды. Жөндеу жұмыстары 25 тамызда толығымен аяқталды.

2. Ғ.Мұратбаев ауылындағы Ғ.Мұратбаев атындағы №91 мектеп бойынша 20000,0 мың теңге бөлініп, «Бизнес Құрылыс и К» ЖШС-мен 13440,0 мың теңгеге келісім-шарт жасалған. Жөндеу жұмыстары аясында ғимараттың ішінара терезелері, есіктері, едені мен жылу жүйесі ауыстырылады. Сонымен бірге, ғимараттың терезелерін толық ауыстыру, есіктерін толық ауыстыру мен электр лампаларын жаңалау үшін үнемделген қаржы есебінен 4781,2 мың теңгеге қосымша келісім-шарт жасалды. Жөндеу жұмыстары 25 тамызда толығымен аяқталды.

         Биылғы жылы 33 мектеп ғимаратына найзағайдан қорғау құрылғысын орнату үшін жергілікті бюджеттен 7421,5 мың теңге қаржы бөлінген. Мемлекеттік конкурс нәтижесінде «Қызылорда Телеу» ЖШС-мен келісім-шарт жасалып, жұмыстар 25 қыркүйекте толығымен аяқталды.

Материалдық-техникалық базамен жарақтандыру

Мектептерге жалпы білім беру пәндік кабинеттер бойынша, оның ішінде физика кабинеті бойынша 7 мектепке - 49660,0 мың теңге (2017 жылы               11200,0 мың теңге), химия кабинеті бойынша 7 мектепке - 45725,0 мың теңге, биология кабинеті бойынша 6 мектепке - 34202,0 мың теңге және интерактивті тақта құрал-жабдығымен - 44640,0 мың теңге (2017 жылы             26461,0 мың теңге) қаржы қаралды.

         Электрондық күнделікке арналған 230 данасын сатып алуға                8049,0 мың теңге, робототехника кабинеті құрал-жабдығымен 10 мектепке 33540,0 мың теңге (2017 жылы 4 мектеп пен оқушылар үйіне – 14587,2 мың теңге), Цифрлы Қазақстан бағдарламасын дамытуға қажетті 3D модельдеу кабинетін құрал-жабдығымен сатып алуға 4772,0 мың теңге, сандық білім беру зертханалық аспап кабинеттерінің құрал-жабдығымен сатып алуға 6884,0 мың теңге, «BILIMBOOK» бағдарламасы бойынша мектептерге планшет сатып алуға - 9900,0 мың теңге, мектептерге компьютер сатып алуға 4738,0 мың теңге қаралған. Бөлінген қаржыға барлық құрал-жабдықтар сатып алынып, мектептерге таратылды.

Оқулықпен қамту

Қазалы ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарын              2018 – 2019 оқу жылында 1,2,3 сынып дәптерлері мен 3,6,8 сыныптарға қажетті оқулықтар мен оқу әдістемелік  кешендеріне және 7-сынып оқушы санының артуына байланысты  оқулыққа қажетті толықтырулар алуға 143739,0 мың теңге, тасымалға 1344,0 мың теңге, барлығы 145083,0 мың теңге аудандық бюджеттен бөлінді.

          Оның ішінде:

-         1, 2, 3 сынып дәптерлері 65970 дана - 37269,5 мың теңге;

-         1 сыныпқа Елбасымыздың атынан сыйға берілетін «Менің Отаным Қазақстан» оқу құралы 1936 дана - 2405,0 мың теңге;

-         7 сыныпқа толықтыру 750 дана - 917,8 мың теңге;

-         3, 6, 8 сыныптарға жаңартылған мазмұндағы оқулықтар мен               оқу-әдістемелік құралдары 66857 дана - 103146,6 мың теңге.

         Оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдары 30 тамызға дейін мектептерге таратылды.

Ыстық тамақпен қамтамасыз ету

Аудан бойынша барлық бала бір мезгіл ыстық тамақпен, яғни ақылы және тегін тамақтанса, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардан шыққан 3033 бала ыстық тамақпен 100% қамтамасыз етілетін болады.

2018 жылы жалпыға бірдей міндетті оқу қоры есебінен 144187,0 мың теңге (2017 жылы 112234,0 мың теңге) қаралған (қыркүйек-желтоқсан айларына 68408,0 мың теңге), оқушыларға берілетін бір мезгіл тегін ыстық тамақтың бір балаға бір күндік тамақ құны – 299,04 теңгені (2017 жылы 267 теңге) құрайды.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстары

Аудан бойынша 34 орта мектептен 656 оқушы бітіргелі отыр. Оның ішінде, 585 бітіруші (89,2 %) ҰБТ-ға қатысуға тілек білдіріп отыр. Сонымен бірге, 23 мектептен 64 үміткер «Алтын белгі» белгісіне, 10 мектептен             23 үміткер «Үздік аттестатқа», барлығы 87 оқушы үміткерлікке ұсынылып отыр.

Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру туралы

         2018 жылға дейін аудан бойынша жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жалпы оқыған мұғалімдер үлесі 41% құрап отыр /809 мұғалім оқыған/, 2018 жылғы біліктілікті арттыру курсынан өтетін тыңдаушылармен /393 мұғалім/ қоса есептегенде жалпы 61% ұстаздар /1202 мұғалім/ курспен қамтылған. Жаңартылған білім беру мазмұнымен қамтылмаған 776 мұғалім (39%) бар. Олар өз кезегінде жоспарға сәйкес алдағы оқу жылында тиісті біліктілікті арттыру курстарынан өтетін болады. Мұнан бөлек білім беру ұйымы басшыларына арналған осы жаңартылған білім беру мазмұны бойынша биылғы оқу жылында 3 мектеп директоры біліктілікті артыру курстарынан өтуде. Жалпы 36 білім беру ұйымдарының басшыларының 24-і, яғни 67% біліктілікті арттыру курстарынан өткен.

Сонымен қатар робототехника бойынша 10 мұғалім, жаратылыстану бағыты бойынша химия, биология, физика, информатика пәндері мұғалімдерінің  ағылшын тілін меңгеруіне орай тілдік біліктілік курстарынан 51 мұғалім өтті, ал 24 мұғалім курстан өтуде.

Инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету

Инклюзивті білім беруді дамыту мақсатында Қазалы ауданында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 ақпандағы                      №81 қаулысының 2 тармағын жүзеге асыру шеңберінде ерекше оқытуды қажет ететін  балаларға кіріктірілген (инклюзивті) білім беруді ұйымдастыруда №234 мектеп базасында психикалық даму тежелеген диагнозындағы (задержка психического развития) арнайы түзету класы 2005 жылдан бастап жұмыс жасауда. Қазіргі таңда 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 кластарда 85 оқушы білім алуда. Осы орайда сыныптарға  жүргізілген жұмыс нәтижесінде                          2017-2018 оқу жылында 6  оқушы қалыпты сыныпқа ауыстырылды.

Білім беру ұйымдарына 2014 жылдан бастап аудан бойынша                    №266 мектеп-лицейіне дефектолог, №249, №234 мектепке  дефектолог, логопед,  2016-2017 оқу жылында №266 мектеп-лицейге логопед, №216,70,204  мектептерге дефектолог, 2018-2019 оқу жылында №226,165,  16 мектептерге дефектолог  штаты  беріліп, қазіргі таңда мамандар сөйлеу тілінде бұзылысы бар және оқу үлгерімінде қиындықтар келтіріп отырған оқушылармен коррекциялық жұмыстар жүргізуде.

Мектепке дейінгі балаларды инклюзивті біліммен қамту мақсатында 2013 жылдан бастап №2«Айгөлек» балабақшасында логопедиялық пункт ашылып, арнайы дефектолог, логопед мамандарымен қамтамасыз етіліп,               8 балаға түзету-дамыту жұмыстарын жүргізуде.

Қаржының игерілуі

«Қазалы ауданының білім бөлімі» коммуналдық  коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2018 жылдың 1 қазанына 5482016,0  мың теңге қаралып, қаралған қаржы 5479805,7 мың теңгеге, яғни 99,9 пайызға орындалды. 



Қазалы ауданының білім бөлімінің 2018 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстары туралы анықтама


Білім беру мекемелері туралы жалпы ақпарат

Қазалы ауданының білім бөліміне қарасты 30 мектепке дейінгі ұйымдар, 33 орта және  3 негізгі мектеп, (оның ішінде 3 мектеп-лицей, 1 гимназия және 1 санаториялық балабақша), оқушылар үйі, әуез мектебі, кешкі мектеп және «Шағала» балаларды сауықтыру демалыс орталығы жұмыс жасайды. Аудан бойынша барлық мектептер типтік ғимаратта орналасқан.

Әйтеке би кентінде оқушы орнының тапшылығын жою бағытында  300 орындық жаңа мектептің ғимараты салынып, пайдалануға беру жұмысары жүргізілуде.

2017-2018 оқу жылын 14552 оқушы бастаса, 2018 жылдың 25 мамырына 14564 оқушы аяқтады. Олардың ішінде, 1 сыныпта 1683 оқушы, мектеп бітіруші 799 оқушы.

Аудан бойынша 30 балабақша (19 мемлекеттік, 11 жеке) және 16 толық күн болатын шағын орталық, барлығы 46 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды. 30 балабақшада 2560 бала, 16 шағын орталықта  793 бала (2017 жылы 673 бала), мектепалды даярлықта 1540 бала барлығы 4893 бала (2017 жылы 4773 бала) мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған.

Инфрақұрылым және материалдық-техникалық база

Ү.Түктібаев ауылындағы №88 мектеп ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 12962,5 мың теңге, Ғ.Мұратбаев ауылындағы №91 мектеп ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарына 20000,0 мың теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, Әйтеке би кентіндегі №70 мектеп пен Тасарық ауылындағы №238 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары үшін жоба-сметалық құжаттарын дайындап, мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін 5673,0 мың теңге (№70 мектеп үшін – 3049,0 мың теңге, №238 мектеп үшін – 2624,0 мың теңге) бөлініп, мемлекеттік конкурс жарияланды. Алдағы уақытта жеңімпаз анықталып, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Мектептерге жалпы білім беру пәндік кабинеттер бойынша, оның ішінде физика кабинеті бойынша 7 мектепке - 49660,0 мың теңге  химия кабинеті бойынша 7 мектепке - 45725,0 мың теңге, биология кабинеті бойынша 6 мектепке - 34202,0 мың теңге және интерактивті тақта құрал-жабдығымен - 44640,0 мың теңге қаржы қаралды. Аталған құрал-жабдықтар ағымдағы жылдығ тамыз айына дейін білім беру ұйымдарына жеткізіліп береді.

Планшет, электрондық күнделік 230 данасын сатып алуға - 8049,0 мың теңге, робототехника кабинеті құрал-жабдығымен 10 мектепке - 33540,0 мың теңге, Цифрлы Қазақстан бағдарламасын дамытуға қажетті 3D модельдеу кабинетін құрал-жабдығымен сатып алуға - 4772,0 мың теңге, сандық білім беру зертханалық аспап кабинеттерінің құрал-жабдығымен сатып алуға-6884,0 мың теңге, «BILIMBOOK» бағдарламасы бойынша мектептерге планшет сатып алуға - 9900,0 мың теңге, мектептерге компьютер сатып алуға - 4738,0 мың теңге қаралып, қазіргі таңда конкурс жарияланды.



Оқулықпен қамтамасыз ету

2018 – 2019 оқу жылына 1, 2, 3 - сыныптарды жұмыс дәптерлерімен қамтамасыз етуге 36678,1 мың теңге, 3, 6, 8-сынып оқушыларын жаңартылған білім мазмұны бойынша оқулықтармен және оқу әдістемелік кешендерімен қамтамасыз ету үшін 103385,9 мың теңге, 7-сынып оқулықтарына толықтырулар алу үшін 1351,5 мың теңге, сонымен қатар Елбасымыздың атынан барлық 1-сынып оқушыларына сыйға берілетін «Менің Отаным – Қазақстан» атты оқу құралына    2323,2 мың теңге, тасмалдауға 1344,0 мың теңге, барлығы 145083,0 мың теңге бөлінді.

Ыстық тамақпен қамтамасыз ету

Аудан бойынша 14555 бала бір мезгіл ыстық тамақпен, яғни ақылы және тегін тамақтанса, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардан шыққан балалардың 3033-і ыстық тамақпен 100% қамтамасыз етілген.

2018 жылы  жалпыға бірдей міндетті оқу қоры есебінен 144187,0 мың теңге (2017 жылы 112234,0 мың теңге) көлемінде қаржы қаралған, оқушыларға берілетін бір мезгіл тегін ыстық тамақтың бір балаға бір күндік тамақ құны – 299,04 теңгені құрайды.

Жалпы орта білім беруді қамтамасыз ету

Оқушылардың үлгерімі-білім беру жүйесі жұмысының басты көрсеткіші. Оқу жылын 14564 оқушы аяқтаса, жылдық қорытынды бойынша оқушылар білімінің сапасына келсек, оқу жылын 3420 оқушы үздіктер /23,5 пайыз/, 5229 оқушы екпінділер /36 пайыз/, жалпы барлығы 8649 оқушы 59,3%.

2018 жылғы Ұлттық Бірыңғай тестілеу қорытындысы туралы 

  2017 – 2018 оқу жылын 799 оқушы 11 сыныпты бітіріп 555 оқушы (539 оқушы қазақ 16 оқушы орыс) ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Қатысу пайызы 69,5.      

  Ұлттық бірыңғай тестілеуге №25, 96 мектептер оқушыларын 100 пайыз қатыстырса, №249, 226 мектептер оқушыларын 90 пайыздан жоғары қатыстырды. Ал оқушыларын 50 пайыздан төмен №24, 182, 97, 134 мектептер қатыстырды.

  Ұлттық бірыңғай тестілеу 22 маусым күні бір кезеңде №249 мектеп – лицейде өткізілді.

  Аудан бойынша 33 орта мектептен 555 оқушы қатысып, мектептердің орташа балы 82,7 балды құрады.

ҰБТ - ға қатысқан 555 оқушының 14 – сі жоғары оқу орнына шығармашылық емтихан тапсырамын деп ҰБТ кезінде тек ғана екі пәннен тапсырды.

100 ден жоғары 106 оқушы мектептер бойынша:

  №238, 25, 234, 16, 96, 98, 182, 92 мектептерде – 1 оқушыдан

  №24, 94, 104 мектептерден – 2 оқушыдан

  №90, 102, 190, 225, 103, 88, 204 мектептерден – 3 оқушыдан

  №91, 165 мектептерден – 4 оқушыдан

  №17, 226, 170 мектептерден – 5 оқушыдан

  №70 мектептен – 7 оқушы

  №216 мектептен – 8 оқушы

  №266 мектептен – 10 оқушы

  №249 мектептен – 23 оқушы

  Ең жоғары 135 балды №249 мектеп - лицейдің оқушысы Рат Еркін Қазбекұлы жинап отыр.


  №249 мектеп-лицейдің 2 (екі) оқушысы Ахмет Нұрбек Қуанышбекұлы және Шайықислам Әсия Нұрдәулетқызы математика пәні бойынша жоғары 40 балды жинады. Пән мұғалімі Берінбаев Ғани.

  Қазақстан тарихы мен математикалық сауаттылығы бойынша жоғары 20 балды №226 мектеп-гимназияның оқушысы Едіге Нұрислам Әміржанұлы жинады.

Олимпиада қорытындысымен облыстық олимпиаданың іріктеу турына 10-11 сыныптардан 11 пәннен І орын алған 14 оқушы ұсынылды.

Облыстық олимпиада қорытындысымен қатысқан 14 оқушының12 оқушысы (2017 жылы қатысқан 19 оқушыдан 10 оқушы орын алған) жүлделі орындарға ие болып Қазалы ауданы аудандардың арасында жоғары жетістікке жетті.

Олимпиаданың Республикалық кезеңіне барлығы 3 оқушы қатысып, 2 оқушы  жүлделі ІІІ орынға (қола медаль) ие болды (2017 жылы 3 оқушы қатысып орын ала алмаған).

Электронды оқыту жобасын енгізу

2018 жылға «Инновациялық-интеллектуалды технология академиясы» ЖШС арқылы 2520,0 мың теңгеге 34 мектепке Білім министрлігі, облыстық білім басқармасы ұйымдастырып отыратын онлайн интерактивті сабақ, онлайн конференцияларға қатысуға сертификаттар алынды.

Биылғы жылы интернет желісінің жылдамдығы төмен (512 кбит/сек)                     3 мектеп болса (2017 жылы 11 мектеп), интернет желісін кемінде                     4-10 мб/сек аралығында көтеруге 12 мектепке облыстық бюджеттен 1774,0 мың теңге бөлінді.

2018 жылдан бастап "Bilim Media Group" ЖШС–нің ұсынуымен электронды порталға 31 мектеп онлайн, 5 мектеп офлайн болып қосылды (2017 жылы 17 онлайн, 19 офлайн болып қосылған).

Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру

2018 жылы қаңтар айынан бастап   НЗМ ДББҰ ПШО-ның жоспарына сәйкес, 1 мектеп   директоры, 10 мектеп  директорының орынбасарлары 3 айлық деңгейлік бағдарлама бойынша  біліктілік  арттырса, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша пәндерден 250 мұғалім, робототехника бойынша 10 мұғалім курстан өтті.

           Ұлт жоспарының 79-қадамына орай   пәндерді ағылшын тілінде  оқытуға кезең-кезеңмен көшуге, 2018-2019,2019-2020 оқу жылдарында  физика, химия, биология, информатика пәндері 10-11 сынып оқушылары үшін ағылшын тілінде оқытылатындығына орай  жаратылыстану бағыты пәндернің 77 мұғалімі  ағылшын тілін меңгеруіне орай біліктілік курсынан өтті. /Оның 21 ағылшын тілі пәні мұғалімдері/  Осы мұғалімдернің 2-і  В2 деңгейін аяқтады.  28-і   А2,В1 деңгейін  маусым айының соңына дейін бітіреді. Қалғандары білім министрлігінің кестесі  бойынша одан әрі жалғастыратын болады.   

Өрлеу» БАҰО АҚ  Қызылорда филиалында  мектепке дейінгі, жалпы орта білім беретін  99 мұғалім қысқа мерзімді біліктілік курсынан өтті.  Маусым-тамыз айлары аралығында   451 мұғалім курстан өтетін болады. 1,2,3,5,6,7,8 кластарға сабақ беретін пәндер бойынша  мұғалімдердің 90 пайызға жуығы қамтылды.

Қаржының игерілуі

Қазалы ауданының білім бөлімі бойынша 2018 жылдың 1 шілдесіне 4159266,5 мың теңге қаралып, қаралған қаржы 4159064,2 мың теңгеге, яғни 99,9 пайызға орындалды.

Республикалық бюджеттен 447,7 мың теңге негізгі қызметкердің оқу кезеңдерінде орнына жұмыс атқарған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге бөлінген қаржыдан, 1840,5 мың теңге жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бастауыш, негізгі және жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне қосымша ақы төлеуге берілген ағымдағы нысаналы трансферттерден үнемделіп тұр. Облыстық трансферттен 1,6 мың теңге ҰБТ-ге сынама кітапшалар сатып алдан мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаржы. Жергілікті бюджеттен 114,9 мың теңге сатып алудан үнемделген қаржы.





...
Қазалы аудандық білім бөлімі бойынша 2018 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат



Білім беру мекемелері туралы жалпы ақпарат

Қазалы ауданының білім бөліміне қарасты 30 мектепке дейінгі ұйымдар, 33 орта және  3 негізгі мектеп, (оның ішінде 3 мектеп-лицей, 1 гимназия және 1 санаториялық балабақша), оқушылар үйі, әуез мектебі, кешкі мектеп және «Шағала» балаларды сауықтыру демалыс орталығы жұмыс жасайды. Аудан бойынша барлық мектептер типтік ғимаратта орналасқан.

Әйтеке би кентінде оқушы орнының тапшылығын жою бағытында 300 орындық жаңа мектептің ғимараты салынуда.

2017 – 2018 оқу жылын 14552 оқушы бастаса, қазіргі таңда 14555 оқушы білім алуда. Олардың ішінде, 1 сыныпта 1683 оқушы, мектеп бітіруші 799 оқушы.

Аудан бойынша 30 балабақша (19 мемлекеттік, 11 жеке) және 16 толық күн болатын шағын орталық, барлығы 46 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды. 30 балабақшада 2560 бала, 16 шағын орталықта 793 бала (2017 жылы 673 бала), мектепалды даярлықта 1540 бала барлығы 4893 бала (2017 жылы 4773 бала) мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған.

Инфрақұрылым және материалдық-техникалық база

Ү.Түктібаев ауылындағы №88 мектеп ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 12962,5 мың теңге, Ғ.Мұратбаев ауылындағы №91 мектеп ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарына 20000,0 мың теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда, мемлекеттік конкурс жарияланып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, Әйтеке би кентіндегі №70 мектеп пен Тасарық ауылындағы №238 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары үшін жоба-сметалық құжаттарын дайындап, мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін 5673,0 мың теңге (№70 мектеп үшін – 3049,0 мың теңге, №238 мектеп үшін – 2624,0 мың теңге) бөлініп, мемлекеттік конкурс жарияланды. Алдағы уақытта жеңімпаз анықталып, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Мектептерге жалпы білім беру пәндік кабинеттер бойынша, оның ішінде физика кабинеті бойынша 7 мектепке - 49660,0 мың теңге (2017 жылы 11200,0 мың теңге), химия кабинеті бойынша 7 мектепке - 45725,0 мың теңге, биология кабинеті бойынша 6 мектепке - 34202,0 мың теңге және интерактивті тақта құрал-жабдығымен - 44640,0 мың теңге (2017 жылы 26461,0 мың теңге) қаржы қаралды.

Планшет, электрондық күнделік 230 данасын сатып алуға - 8049,0 мың теңге, робототехника кабинеті құрал-жабдығымен 10 мектепке - 33540,0 мың теңге (2017 жылы 4 мектеп пен оқушылар үйіне – 14587,2 мың теңге), Цифрлы Қазақстан бағдарламасын дамытуға қажетті 3D модельдеу кабинетін құрал-жабдығымен сатып алуға - 4772,0 мың теңге, сандық білім беру зертханалық аспап кабинеттерінің құрал-жабдығымен сатып алуға - 6884,0 мың теңге, «BILIMBOOK» бағдарламасы бойынша мектептерге планшет сатып алуға - 9900,0 мың теңге, мектептерге компьютер сатып алуға - 4738,0 мың теңге қаралып, қазіргі таңда конкурс жарияланды.

Оқулықпен қамтамасыз ету

2018 – 2019 оқу жылына 1, 2, 3 - сыныптарды жұмыс дәптерлерімен қамтамасыз етуге 36678,1 мың теңге, 3, 6, 8-сынып оқушыларын жаңартылған білім мазмұны бойынша оқулықтармен және оқу әдістемелік кешендерімен қамтамасыз ету үшін 103385,9 мың теңге, 7-сынып оқулықтарына толықтырулар алу үшін 1351,5 мың теңге, сонымен қатар Елбасымыздың атынан барлық 1-сынып оқушыларына сыйға берілетін «Менің Отаным – Қазақстан» атты оқу құралына 2323,2 мың теңге, барлығы 143738,7 мың теңге қаржы (2017-2018 оқу жылына 141324,4 мың теңге) қажет деп жоспарлануда.

Қазіргі уақытта, оқулықтар мен тасымал жұмыстары үшін 89597,0 мың теңге бөлініп отыр. Ал, қосымша қажетті 55485,7 мың теңге қаржы алдағы аудандық мәлихат сессиясында бөлінетін болады.

Ыстық тамақпен қамтамасыз ету

Аудан бойынша 14555 бала бір мезгіл ыстық тамақпен, яғни ақылы және тегін тамақтанса, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардан шыққан балалардың 3033-і ыстық тамақпен 100% қамтамасыз етілген.

2018 жылы  жалпыға бірдей міндетті оқу қоры есебінен 144187,0 мың теңге (2017 жылы 112234,0 мың теңге) көлемінде қаржы қаралған, оқушыларға берілетін бір мезгіл тегін ыстық тамақтың бір балаға бір күндік тамақ құны – 299,04 теңгені (2017 жылы 267 теңге) құрайды.

Жалпы орта білім беруді қамтамасыз ету

Оқушылардың үлгерімі-білім беру жүйесі жұмысының басты көрсеткіші. ІІI оқу тоқсаны қорытындысы бойынша оқушылар білімінің сапасына келсек, оқу тоқсанын 3297 оқушы үздіктер /23 пайыз/, 5197 оқушы екпінділер /36 пайыз/, жалпы барлығы 8494 оқушы 59% (өткен оқу жылымен салыстырғанда 2% артып отыр), 9 оқушы /0,06 пайыз/ үлгірмеушілер қатарында аяқтады (№216 - 1, 266 - 6, 204 - 2 оқушылары).

Жаңа бағдарлама бойынша оқып жатқан 1 сынып оқушыларына келсек ІІI оқу тоқсаны қорытындысы бойынша оқушылардың білім сапасы 566 оқушы үздіктер /34 пайыз/, 629 оқушы екпінділер /37 пайыз/, жалпы барлығы 1195 оқушы 71% үздік пен екпінділер қатарында  аяқтады.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстары

Ұлттық Бірыңғай Тестілеу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК-ы директорының 2017 жылғы 12 маусымдағы № 224-НК бұйрығымен бекітілген «Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу нұсқаулығына» сәйкес өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы «2» мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген «Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидаларына» сәйкес ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштерді қабылдау күнтізбелік жылғы 10 наурыз бен 10 мамыр аралығында ҰБТӨП-терде жүргізіледі.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысатын оқушыларды тасымалдауға  700,0 мың теңге, тамақтандыруға және жатын орнына 1300,0 мың теңге аудандық бюджеттен барлығы 2000,0 теңге қаражат бөлінді. Сонымен қатар әр оқушыдан 4 реттен тегін сынама тест алу үшін 2600 дана тест кітапшаларын сатып алуға аудандық бюджеттен 912,6 теңге қаржы бөлінді.

Қазіргі таңда облыстық білім басқармасының тапсырмасына орай Ұлттық бірыңғай тестілеудің өтілу барысын 14 аудиторияда онлаин режимінде көрсету үшін аудандық бюджетке 1292,0 мың теңге қаржы бөлініп тиісті жұмыстар жүргізілуде.

2018 жылға дайындық жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен барлығы 400 оқушыға 11200,0 мың теңге бөлінді.

Аудан бойынша 33 орта мектептен 799 оқушы бітіргелі отыр. Оның ішінде, бітіруші 799 оқушының 573-і (71,7%) ҰБТ-ға қатысуға тілек білдіріп отыр. Сонымен бірге, 13 мектептен 41 үміткер «Алтын белгі» белгісіне, 6 мектептен 9 үміткер «Үздік аттестатқа», барлығы 50 оқушы үміткерлікке ұсынылып отыр.

Мектептер байқау сынағын ай сайын алып, дайындық жұмыстарын жүргізуде. Наурыз айында білім бөлімінің алған байқау сынағының қорытындысымен аудан бойынша орташа балл 94 балды құрап отыр. (қыркүйек айында аудан бойынша орташа балл 63,9 балды құраған)

Олимпиада қорытындысымен облыстық олимпиаданың іріктеу турына 10-11 сыныптардан 11 пәннен І орын алған 14 оқушы ұсынылды.

Облыстық олимпиада қорытындысымен қатысқан 14 оқушының 12 оқушысы (2017 жылы қатысқан 19 оқушыдан 10 оқушы орын алған) жүлделі орындарға ие болып Қазалы ауданы аудандардың арасында жоғары жетістікке жетті.

Олимпиаданың Республикалық кезеңіне барлығы 3 оқушы қатысып, 2 оқушы  жүлделі ІІІ орынға (қола медаль) ие болды (2017 жылы 3 оқушы қатысып орын ала алмаған).

Электронды оқыту жобасын енгізу

2018 жылға «Инновациялық-интеллектуалды технология академиясы» ЖШС арқылы 2520,0 мың теңгеге 34 мектепке Білім министрлігі, облыстық білім басқармасы ұйымдастырып отыратын онлайн интерактивті сабақ, онлайн конференцияларға қатысуға сертификаттар алынды.

Биылғы жылы интернет желісінің жылдамдығы төмен (512 кбит/сек) 3 мектеп болса (2017 жылы 11 мектеп), интернет желісін кемінде 4-10 мб/сек аралығында көтеруге 12 мектепке облыстық бюджеттен 1774,0 мың теңге бөлінді.

2018 жылдан бастап "Bilim Media Group" ЖШС–нің ұсынуымен электронды порталға 31 мектеп онлайн, 5 мектеп офлайн болып қосылды (2017 жылы 17 онлайн, 19 офлайн болып қосылған).

Инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету

2009 жылғы Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту тұжырымдамасы мен Қазақстан Республикасында білім  беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасының басты міндеттерінің бірі - еліміздегі инклюзивті оқытуды дамыту болып саналады. Осы міндетті жүзеге асыру барысында Қазалы ауданының психологиялық - медициналық - педагогикалық консультациясы мамандарымен 0-18 жас аралығында мүмкіндігі шектеулі - 702 бала анықталды.

Оқу, тәрбиелеу, емдеу нысандары бойынша,үйден оқуға - 102 бала,  әлеуметтік қызметке - 62, балабақшада тәрбиеленіп отырғаны - 53, жалпы мектепте оқуын жалғастыруға -  263 бала ұсынылған.

Инклюзивті білім беру жағдайында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 ақпандағы №81 қаулысының 2 тармағын жүзеге асыру шеңберінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларға кіріктірілген (инклюзивті) білім беруді ұйымдастыруда Қазалы ауданы бойынша №234 мектеп базасында ЗПР диагнозындағы (задержка психического развития) арнайы түзету (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9) сыныптарда 72 оқушы білім алуда. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде 9 оқушы қалыпты сыныпқа ауыстырылды.

Қазіргі таңда инклюзивті білім беру жағдайында №249, №266, 234, №216, №70, №2 «Айгөлек» балабақшасында дефектолог, логопед мамандары жұмыс жасауда.

Алдағы уақытта №16, 226, 165 мектептерге дефектолог штат бірлігін алуға бюджеттік өтінім берілді.

Аудандық  ВІ «Жұлдызай» фестивалі ұйымдастырылып, №226 гимназияда би өнері, №170 мектептен ән өнері, №225 мектептен бейнелеу өнері, №234 мектептен қолданбалы өнерден 4 оқушы облыстық фестивалге жолдама алды.

Білім беру ұйымдарында ерекше білім алуды қажет ететін оқушыларды үнемі бақылауға алып, қамқорлық көрсету аясында іс-шараларға тартып, бәрімен бірдей көзқараста ұстап,жүйелі жұмыс жасап келеді.

Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру

2018 жылға жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша біліктілік арттыру үшін 182 мұғалім, 26  директор орынбасарлары ПШО Қызылорда филиалына, 391 мұғалім «Өрлеу» БАҰО АҚ Қызылорда филиалында біліктілік арттыратын болады.

НЗМ ДББҰ ПШО-ның жоспарына сәйкес, 1 мектеп директоры, 21 директор орынбасарлары 3 айлық деңгейлік бағдарлама бойынша біліктілік арттыратын болады.

Жаратылыстану бағыты пәндері мұғалімдерінің ағылшын тілін меңгеруіне орай біліктілік курсына 76 мұғалім жоспарланды, оның 2 мұғалім В2 деңгейін аяқтады, 28 мұғалім А2, В1 деңгейін жалғастыруда. 46 мұғалім  алдағы уақытта біліктілік арттырады. 

Өрлеу» БАҰО АҚ Алматы қаласында 10 мұғалім, Қызылорда филиалында  мектепке дейінгі, жалпы орта білім беретін 150 мұғалім қысқа мерзімді біліктілік курсынан өтетін болады. 

Қаржының игерілуі

Аудандық білім бөлімі бойынша 2018 жылдың 1 тоқсанына 1690383,0 мың теңге қаралып, қаралған қаржы 1684382,5 мың теңгеге, яғни 99,6 пайызға орындалды.


...
Қазалы аудандық білім бөлімі
 бойынша 2017 жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат


 

1.   Білім беру мекемелері туралы жалпы ақпарат

Қазалы ауданының білім бөліміне қарасты 30 мектепке дейінгі ұйымдар, 33 орта және  3 негізгі мектеп, (оның ішінде 3 мектеп-лицей, 1 гимназия және 1 санаториялық балабақша),оқушылар үйі, әуез мектебі, кешкі жастар мектебі және «Шағала» балаларды сауықтыру демалыс орталығы жұмыс жасайды.

Облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың бастамасымен облыс бойынша апатты жағдайдағы мектептердің орнына жаңа мектеп ғимаратын салу жұмыстары осы жылы аяқталып, аудан бойынша апатты мектептер мәселесі толығымен шешілді. Аудан бойынша барлық мектептер типтік ғимаратта орналасқан.

Әйтеке би кентінде оқушы орнының тапшылығын жою бағытында 300 орындық жаңа мектептің ғимараты салынуда. 2017 – 2018 оқу жылын 14552 оқушы бастады, оқушылар саны өткен оқу жылымен салыстарғанда 171-ге артты. 1 сыныпқа жаңадан 1685 оқушы қабылданса, 1216-і  9 сыныптар, 796-ы  мектеп бітіруші 11-сыныптар.

 

2.Инфрақұрылым және материалдық-техникалық база

Қазалы қаласындағы №95 орта мектептің шатырына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен 4540,0 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстары атқарылды.

Әйтеке би кентіндегі №266 мектеп-лицейге ағымдағы жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 14829,1 мың теңге, жергілікті бюджеттен 528,3 мың теңге, барлығы 15357,4 мың теңге бөлініп, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

№№16, 24, 70, 88, 90, 96, 190 мектептерге ағымдағы жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 89710,8 мың теңге, жергілікті бюджеттен 10292,3 мың теңге бөлініп, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, №249 мектеп-лицейге 3800,0 мың теңге, №216 орта мектепке 10617,7 мың теңге бөлініп, тиісті жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2017 жылы а 4919,6 мың теңгеге 45 дана компьютер, 2064,7 мың теңгеге 41 дана принтер алынды. 2017 жылы 23 мектепке 73 дана компьютер, 589 дана парта алынып, таратылды.  №225 орта мектепке балаларды тасымалдауға автокөлік сатып алынды.  №16, 226, 249, 266 мектептерге физика кабинеті  алынды.   

№216 орта мектепке материалдық техникалық базасын жаңартуға 1426,0 мың теңге қаржы бөлінді. 

2017 жылы 3 мектеп-лицейді, гимназияны және оқушылар үйін робототехника кабинетімен жабдықтауға 14587,2 мың теңге бөлініп, сатып алынып берілді.

2017 жылдың қазан айында №88 орта мектепке 2 млн 800 мың теңгегеғ №226 гимназияға 2 млн 800 мың теңгеге, №266 мектеп-лицейге 2 млн 800 мың теңгеге, №249 мектеп-лицейге 2 млн 800 мың теңгеге физика кабинеті мен оның құрал-жабдықтары алынып берілді.

2017 жылдың қараша айында №№16, 17, 95, 165, 170, 204, 216, 234, 249, 70, 226, 266, 24, 88, 92, 94, 103, 182, 190, 258 мектептерге 26 млн 461 мың 512 теңгеге интерактивті тақта алынып берілді.

 

2.1.Кадрмен қамтамасыз ету

Білім беру мекемелеріндегі ең басты тұлға-мұғалім.  Оның өмірі мен шығармашылық еңбегі, мұғалім мамандығының мәртебесін көтеру үшін лайықты жағдайлар жасау басты міндет болып табылады.

Қазіргі уақытта аудан мектептерінде 2336 мұғалім қызмет атқарады.Олардың жоғары білімдісі-2126, арнаулы орта білімдісі-210.  Жоғары санатты-156, (6%), І санатты–707 (27,4%), ІІ санатты - 862 (39,2%),

Жоғары, І санатты мұғалімдердің үлесі-аудан бойынша 37 пайызды құрайды.

2.2.Оқулықпен қамтамасыз ету

2017-2018 оқу жылына  1,2,5,7,9 сыныптарға 141,0 млн теңге 10 баспаға оқулықтар мен оқу әдістемелік  кешендерін сатып алуға тапсырыстар берілді, яғни «Назарбаев зияткелік мектебі»  баспасына 9479 тиражға -4,5 млн теңге, Алматы кітап баспасына 11157 тиражға – 15,6 млн теңге, Мектеп баспасына 11493 тиражға – 11,5 млн теңге, Еду стрим баспасына 10895 тиражға – 11,5 млн теңге, Арман ПВ баспасына 1729 тиражға 4,9 млн теңге, Атамұра баспасына 61955 тиражға 62,2 млн теңге, Бөбек баспасына 7412 тиражға 4,7 млн теңге, Келешек баспасына 17,8 млн теңге, Көкжиек-Горизонт баспасына – 2596 тиражға – 2,9 млн теңге, Макмиллан баспасына 1331 тиражға - 5,7 млн теңге. 

Оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер 31 тамызға дейін  мектептерге таратылып берілді.

 

2.3.Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Қазалы ауданының білім бөліміне қарасты білім беру мекемелерінде оқушылардың сабақ процесі кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мектеп дирекциясына жүктелген. Білім беру мекемелерінде педагог қызметкерлерден кезекшілік ұйымдастырылып, оқушылардың сабақ процесі  және үзіліс кезіндегі жүріс-тұрысы бақылауға алынған.

Сонымен қатар, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бағытында 2015 жылы 5 мектепке, 2016 жылы 8 мектепке, 2017 жылдың І жарты жылдығында қалған  23 мектепке барлығы 20 млн 753 мың теңгеге бейнебақылау камералары орнатылды.

Аудан бойынша барлығы 25 мектеп пен 1 қосымша білім беру ұйымының ғимараттарында автоматты өрт дабылы қондырғысы орнатылған. 2017 жылы барлығы 2176,0 мың теңгеге 19 мектепке (№№16, 17, 24, 70, 90, 92, 95, 96, 97, 104, 165, 170, 182, 190, 204, 216, 225, 249, 266) автоматты өрт дабылы қондырғысын орнату мен күтім жасауға, 16 мектепке (№№16, 17, 95, 96, 165, 170, 204, 216, 70, 266, 24, 104, 182, 190, 225, 97) найзағай қорғағыш орнату, 20 мектепке (№№16, 17, 95, 96, 165, 170, 204, 216, 249, 70, 266, 24, 90, 91, 92, 104, 182, 190, 225, 97) шатырды өртке қарсы сұйықтықпен өңдеу жұмыстарының жоба-сметалық құжаттары әзірленді. 

2.4.Медициналық қызмет және ыстық тамақпен қамтамасыз ету

Бөлімге қарасты білім беру мекемелерінің барлығында медициналық кабинетпен қамтамасыз етілген. Онда 53 медбике жұмыс жасайды. Оқу жылы барысында оқушылардың 100% скринингтік бақылаудан өткізіліп, денсаулығында ауытқушылығы бар балалар диспансерлік есепке алынды.

Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептерде 10 стоматологиялық кабинет жұмыс жасайды.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №717 бұйрығымен бекітілген әлеуметтік топтағы білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру туралы қағиданың және бекітілген ас мәзірінің негізінде бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

Атап айтқанда 2017 жылы аталмыш қағиданың 68 тармағының негізінде конкурс қорытындысы шығарылғанға дейінгі мерзімге 3153 балаға  22 999 621,56  теңгеге  жергілікті жердің 8 кәсіпкермен қызмет көрсетуге қосымша келісім шарттар жасалды.

Аудан бойынша  14273 бала бір мезгіл ыстық тамақпен, яғни ақылы және тегін  тамақтанса, 102- оқушы денсаулығына байланысты үйден білім алуда. Қазіргі таңда 3153  әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардан шыққан балалардың 3153-і ыстық тамақпен 100% қамтамасыз етіліп отыр. 2017 жылы  жалпыға бірдей міндетті оқу қоры есебінен 112 233 984 мың теңге көлемінде қаржы қаралып, оқушыларға берілетін бір мезгіл тегін ыстық тамақтың бір балаға бір күндік тамақ құны – 267 теңгені құрайды. (2016 жылғы бір балаға бір күндік тамақ құны-169 теңге болды.)

  36 мектепке ашық конкурс арқылы  жеке кәсіпкерлер жеңімпаз атанып, ыстық тамақты ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Қызмет көрсету үшін мектеп асханалары Аудандық қаржы бөлімі арқылы бір жыл мезгілге жалға беріледі. жалға «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес, жыл сайын дара кәсіпкерлер өздері жүзеге асыратын қызметіне сәйкес, шығарылатын өнімдердің қауіпсіздігі құрал-саймандық және зертханалық зерттеулерді қоса алғанда өндірістік бақылауға аккредиттелген, аттестатталған зертханалармен  келісіліп, барлық мектептер бойынша келісім-шарт жасалынады. Мектептік тамақтанудың қауіпсіздігі бойынша шараларды күшейту мақсатында Білім бөлімі,  қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және кәсіпкерлер арасында өзара ынтымақтастық жөнінде үш жақты меморандумға қол қойылды. Білім басқармасымен бірыңғай перспективалық ас мәзірі жасақталып, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен келісілді.

 

3.Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз ету

2016 жылдың 1 наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Білім және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында баланың мектепке дейінгі кезеңінің маңыздылығы  алдағы білім беру қызметіне сәтті дайындықтың негізі ретінде айқындалған.

Балабақшалардың құрылысы мен ашылуы, мазмұнның жаңартылуы, педагогикалық кадрларды даярлау мен біліктілігін арттыру, мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті дамыту бойынша атқарылатын мемлекеттік шаралар 1-6 жастағы балаларды сапалы мектепке дейінгі біліммен жаппай қамтуға бағытталған.

Аудан бойынша 30 балабақша (19 мемлекеттік, 11 жеке) және толық күн болатын шағын орталық саны-16,  барлығы 46 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды. 30 балабақшада 2560 бала, 16 шағын орталықта 673 бала, мектепалды даярлықта 1540 бала барлығы 4773 бала мектепке дейінгі  тәрбиемен қамтылған.

Мемлекеттік бағдарламада 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен 100 пайыз қамтуды 2019 жылға жоспарланған болса, біздің ауданымыз бұл межені 2016 жылы аяқтап отыр.

Үстіміздегі жылдың желтоқсан айында 5 елді мекеннен (Бірлік, Лақалы, Майдакөл, Шакен, Шилі) барлығы 120 орынға арналған 5 шағын орталық ашылады. Оларда 3-6 жастағы 120 бала мектепке дейінгі тәрбиемен, 50 адам жұмыспен қамтылады. Бөлінген қаржы:

№93 мектеп-772,0 мың теңге;

№98 мектеп- 772,0 мың теңге;

№102 мектеп-1536,0 мың теңге;

№134 мектеп-778,0 мың теңге;

№259 мектеп-772,0 мың теңге.

 

3.1.Жалпы орта білім беруді қамтамасыз ету

Оқушылардың үлгерімі-білім беру жүйесі жұмысының басты көрсеткіші. Аудан бойынша білім сапасы 57 % құрады. Атап айтар болсақ, 14351 оқушы 2016-2017 оқу жылын аяқтаған болса, оның 3322 оқушысы үздіктер қатарында, 4896 екпінділер қатарында, барлығы 8218 оқушы (57%) болып отыр.

Мектептегі білім деңгейі көрсеткішінің бірі 9 сынып оқушыларымен өткізілетін оқу жетістіктерін сырттай бағалау(ОЖСБ)  мен 11 сынып түлектерімен өткізілетін  ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ)қорытындылары болып табылады.

         Аудан бойынша 33 орта мектептен 458 оқушы қатысып, мектептердің орташа балы 85,4 балды құрады.

         Ең жоғары 132 балды №249 мектеп-лицейдің оқушысы Жәли Гүлсезім Русланқызы жинады. Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырған оқушыларға 33 мектепте барлығы 398 мұғалім сабақ берді.

2016-2017 оқу жылында ҰБТ тапсырған 458 оқушының 433-і жоғарғы оқу орындарына оқуға түссе, оның 326-ы (72%) мемлекеттік білім беру грантының иегері атанды. 

2017 – 2018 оқу жылында Арал ауданында орналасқан «Қамбаш» балаларды сауықтыру орталығында 11 сынып оқушыларына дайындық жұмыстарын жүргізу үшін 2017 жылдың ақпан - желтоқсан айларында 500 оқушыға 12 млн 500 мың теңге қаржы бөлініп, ауданның оқушылары дайындық жұмыстарын жүргізді.

2018 жылғы мектеп бітірушілерді ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау және оны ұйымдастыру мен өткізудің іс-шаралар жоспары дайындалып жоспарға сәйкес бітірушілердің ұлттық бірыңғай тестілеуге сапалы дайындығын қамтамасыз ету үшін бірқатар ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.

Аудан бойынша 33 орта мектептен  796 оқушы бітіргелі отыр.

         Қазіргі таңда бітіруші 797 оқушының 660-і (82,8%) ҰБТ-ға қатысуға тілек білдіріп отыр.

          Мектептер байқау сынағын ай сайын алып, дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Қыркүйек айында алынған байқау сынағының қорытындысымен бітіруші 797 оқушыдан 698 оқушы (87,6%) ҰБТ тапсыруға тілек білдіріп, аудан бойынша орташа балл 63,9 балды құрап отыр.

Қазан айында алынған байқау сынағының қорытындысымен бітіруші 797 оқушыдан 692 оқушы (86,9%) ҰБТ тапсыруға тілек білдіріп, аудан бойынша орташа балл 73,7 балды құрап отыр.

Қараша айында алынған байқау сынағының қорытындысымен бітіруші 797 оқушыдан 622 оқушы (78,1%) ҰБТ тапсыруға тілек білдіріп, аудан бойынша орташа балл 77,8 балды құрап отыр.

18 мектептен 72 үміткер «Алтын белгі» белгісіне, 17 мектептен 40 үміткер «Үздік аттестатқа»  барлығы 112 оқушы үміткерлікке ұсынылып отыр.

Олимпиада қорытындысымен облыстық олимпиаданың іріктеу турына 10-11 сыныптардан 11 пәннен І орын алған 19 оқушы ұсынылды.

Облыстық олимпиада қорытындысымен қатысқан 19 оқушының 10 оқушысы жүлделі орындарға ие болып Қазалы ауданы аудандардың арасында жоғары жетістікке жетті.

Олимпиаданың Республикалық кезеңіне барлығы 3 оқушы қатысып келді.

Электронды оқыту жобасын енгізу

Бiлiм берудi ақпараттан­ды­ру­дың негiзгi мақсаты-Қазақстан Республикасында бiртұтас бi­лiм­дiк ақпараттық ортаны құру болып табылады. Ол үшін білім беру ұйымдарын ақпараттандыру, атап айтқанда мектептерді жаңа бағдарламалық қамсыздандыруларды көтере алатын компьютерлік техникамен, мультимедиалық кабинеттер, интерактивті тақталармен жабдықтауды жалғастыру, барлығын кеңжолақты Интернет желісіне қосу қажет етіледі.

Аудан бойынша Электрондық оқыту жүйесі бойынша  №95,№234 мектептер эксперимент ретінде жұмыс жасап  жатыр.  Электронды оқыту жүйесі енген білім беру ұйымдары оқу процесін автоматтандыру үшін әрбір білім беру ұйымы қажетті жабдықтармен жарақтандырылатын болады: компьтердің жаңа түрлері (моноблоктар), кең жолақты интернет желісімен қамтамасыз етіледі.  Болашақта білім беру ұйымдарының 90 %-дан астамын кең жолақты интернет желісіне қосу көзделіп отыр.
     2017 жылдан бастап «Білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған электронды журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесі» пилоттық жобасын  (бұдан әрі Жоба)  енгізу туралы Қызылорда облыстық білім   басқармасының   бұйрығына сәйкес, Қазалы ауданы бойынша 15 мектеп (№100, 16,  17, 170,  182,  190,  204,  249,  70,  92,  94,  266,  165,  216,  226) жобаға еніп отыр. Жобаға қосылған білім беру ұйымдары 2016 жылдың 10 қазанынан бастап жұмыс жасап келе жатыр. Қазалы ауданы бойынша қазіргі таңда Жобаға 6685 мұғалім, ата-ана және оқушы тіркеліп отыр. Оның 1062 қолданыста. Мұғалімдер бойынша тіркелгені-1056, жобаны пайдаланғаны-134.Оқушылар, тіркелгені -4577, қолданыстағы саны -927.Ата-аналар бойынша 1060 тіркелген.

2017 жылда «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында "Bilim Media Group" ЖШС-нің  ұсынуымен  Электронды порталда BilimLand | iTest | iMektep электронды білім порталын қолдануда.
        BilimLand – жоғары сынып оқушыларына арналған пәндер бойынша электронды оқулықтар.

iTest – мектеп бітіруші талапкерлерге арналған электронды тесттер.
        iMektep – бастауыш сынып оқушыларына арналған оқулықтар жинақталған.
        Электронды порталға Қазалы ауданы бойынша білім беру ұйымдарын қамту мақсатында бюджеттен 2017 жылға қаржы бөлініп,1 жылға онлайн және  офлайн жүйесі арқылы пайдалануға мүмкіндік жасалды. Онлайн жүйесіне интернет желісінің жылдамдығы көтере алатын 17 мектеп  тіркелді.
       Алыс орналасқан елді-мекендердегі мектептер бойынша 19 мектепке офлайн жүйесінде жұмыс жасау мақсатында контингенті аз қамтылған 7 мектепке мобилдискке (жылжымалы қатқыл диск) жинақталған электронды жинақтар, контингенті көп қамтылған 12 мектепке процессор берілді.

Инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 ақпандағы №81 қаулысының  2 тармағын жүзеге асыру шеңберінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларға кіріктірілген (инклюзивті) білім беру жүйесі жүзеге ұйымдастырылып,  2005-2006 жылы 1 қыркүйектен бастап Ж.Жабаев атындағы  №234  мектепте арнайы түзету сыныптары жұмыс жасауда. Арнайы түзету сыныбында биылғы оқу жылында 10 сыныпта   65 оқушы білім алуда. Сабақ беретін мұғалімдер саны- 54. Облыстық және республикалық мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығының арнаулы білім жетілдіру курсынан-50 мұғалім  өткен. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде осы сыныпты бітірген  8 оқушы арнаулы оқу орындарына түсіп, кәсіби білімдерін жалғастыруда.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2009 жыл 16 наурыз күнгі №4-02-4/450 санды «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға кіріктірілген (инклюзивті) білім беруді ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымның» 2-бөлімі 11- пунктіне сәйкес әрбір жалпы мектепте даму мүмкіндігі шектеулі бала саны 10-нан асқан жағдайда педагог-дефектолог  бірлігін ашу қажет делінген.

Осы нұсқаулыққа сәйкес 2015-2016 оқу жылында Қазалы ауданы бойынша №266 мектеп-лицейіне дефектолог, №249 мектеп-лицейге дефектолог,логопед, №234 мектепке  дефектолог, логопед  штаттары беріліп инклюзивті білім беруге жағдай жасап отырған мектептер үлесі 8,3 пайыз құраса,  2016-2017 оқу жылында  №216,70, 204 мектептерде дефектолог, №266 мектепке логопед   штаты беріліп, қазіргі таңда мамандар сөйлеу тілінде бұзылысы бар және оқу үлгерімінде қиындықтар келтіріп отырған оқушылармен коррекциялық жұмыстар жүргізуде. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде инклюзивті білім беруге жағдай жасап отырған мектептер үлесі 16,6 пайызды құрап отыр.      

 Мектепке дейінгі балаларды инклюзивті біліммен қамту мақсатында №2 «Айгөлек» б/бақшасында логопедиялық пунктте 20 бала түзеу көмегін алуда.

Ауданда алғаш рет мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде 2017 жылдың  3 сәуірінен  бастап   «Рауан» инклюзивті оқу орталығы жұмыс жасауды бастады. Қазіргі  таңда оқу орталығында  60 мүмкіндігі  шектеулі  бала тәрбиеленуде. Алдағы  уақытта ата-аналардың ұсынысы бойынша  100 балаға  М.Шоқай көшесі №245үйде орналасқан 2 қабатты 976,8 кв.м болатын ғимаратты мемлекеттік әріптестік аясында  10 жылға  жалға  алу  мақсатында жұмыстар  жүргізілуде.                                                                          

  Аудан бойынша 573 мүмкіндігі шектеулі  бала тіркелген. Оның ішінде  0-7 жас аралығында 311 бала, оның ішінде  66  бала   церебралды   сал ауруына  шалдыққан балалар  қамтылған.  «Рауан» инклюзивті оқу орталығында арнайы дефектолог, логопед, психолог, әлеуметтік педагог, емдік жаттықтырушы (ЛФК) мамандар жұмыс жасайды. Алдағы қажеттілікке орай  иппотерапевт,терапевт-дәрігер,травмотолог-дәрігер,невропотолог-дәрігер мамандарын  ашу  көзделіп отыр.

Әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасы балаларымен жұмыс

Қазалы ауданы бойынша қазіргі таңда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны 97 бала, оның ішінде тұл жетімі-39, ата-анасының қамқорлығынсыз қалғаны-57. Соның ішінде 13 бала  патронаттық тәрбиеде болса, қалған 83 баланың 55-қорғаншылықта және 28-қамқоршылық тәрбиеге отбасыға орналастырылған. Патронаттық тәрбиедегі 13 балаға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №381 Патронат тәрбиешілерге берілген  баланы күтіп-бағуға берілетін ақша қаражатын төлеуді жүзеге асыру қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы Қаулысына сәйкес және қорғаншылық және қамқоршылықтағы 85 балаға  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №383 Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидаларын және оны төлеу мөлшерін бекіту туралы Қаулысын басшылыққа ала отырып, аудандық білім бөлімінен баланы күтіп бағу үшін жәрдем ақы тағайындалған, қорғаншылық/қамқоршылық тәрбиедегі әр балаға жәрдемақы ай сайын (22 690 теңге) он  айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде  төленеді.

Сонымен қатар, ауданымызда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары жоқ болуына байланысты, балалар патронаттық, қорғаншы және қамқоршылық тәрбиеге беріліп, туыстарының отбасыларында тәрбиеленуде. Аудандық білім бөлімі мамандарының тарапынан кемінде 6 ай да 1 рет балалардың тұрғылықты мекен-жайы бойынша білім алуы, денсаулық және материалдық жағдайын бақылау және ай сайын төленетін жәрдемақының мақсатты жұмсалуын бақылау жұмыстары жүргізіліп келеді.

Жалпыға міндетті оқумен қамтамасыз ету бойынша жыл сайын оқумен қамтылмай қалған балаларды анықтау және оларды мектепке қайтару мақсатында рейдтік, аула (пәтер) аралау шаралары, «Қамқорлық», «Мектепке жол», «Түнгі қаладағы балалар» акциялары өткізіледі.

2017-2018 оқу жылы «Мектепке жол» акциясы барысында әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасының 3910 балаларына 25 млн609  мың теңгеге, соның ішінде бюджеттен тыс қаражат есебінен 596 балаға 3 млн. 382 мыңтеңгеге материалдық көмек көрсетілді.

Жыл сайын әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына көмек қолын созып, бүлдіршіндерге қуаныш сыйлаған демеушілер қатары көбейіп келе жатқанын атап өтуге болады.

 

Әдістемелік жұмыс және педагог кадрлардың біліктілігін арттыру

Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасының 79 қадамын  іске асыру барысында   ауданымыздың білім беру ұйымдарында жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшуге жүйелі жұмыстар атқарылуда. 2016-2017 оқу жылында халықаралық қоғамдық KATEV қорының ұйымдастыруымен жаратылыстану бағытында сабақ беретін 32 пән мұғалімдері (информатика, физика химия және биология) пәнінен қысқа мерзімдік курстан өтіп, сонымен қатар 35 мұғалім  ауданымызда ашылған “Snap English school” орталығынан өз білімдерін жетілдіруде  ақылы түрде ағылшын тілінің алғашқы сатыларынан өтті. Бүгінгі таңда бұл мұғалімдер күнделікті сабақтарында тілдің кіріктірілуі арқылы, ағылшын тіліндегі терминдерді кеңінен пайдалануда. Физика, информатика, химия, биология пәндері сабақатарында терминологияларды ағылшын тілінде үйрету, оқушыларға  ағылшын тілін меңгерту бағытындағы  жұмыстар жүргізілуде.

Бұл бағытта Қазалы ауданында жоғары сыныптарда  жаратылыстану бағытындағы  пәндерді ағылшын тілінде оқытуға ауданымызда инновациялық  №249, 266, 16 мектеп-лицейлер мен  №226 гимназияда біршама жұмыстар жүргізілуде. 

Сонымен қатар, инновациялық мектептер  өздеріне қарасты магниттік мектептердің қатысуымен бірнеше аудандық семинарлар ұйымдастырылды. Қазалы қаласындағы  М. Горький атындағы №16 мектеп-лицейде «Үш тұғырлы тіл -–заман талабы», Әйтеке би кентіндегі Б.К.Мергенбаев атындағы №226 гимназияда «Білім беруді жаңарту жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын жетілдіру жолдары», №266 мектеп-лицейде «Дарында оқушыларды  анықтау, оқыту және дамыту» және №249 мектеп-лицейде  «Білім беру мазмұнын жаңартуда жаратылыстану пәндеріндегі ағылшын тілінің рөлі» тақырыбында аудандық семинарлар  өткізілді. Семинардың негізгі мақсаты: желілік  қауымдастық және магниттік мектептер арасындағы  ынтымақтастықты қалыптастыру және  қазақ , ағылшын, орыс тілін оқу-тәрбие үдерісінде енгізуде кіріктірілген сабақтар арқылы  әдіс – тәсілдерді жетілдіру арқылы кәсіби біліктілікті арттыру жолында қолдау көрсету. Аудандық– инновациялық жетекші мектептерге қарасты магниттік мектептерге  әдістемелік қолдау көрсетіп, бағытын анықтап, оқу-тәрбие үдерісінде және жаратылыстану пәндеріне ағылшын тілін енгізу  мақсатында  проблемалардың шешу жолдары талқыланды.

2017-2018 оқу жылында Педагогикалық Шеберлік Орталығынан жаратылыстану бағытында сабақ беретін  15  мұғалім ұзақ мерзімдік курстан өтеді деп жоспарлануда.

         Бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес, жалпы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оқушылары арасында түрлі бағыт пен тақырыптағы іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ,

2016-2017  оқу жылы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес 111 оқушыларға арналған танымдық және өнегелік іс-шаралар, сайыстар, мұғалімдерге тренингтер, семинарлар, байқаулар өткізілді.

2016-2017 оқу жылы барысында математика, физика, бейнелеу өнері, химия, биология, тарих, орыс тілі, өзін-өзі тану, дене тәрбиесі және алғашқы әскери дайындық, барлығы 9 пән апталығы болып өтті.

Қазіргі заман талабы 12 жылдық білім беруге көшу болса, оның негізі мұғалімдер мен оқушыларды жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқыту болып табылады. Соның негізінде әрбір пән бірлестіктерінде 21 тақырыптық семинарлар, семинар-тренингтер, коучингтер және 2 педагогикалық оқу  ұйымдастырылды.

Педагог қызметкерлер арасында аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі  23 кәсіби байқаулар ұйымдастырылды. Нәтижесі бойынша: аудандық деңгейде: №№249, 266, 103, 17, 92, 90, 226, 234, 165, 70, 204, 216, 24, 102, 190, 225,  95,  96, 182, 16, 170,  25,  97, 94, 91, 98, 100 мектептердің мұғалімдері  жақсы нәтиже көрсетсе, №№ 93,  258, 259, 134, 146, 78, 88 мектептер еш көрсеткішке ілінбеген.

 2016-2017 оқу жылында  жаңартылған бағдарлама бойынша Математика, Физика, Информатика, Химия , Биология, Қазақ тілі, Орыс тілі, Ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, Дүние жүзі тарихы, География, Дене тәрбиесі, Көркем еңбек, Бастауыш класс  мұғалімдері арасынан 534 мұғалім, 19 мектеп директоры, 55 мектеп директорларының орынбасарлары жаңартылған білім беру, критериалды бағалау бойынша арнайы курстардан өтті. 

Сонымен қатар инновациялық мектептен 19 информатика пәні мұғалімдері «робототехника» бойынша курстан өткізілді. Оқу жылы барысында 65 мұғалім, оның 12-і мектеп директорлары  деңгейлік курстардан, 76 мұғалім тренерлік курстар бойынша оқып келді.  Жаратылыстану бағыты бойынша  курс одан әрі жалғасуда.

Әлеуметтік жеңілдіктер

Қазалы ауданы бойынша 2017 жылдың жазғы демалыс кезінде  100-ге  жуық білім саласының қызметкерлері түрлі курорттық санаториялар мен шипажайларға жеңілдікпен демалып келді. Атап айтар болсақ, Көкшетау қаласындағы «Жұмбақтас» шипажайына-4, Алматы қаласы «Алтынқарғалы» шипажайына-6, Оңтүстік Қазақстан облысы «Манкент» шипажайына-16, «Сарыағаш» шипажайына-10, «Мерке» шипажайына-10, Жаңақорған ауданы «Жаңақорған» шипажайына-40, «Қамбаш» демалыс оррталығына-15 педагог қызметкерлер демалды.

Білім беру мекемелерінің құрылысы туралы

Ауданда апаттық жағдайдағы мектептерді жою бойынша 2016 жылы облыстық бюджеттен тиісті қаржы бөлініп, 5 апаттық мектеп құрылысы басталған болатын. 2017 жылдың мамыр айында 2 мектеп, атап айтқанда Лахалы ауылындағы 100 орындық мектеп пен Бірлік ауылындағы 140 орындық мектеп ғимараты пайдалануға берілді, 2 мектеп, яғни, Майдакөл ауылындағы 200 орындық мектеп, Шилі ауылындағы 20 орындық балабақшасымен 50 орындық мектеп ғимараттары жаңа оқу жылы қарсаңында тамыз айында пайдалануға берілді. Шәкен ауылындағы 100 орындық мектептің және 30 орындық интернаттың жаңа ғимараты 2017 жылдың желтоқсан айында ашылады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, жаңадан ашылған №№93, 98, 102, 134 мектептердің жанынан шағын орталықтар ашу жоспарлануда.

Әйтеке би кентінде оқушы орнының тапшылығын жою бағытында 300 орындық жаңа мектептің ғимараты салынуда.

 

Қаржының игерілуі

Аудандық білім бөлімі  бойынша 2017 жылдың 11  айына  6168718,9 мың теңге қаралып, қаралған қаржы  6107835,1 мың теңгеге, яғни 99,0 пайызға орындалды.
...




Қазалы ауданы бойынша білім саласында 2017 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы


Қазалы ауданының білім бөлімі Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы №205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарын басшылыққа ала отырып, 2016-2017 оқу  жылы төмендегі тиісті шараларды атқарды.

1.Мектепке дейінгі тәрбие  және оқыту.

   «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың  жаңартылған жалпы міндетті стандарты» тақырыбындағы біліктілік арттыру курстарынан 154  тәрбиеші, «Кәсіби құзіреттілік-педагог тәрбиешілердің шығармашылық және жаңашылдық қызметінің негіздері» тақырыбында 68 тәрбиеші, біліктілік арттыру курсынан өтіп, қайта даярланды.

Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді өздерінің тәжірибелерінде тиімді қолданып жүрген шағын орталықтардың, балабақшалардың іс-тәжірибелерін насихаттау мен жаңадан ашылған шағын орталықтарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында   №165 мектеп жанындағы «Балдаурен» шағын орталығының базасында «Шағын орталық құрылымындағы балалардың әлеуметтік бейімделуі  және оларды  ерте бастан дамыту мәселелері»  №11 «Балапан» балабақшасында «Мектепке дейінгі ұйымдарға заманауи технологияларды енгізудің жолдары» тақырыптарында семинар–практикумдар, №24 «Жауқазын» балабақшасы базасында әдістемелік семинар, №21 «Алпамыс» балабақшасында педагогикалық оқу өткізіліп, қатысушылар өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісіп, әдіс алмасты. №95 мектеп базасында «Мектепке дейінгі  шағын орталықтарында рухани - адамгершілік тәрбие қағидалары негізінде дамытушы ортаны құру» тақырыбында шағын орталықтарға арналған аудандық семинар өткізілді.

9 наурыз күні Қызылорда қаласында мектепке дейінгі білім беру педагогтарының арасында «Үздік флипчарт сабақ» облыстық байқауы өткізіліп, аудандық кезеңдік іріктеуден үздік шыққан №21 Алпамыс балабақшасының тәрбиешісі Рысмамбет Ақнұр қатысып, бас жүлдені иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды.

           Мектептегі бастауыш білім беруге келер болсақ, үстіміздегі  жылдың 17 сәуір  күні №249 мектеп-лицейде аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Жаратылыстану және дүниетану пәнінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында аудандық бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар өткізілді. Семинарды бастауыш сынып  оқушылары  сауат ашу, орыс тілі, ағылшын пәндерінің ерекшеліктеріне тоқтала отырып «Менің Отаным Қазақстан» тақырыбында әдеби-музықалық композициямен ашты. Қатысушылар  1-сыныпқа қажетті құжаттар, критериалды бағалау нұсқаулығы, модерация хаттамасы қалыптастырушы бағалау парағы,электронды журналдар, оқушы портфолиолары, сонымен қатар орыс тілі, ағылшын, көркем еңбек пәні бойынша да қажетті құжаттар орналасқан көремемен танысты. Семинар барысында  бастауыш сыныптарында ашық сабақтар, түрлі тақырыпта коучингтер, сонымен қатар мектеп психологтарының ұйымдастыруымен тренингтер өткізілді.  Семинар қорытындысында қатысушылар өздерінің пікірлерін білдіріп,семинардан алған тәжірибелерімен ой бөлісті.

2.Орта білім беру

Аудан бойынша 3 негізгі, 33-і орта - барлығы 36 мектеп жұмыс жасайды.. Мемлекеттік бағдарламадағы апаттық және үш ауысымда білім беретін мектептерді 2019 жылға дейін толық жою мүмкіндіктері қаралған болса, ауданымызда апаттық жағдайдағы №93 және №102 мектеп құрылысы пайдалануға берілсе,№№98, 134, 259 мектептердің жаңа ғимараты 2017 жылдың көлемінде пайдалануға беріледі.

Мемлекеттік бағдарламадағы «Педагог кәсібінің беделін және олардың сапалық құрамын арттыру» міндеттері бойынша жаңа формациядағы ұстаздарды дайындау, «Ұлт жоспарының» 76-қадамы негізінде адам капиталының сапасын көтеру  арқылы еліміздің білім жүйесін халықаралық стандарт деңгейіне жеткізу білімді де білікті мамандар дайындауды талап етеді. Қазіргі уақытта аудан мектептерінде 2336 мұғалім қызмет атқарады.Олардың жоғары білімдісі-2126, арнаулы орта білімдісі-210.  Жоғары санатты-135, (6%), І санатты–641 (27,4%), ІІ санатты - 916 (39,2%), Cанатсыз-644 (27,5%). Жоғары, І санатты мұғалімдердің үлесі-аудан бойынша 33,4 пайызды құрайды.

Бағдарламада жоғары және І санатты ұстаздардың үлесін 2017 жылы 52 пайызға жеткізу міндеті қойылған, ендігі кезекте осы бағытта жұмыстар жүргізілетін болады.

Білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы  оқытудың жаңа əдіс-тəсілдерін енгізу арқылы  білім беру жүйесін реформалауға үлес қосуда. Бұл бағдарлама «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж Университетімен  бірлесе отырып, мектеп пəндерінің оқу бағдарламаларына, оқу жоспарларына жəне бағалау моделіне негізделген. Оның мақсаттары мен міндеттері, іске асырудан күтілетін нəтижелер ұсынылған. Бүгінгі күнге ауданның 483 мұғалімі, 30 мектеп басшысы осы бағдарлама бойынша біліктілік арттыру курсынан өтіп, жұмыс жасауда. 6 мектеп басшысы осы жылдың ақпан айында біліктілігін арттырды.

Аудан бойынша үштілділік саясатын жүргізуге байланысты ағылшын тілін оқытудың заманауи әдістемесін енгізу мақсатында сураныс,  білім бөлімінің ұсынысымен «SNAP ENGLISH» орталығы ашылып, онда 80 оқушы тереңдетілген ағылшын тілін үйренуде.  Сонымен қатар, «Арман» оқу орталығында 108 оқушы тереңдетілген ағылшын тілін үйреніп,  үш тілді кіріктіріп, семинарлар, сайыстар өткізілуде.

Аудан бойынша «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы бағдарламалар» бойынша 2017 жылдың наурыз-мамыр айлары аралығында 113 бастауыш сынып мұғалімі біліктілік  арттыру курстарынан өтті.

Оқу пәндері бойынша 14 ағылшын тілі пәнінің, 25 орыс тілі пәнінің,52 қазақ тілі пәнінің, 34 математика пәнінің, 35 физика пәнінің, 32 информатика пәнінің, 10 тарих пәнінің, 7 химия пәнінің, 6 биология пәнінің,  60 дене тәрбиесі пәні мұғалімдері біліктілігін арттырды. Сонымен қатар «Назарбаев зияткерлік мектептері» педагогикалық шеберлік орталығында 2017  жылдың 10 шілдесінен бастап 12 оқытушы-тренер дайындықтан өтуде. Олар мектептердің  мұғалімдерін жаңа оқу жүйесі бойынша жұмыс істеуге кәсіби тұрғыдан үйретіп, тәлім береді.

Сонымен қатар , әр түрлі іс шаралар өткізіліп, жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Атап айтсақ, ҚР Білім және Ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 21-23 ақпан күндері Бурабай қаласында «Біз – Мәңгілік елдің іргетасын қалаушы, Ұлы дала ұрпағымыз!» атты республикалық патриоттар форумы болып өтті. Ауданымыздан форумға шақырту алған 3 оқушы, №249 мектеп-лицейдің 6-сынып оқушысы Мылтықбай Ербол,  Ақтан батыр ауылындағы №190 орта мектептің 10-сынып оқушысы Сержан Ербұлан, 9-сынып оқушысы Бақытжанова Несібелі барып қатысып қайтты. Форум аясында түрлі іс-шаралар, конференция, флешмобтар ұйымдастырылды. Ауданымыздан барған оқушылар Патриоттар клубына мүше болып қабылданып, «Патриот» төсбелгісімен марапатталып, арнайы сертификаттарға ие болды.

2017 жылдың 24 наурыз күні «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты Республикалық байқаудың аудандық іріктеу кезеңі болып өтті. Жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау,  білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында өткізілген байқауға еңбек өтілі 3 жылдан кем емес жас педагогтар, психологтар қатысып, байқаудың шарттарына сәйкес жұмыстар көрсетті. Нәтижесінде  №249 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жанәбілова Әйгерім І орынды иемденіп, облыстық кезеңнен ІІІ орын, республикалық кезеңнен ІІ жүлделі орынға ие болды.  

2017 жылдың 27 сәуір күні №70 орта мектеп базасында жаңартылған білім беру бағдарламасын жүзеге асыру аясында мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жетілдіру, жаңа педагогикалық технологияларды оқу үдерісіне енгізу арқылы мұғалімдердің құзіреттілігін дамыту, мектеп басшыларының өзара тәжірибе алмасуын жүзеге асыру мақсатында білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында сауат ашу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинарға мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Семинар аясында әідстемелік көрме ұйымдастырылып, бастауыш сынып мұғалімдерінің ашық сабақтарына ұласты. Сонымен қатар, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Сәдухас Райхан жаңартылған білім беру мазмұнын жаңартудағы өзгерістер, ҰМЖ,ОМЖ,ҚМЖ жазудың ерекшеліктері туралы баяндама жасап, бастауыш сынып мұғалімдері жиытық бағалауды үйлестіру жолдары, қысқа мерзімді жоспар құрылымы туралы тренингтер өткізді.

Аудан мектептерінде мектеп бітіруші түлектерге аттестат беру салтанатты кеші болып өтті.  Аудандық білім бөлімінің басшысы Ақзира Бақтыбайқызы №249 мектеп-лицейде өткен «Алып ұш көкке ақ қанат арман» атты кешке қатысып, 12 Алтын белгі иегерлеріне аттестатын және «Алтын белгі» медалін, облыс әкімі Қырымбек Елеуұлының алтын белгі иегерлеріне арнаған құттықтауын табыс етіп, алдағы тұрған үлкен сынға сәттілік тілеп, өзінің жүрек жарды ақ тілегін арнады. Сонымен қатар аудандық мәслихат хатшысы Күнтілес Айдарбекұлы, ардагер ұстаздар салтанатты кештің қонағы болып, жас мектеп бітіруші түлектерге батасын берді.

2017 жылғы Ұлттық Бірыңғай Тестілеу қорытындысы туралы

          2016 – 2017 оқу жылын 713 оқушы 11 сыныпты бітіріп 458 оқушы (444 оқушы қазақ, 14 оқушы орыс тілінде) ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Қатысу пайызы 64,2.

          Ұлттық бірыңғай тестілеуге №249, 103 мектептер оқушыларын 90 пайыздан жоғары қатыстырды. Ал оқушыларын 50 пайыз төмен №100, 182, 98, 234 мектептер қатыстырды.

         Ұлттық бірыңғай тестілеу 21 маусым күні бір кезеңде №249 мектеп – лицейде өткізілді.

         Аудан бойынша 33 орта мектептен 458 оқушы қатысып, мектептердің орташа балы 85,4 балды құрады.

ҰБТ - ға қатысқан 458 оқушының 22 – сі жоғары оқу орнына шығармашылық емтихан тапсырамын деп ҰБТ кезінде тек ғана екі пәннен тапсырды. Соның нәтижесінде 436 оқушының орташа балы 88,1 балды құрады.

Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша 11 оқушы (2,4%) шекті балдан төмен жинады.

Пәндердің орташа балы бойынша сараласақ:

Қазақстан тарихы- 15,5 балл,

Математикалық сауаттылық – 10,5 балл

Оқу сауаттылығы – 16,3 балл

Екі бейінді пән бойынша:

Биология – 23,5 балл (193 оқушы),

Физика – 21,1 балл (128 оқушы),

Химия – 22 балл (131 оқушы),

Тарих – 23,3 балл (90 оқушы),

Ағылшын – 22,1 балл (30 оқушы),

Қазақ тілі мен Әдебиет – 24,5 балл (29 оқушы),

География – 23,2 балды (101 оқушы)

Математика – 21 балды (151 оқушы)

Адам, қоғам, құқық – 31,3 балды (18 оқушы)

Орыс әдебиеті – 23 балды (1 оқушы) құрап отыр.


Пәні

2015-2016 оқу жылы

2016-2017 оқу жылы

Бала саны

Орташа балы

Бала саны

Орташа балы

Қазақ тілі (оқу сауаттылығы)

492

19,9

458

16,3

Қазақстан тарихы

492

18,4

458

15,5

Математика (сауаттылығы)

492

14,1

458

10,5

Биология

214

16,7

 

23,5

Физика

158

15,2

 

21,1

Химия

19

16,2

 

22

Тарих

14

16,5

 

23,3

Ағылшын

24

18,6

 

22,1

Әдебиет

24

17,8

 

24,5

География

39

17,7

 

23,2

Адам, қоғам, құқық

 

 

 

31,3

Орыс әдебиеті

 

 

 

23

Жалпы орташа балы

492

82,09

458

85,4


ҰБТ қорытындысымен 50-ден төмен шекті балдан өте алмай тұрған 11 оқушы бар. (Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 1 оқушыға азайды)

Мектептер бойынша:

№№226, 70, 100, 234, 134 мектептерден - 1 оқушыдан

№№249, 266 мектептерден - 3 оқушыдан

         50-70 балл аралығында – 56 оқушы (12,2 %), 71- 99 балл аралығында 250 оқушы (54,5 %), 100 және 100 ден жоғары 26 мектептен 120 оқушы (26,2%) бар. (2016 жылы 71 оқушы)

         100 ден жоғары 71 оқушы мектептер бойынша:

         №238, 98, 24, 16 мектептерде – 1 оқушыдан

         №225, 190, 182, 103, 102, 170, 95 мектептерден – 2 оқушыдан

         №91, 165, 104 мектептерден – 3 оқушыдан

         №88, 97 мектептен – 4 оқушы

         №94, 226, 17 мектептерден – 5 оқушыдан

         №266, 25, 216 мектептерден – 6 оқушыдан

         №90, 204, 70 мектептен – 7 оқушы

         №249 мектептен – 31 оқушы

         Ең жоғары 132 балды №249 мектеп-лицейдің оқушысы Жәли Гүлсезім Русланқызы жинаса, ең төменгі 23 балды №249 мектеп-лицейдің оқушысы Орысбай Есімбет Жарасқанұлы жинап отыр.

         Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырған оқушыларға 33 мектепте барлығы 398 мұғалім сабақ берді.

Оның ішінде:

Жоғары санатты - 46 (11,5%)

І санатты – 163 (41%)

ІІ санатты - 150 (38%)

Санатсыз – 39 (9,5%)

Жоғары білімді - 396 (99,5%) Арнаулы орта - 2(0,5%)

Күндізгі – 286 (71,8%)

Сырттай – 112 (28,2%)

Орташа еңбек өтілі - 17

Тәрбие беру жұмыстары

Аудан мектептеріндегі тәрбие жұмысы  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі №227 «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген тәрбие тұжырымдамасы негізінде және мектеп оқушыларының бойында "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру бағытында жүргізіліп келеді.

Мектеп оқушыларының  өміріне қауіп төндіретін   ойындарға   кіруінің   алдын алу  бағытында 2017 жылдың 6-8 ақпан  аралығында  36 мектептің 1-11 сынып оқушыларының  ата-аналарына  жиналыс өткізуге, оқушыларды  әлеуметтік  желідегі  парақшасын  анықтауға, оларға түсіндірме жұмыстарын жүргізуге  тапсырма  берілді.  Осы орайда  әлеуметтік  желідегі  «Синий кит», «Тихи дом», «Беги или умри» және т.б ойындарынан  сақтандыру  бағытында  Мешіттен,ішкі істер бөлімінен мамандар  қатыстырылып, мектеп  психологтары баланың  психикалық  денсаулығына   әсер  ету  қаупі  туралы    түсіндірме   жұмыстары  жүргізілді.  Ата-аналарға  балаларының  смартфон  пайдалануға  болмайтындығы айтылып,ата-аналарынан қолхаттар  алып, интернет  желісіне  кірмеуін   қатаң  қадағалап отыру  ескертілді.Отбасында  ата-анамен  бала  арасында  тығыз  қарым-қатынас  үнемі орнауына  ықпал жасау үшін  кеңестер берілді.Осыған орай   ай  сайын  мектеп  психологтары оқушылардың психологиялық ахуалын  қалыпты   күйде  өзін  ұстауына   бақылап  жасап  отыру  тапсырылды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, 2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп «Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы, мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасын» әзірлеген болатын. Бағдарлама бойынша жалпы білім беретін мектептерде тәрбие жұмысын ұйымдастыруға жәрдемдесетін және қатысатан «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары құрылып, бүгінгі күнде қарқынды жұмыс пен іс-шаралар жоспарланып ұйымдастырылуда. Жас жеткіншектер Отан алдындағы борыштарын түсініп, болашақ үшін жауапкершіліктерін сезініп, «Адал Ұрпақ» клубына белсенділік танытып, тіркелуде. Оқушылардың құқықтық санасын қалыптастырып, дамытуда сыныптан тыс құқықтық тәрбие берудің маңызы ерекше.

Білім беру ұйымдары бойынша құқықтық тәрбие беруде жүргізілетін шаралар оқушылардың ҚР заңдары туралы білімдерін кеңейтуге және тереңдетуге,олардың құқықтық санасын қалыптастыруға,өз міндеттерін дұрыс қарауына,заңдарды сақтауға бағытталған.

Осыған орай,барлық  мектептерде  үнемі жаңартылып тұратын «Парасатты азамат» бұрышы жасалынып, оқушылар  арасында  «Біз жемқорлыққа қарсымыз»,  «Адал және сатылмайтын еңбек» тақырыбында            1-9 сыныптар арасында сурет көрмесі ұйымдастырылып,10-11 сыныптар   арасында  дөңгелек  үстелдер  өткізілсе, бастауыш сынып оқушылар арасында    «Өз құқықтарымызды білеміз бе?» тақырыбында түсіндіру  сабақтары жүргізілуде.

2016-2017 оқу жылының барысында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Сенім телефондары», «Сенім жәшіктері” орнатылып, «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында ашық сабақтар мен сынып сағаттар  өткізіліп, оқушылар арасында «Таза сессия» тақырыбында акциялар ұйымдастырылып жатыр.

Қосымша білім беру.

Ауданда 36 білім беру ұйымында барлығы 14 375 бала білім алуда. Олардың 8739-ы (60,7%, 2015-2016 оқу жылында 7493 бала -53%)  мектепішілік  спорттық секциялар мен түрлі үйірмелерге қатысады. Сонымен қатар, мектеп оқушыларының сабақтан бос уақытын тиімді ұйымдастыру, қосымша білім және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту, оларға кәсіби бағдар беру бағытында 3 қосымша білім беру ұйымы жұмыс жасайды. Олар: Аудандық оқушылар үйі, Қорқыт ата атындағы балалар музыка мектебі және «Өнер және спорт» орталығы.

Қосымша білім беру ұйымдары әр түрлі бағыттағы байқауларға қатысып, қоржындарын жүлделермен еселеуде.Солардың кейбіріне тоқталар болсақ:

              2017 жылғы наурыз айының 31 жұлдызында облыстық фольклорлық-этнографиялық ансамбльдердің облыстық байқауынан С.Әліш жетекшілік ететін аудандық әуез мектебінің «Қорқыт сазы» ансамблі жүлделі І орынды иеленді.

Үстіміздегі жылдың 7 сәуір күні Қызылорда облысының білім басқармасы және облыстық оқу орталығының ұйымдастыруымен музыка және өнер мектептері педагогтарының арасында хореография  және үрмелі аспаптар бағыты бойынша «өнерлі өрге жүзер» атты байқауынан флейта және гитара класының оқытушысы Ибрайымов Әділхан жүлделі  ІІ орынмен марапатталды.

Инклюзивті білім беру

Инклюзивті білім беру жағдайында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 ақпандағы №81 қаулысының 2 тармағын жүзеге асыру шеңберінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларға кіріктірілген (инклюзивті) білім беруді ұйымдастыруда Қазалы ауданы бойынша №234 мектеп базасында ЗПР диагнозындағы (задержка психического развития) арнайы түзету класы 2005 жылы  ашылып, содан бері жұмыс жасап келеді. 2016-2017 оқу жылында   8 класс  (2, 3, 4, 5, 6, 7,8, класс ) ашылып 66 оқушы білім алуда. Оның ішінде  2 класта-11, 3 класта-14 оқушы, 4 класта-12 оқушы, 5-класта-8 оқушы, 6 класта-7, 7 класс 8, 8 класта-6 оқушы білім алуда. 

Инклюзивті білім беру жағдайында білім беру ұйымдарында  №249,№266, 234, №216, №70, №2 «Айгөлек» балабақшасында дефектолог, логопед мамандары жұмыс  жасауда.




...
Қазалы аудандық білім бөлімі  бойынша 2017 жылдың  І тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

   Мектепке дейінгі тәрбие беру.

   Аудан бойынша 29 балабақша (19 мемлекеттік, 10 жеке) және 32  шағын орталық,( толық күн болатын шағын орталық саны-16) барлығы  61 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды. 29 балабақшада 2520 бала, 32 шағын орталықта 2159 бала, барлығы 5039 бала мектепке дейінгі  тәрбиемен қамтылған. Аудан бойынша 1-6 жастағы 10642 бала, 3-6 жастағы 4610 бала бар. 3-6 жастағы 4610 баланың   4610-ы балабақша мен шағын орталықтарда  тәрбиеленуде.   Мектеп жанындағы шағын орталықтарда 5-6 жастағы 2220  баланың 100 пайызы мектепалды даярлықпен қамтылып отыр

  2016  жылы әрқайсысы 75 орынға арналған «Нұрай», «Әбілмансұр» жеке балабақшалары жекеменшік-мемлекеттік әріптестік негізінде ашылып жұмыс жасауда. Жалаңтөс батыр ауылынан  апаттық жағдайдағы №14 «Сәуле» балабақшасының орнына 90 орынға арналған жаңа балабақша құрылысы салынып, 30 орынға 2 топ қосымша қосылды.

2017 жылдың  қаңтар айының 18-і күні № 16 мектеп-лицей базасында «Юный математик» тақырыбында орыс кластары арасында математикадан командалық сайыс өткізілді. Сайысқа 2,3,4 сынып оқушылары қатысты. Сайыс қорытындысымен № 266 мектеп-лицей командасы жүлделі І орын иеленсе, ІІ орынды № 16 мектеп-лицей командасы орын алды. Сонымен қатар, қаңтардың 20-сы күні № 165 мектеп базасында жаңартылған білім беру мазмұны аясында жұмыс жасап жатқан 1-сынып мұғалімдері арасында «Ықшам сабақтар шеруі» сайысы ұйымдастырылды. Сайыстың қорытындысы бойынша № 226 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Абдразақова Адия жүлделі І орынмен марапатталды.

2017 жылдың  ақпанның 20-сында «Функционалдық сауаттылық:  бастауыш сынып  оқушыларының  оқу, жазу сауаттылығын  дамыту  жолдары» атты  аудандық  семинар  болып өтті.

2017 жылға дейін  білім беру мазмұнын жаңарту аясында біліктілік арттыру курстарынан жалпы 509 мұғалім, оның ішінде 185 бастауыш сынып мұғалімі курстан өтсе, 2017 жылға жоспарланған 98 бастауыш сынып мұғалімінің 75-і  біліктілік курсынан өтті. Сонымен қатар, 12 мектеп директоры білім беру мазмұнын жаңарту аясында мектептегі педагогикалық жүйені басқару бойынша біліктілік курсынан өтті.

       Орта білім беру

Аудан бойынша 36 мектеп жұмыс жасайды. Оның 3-уі негізгі мектеп болса, 33-і орта мектептер. Мемлекеттік бағдарламадағы апаттық және үш ауысымда білім беретін мектептерді 2019 жылға дейін толық жою мүмкіндіктері қаралған болса, ауданымызда апаттық жағдайдағы №№93, 98, 102, 134, 259 мектептердің жаңа ғимараты 2017 жылдың көлемінде пайдалануға беріледі.

Жаңа формациядағы ұстаздарды дайындау, ұлт жоспарының 76 қадамы негізінде адам капиталының сапасын көтеру  арқылы еліміздің білім жүйесін халықаралық стандарт деңгейіне жеткізу білімді де білікті мамандар дайындауды талап етеді.Қазіргі уақытта аудан мектептерінде 2336 мұғалім қызмет атқарады.Олардың жоғары білімдісі-2126, арнаулы орта білімдісі-210.  Жоғары санатты-135, (6%), І санатты–641 (27,4%), ІІ санатты - 916 (39,2%), Cанатсыз-644 (27,5%). Жоғары, І санатты мұғалімдердің үлесі-аудан бойынша 33,4 пайызды құрайды.

Қазіргі уақытта аудан мектептерінде 2336 мұғалім қызмет атқарады.Олардың жоғары білімдісі-2126, арнаулы орта білімдісі-210.  Жоғары санатты-135, (6%), І санатты–641 (27,4%), ІІ санатты - 916 (39,2%), Cанатсыз-644 (27,5%). Жоғары, І санатты мұғалімдердің үлесі-аудан бойынша 33,4 пайызды құрайды.

Бағдарламада жоғары және І санатты ұстаздардың үлесін 2017 жылы 52 пайызға жеткізу міндеті қойылған, ендігі кезекте осы бағытта жұмыстар жүргізілетін болады.

Үстіміздегі жылдың 24 наурыз күні «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты Республикалық байқаудың аудандық іріктеу кезеңі болып өтті. Жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында өткізілген байқауға еңбек өтілі 3 жылдан кем емес жас педагогтар, психологтар қатысып, байқаудың шарттарына сәйкес жұмыстар көрсетті. Нәтижесінде №249 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жанәбілова Әйгерім І орынды иемденіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Сәуір айының 3 күні облыстық кезеңі өтіп, Жанәбілова Әйгерім ІІ орын иемденіп, республикалық кезеңге жолдама алды.

№266 мектеп-лицейдің география пәнінің мұғалімі Махсұтова Жарқынгүл аудандық «Ең үздік география пәнінің мұғалімі-2017» байқауында бас жүлдені иемденіп  облыстық кезеңінде ІІ орын  алды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің  80 жылдығына орай олимпиадада №249 мектеп-лицейдің 9 сынып оқушылары  Нағи Гүлнұр, Төлеген Айтолқын  ІІІ орын иеленді, жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Шохан Ботагөз.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Құқықтану кафедрасының оқытушылары Ж.А.Исаева, Е.Қ.Саниязовалар Қазалы ауданында құқықтық білімді насихаттау мақсатында «Жасы кәмелетке толмағандардың құқықтық жауаптылық мәселелері» тақырыбында ғылыми семинар өткізілді. Семинар жұмысында сонымен бірге Қазақстан заңнамаларындағы  соңғы өзгерістер мен толықтырулар таныстырылып, семинар жұмысына барлық білім беру ұйымдарының  9-11 сынып оқушылары және құқық пәнінің мұғалімдері қатысып сертификатталды.

«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы бағдарламалар» бойынша біліктілік  арттыру курстарынан бүгінгі күнге дейін 48 мектеп басшылары, 483 пән мұғалімдері өтті.  2017 жылы деңгейлік бағдарлама бойынша 65,  білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша 496, робототехника бойынша 21 педагог біліктілігін арттырады.

Сонымен қатар, облыс бойынша 22  инновациялық мектептер қатарына  біздің ауданымыздағы №266,249,16 мектеп- лицейлер мен №226 гимназия кіріп отыр. Бұл 4 мектепте пәндерді ағылшын тілінде оқыту жұмыстары бойынша тиісті қаржылар бөлініп, 2016 жылдың қаңтар айынан басталып та кетті. Аталған мектептерде апталық оқу жүктемесінің артықшылығы: бейінді пәндер үшін қосымша-4 сағат; үйірмелер үшін-4,5 сағат; келісім шарт негізінде жеке курстар мен лекциялар үшін-1500 сағат. Осы жеке курстар мен лекциялар үшін Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің мұғалімдерімен келісім-шарт жүргізіліп, қазіргі таңда университет мұғалімдері аудан мектептеріндегі оқушыларға келіп дәріс беруде.

Аудан бойынша үштілділік саясатын жүргізуге байланысты ағылшын тілін оқытудың заманауи әдістемесін енгізу мақсатында «SPEAK ENGLISH KAZAKHSTAN» ағылшын тілінде оқыту орталығының ұйымдастыруымен аудандағы ағылшын тілі пәні мұғалімдері жоспарға сай тілдік біліктілікті арттыру курстарынан өткізілуде. Атап айтар болсақ, Америкадан келген әдіскермен ауданымыздан 55 ағылшын тілі пән мұғалімі және жоғары сыныптардағы жаратылыстану бағытындағы пәндерден сабақ беретін 20 мұғалім қысқа мерзімді курстан өтті. Әйтеке би кентінде  сураныс білім бөлімінің ұсынысымен «SNAP ENGLISH» орталығы ашылып, онда 80 оқушы тереңдетілген ағылшын тілін үйренуде.  Сонымен қатар, «Арман» оқу орталығында 108 оқушы тереңдетілген ағылшын

Ұлттық біріңғай тестілеу   

Ауданы бойынша 33 орта мектептен  713 оқушы бітіргелі отыр.          Қазіргі таңда бітіруші 713 оқушының 513-і (72%) ҰБТ-ға қатысуға тілек білдіріп отыр.

          Барлық мектептерде бітіруші оқушыларға, олардың ата-аналарына, пән мұғалімдеріне «Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық» ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

         Оқушылардан мектепте, ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының №71 филиалы арқылы жүйелі түрде айына 4 реттен байқау тест алынып, қорытындылары педагогикалық кеңестерде, ата-аналар жиналыстарында талқылануда. Соның ішінде ұлттық тестілеу орталығында айына 2 реттен аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен осы кезге дейін 12 рет сынама тесттер өткізілді.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысатын оқушыларды тасымалдауға 700 000 теңге, тамақтандыруға және жатын орнына 1 млн 300 мың теңге аудандық бюджеттен барлығы  2 000 000 теңге қаражат бөлінді.

Сонымен қатар әр оқушыдан 3 реттен тегін сынама тест алу үшін 2264 дана 2017 жылғы тест кітапшаларын сатып алуға аудандық бюджеттен 795 000 теңге қаржы бөлініп, кітапшалар сатып алынды.

Арал ауданында орналасқан «Қамбаш» балаларды сауықтыру орталығында дайындық жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен барлығы 500 оқушыға 12 млн 500 мың теңге бөлініп қазіргі таңда 280 оқушы дайындық жұмыстарын жүргізді. Алдағы Сәуір, мамыр айларында қалған 220 оқушы дайындық жұмыстарын жүргізетін болады.

ҰБТ ны өткізу үшін жаңадан аркалы металіздегіш, ұялы телефон тұншықтырғыш құрылғыларын сатып алуға 2 млн 489 мың теңге қаржыға және 4 каналды бейнебақылау алуға 440 мың теңгеге бюджеттік өтінім берілді.

Наурыз айында алынған байқау сынағының қорытындысымен бітіруші 713 оқушыдан 441 оқушы (62%) ҰБТ тапсыруға тілек білдіріп, аудан бойынша орташа балл 88,6 балды құрап отыр.

27 мектептен 85 үміткер «Алтын белгі» белгісіне, 8 мектептен 16 үміткер «Үздік аттестатқа»  барлығы 101 оқушы үміткерлікке ұсынылып отыр.

Қыздар Мемлекеттік педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен өткізілген «Алтынсарин-2017» олимпиадасының қорытындысымен №249 мектеп-лицейден 2 оқушы, №170 орта мектептен 1 оқушы, №266 мектеп-лицейден 1 оқушы осы университеттің грант иегері атанды.

Қазіргі таңда 11 сыныпқа сабақ беретін 398 мұғалімнен 2 рет онлаин тесттілеу арқылы сынама тест алынды.

Олимпиада, түрлі жарыстар

Олимпиада қорытындысымен облыстық олимпиаданың іріктеу турына 10-11 сыныптардан 11 пәннен І орын алған 19 оқушы ұсынылды.

Ең көп оқушы ұсынған №249 және №266 мектеп-лицейлерден 5 оқушыдан, №226 мектеп гимназиядан 4 оқушы, №16 мектеп-лицейден 1 оқушы, №91, 70, 165, 204  мектептерден 1 оқушыдан ұсынылды.

Республикалық олимпиаданың ІІІ (облыстық) кезеңі 2017 жылдың 5-6 қаңтар күндері Қызылорда қаласында №264 мектеп-лицей базасында өткізілді.

Облыстық олимпиада қорытындысымен қатысқан 19 оқушының 10 оқушысы жүлделі орындарға ие болып Қазалы ауданы аудандардың арасында жоғары жетістікке жетті. Олимпиаданың Республикалық кезеңіне №249 мектеп-лицейден Жәли Гүлсезім 11 сынып Құқық негіздері пәні бойынша пән мұғалімі Изжанов Жанболат, Талғатбекова Алтынай 11 сынып Орыс тілі мен әдебиеті орыс сыныптарында пәні бойынша пән мұғалімі Тухватулина Фатима, №16 мектеп лицейден Шадымұратова Динара 10 сынып Қазақ тілі мен әдебиеті орыс сыныптарында пәні бойынша пән мұғалімі Абдуллаева Алия барлығы 3 оқушы Республикалық олимпиадаға қатысып келді.

Бұқаралық спортты дамыту.

2017 жылдың 24 наурыз-4 сәуір аралығында спорттың 6 түрінен өткізілген  мектеп оқушыларының облыстық көктемгі  спартакиадасында Қазалы ауданының  командасы жалпы командалық есепте  І орынды  жеңіп алды.

Облыстағы білім беру мекемелеріндегі денешынықтыру пәні мұғалімдерінің арасында өткізілген   «Үздік дене шынықтыру мұғалімі - 2017» облыстық байқауында №249 мектеп-лицейдің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Еркебаев Серік  ІІ орын иеленді.

2017 жылдың І тоқсанында білім беру мекемелерінде «Мен - чемпион»  балалар  спорттық  ойынының  аудандық   жарысы өткізілді. Кеңес  әскерлерінің  Ауғанстаннан шығарылғанына 28 жыл толуына орай қол добынан  оқушылар арасында жарыс, Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 28 жыл толуына орай   Н.Әзиевті еске алуға арналған пневматикалық мылтық атудан аудандық турнир. Халықаралық әйелдер күніне орай «Мерген  ару-2017» пневматикалық мылтық атудан оқушылар арасында жарыс ұйымдатырылды.

Қаржының игерілуі        

Аудандық білім бөлімі  бойынша 2017 жылдың 3 айына 1570073,0 мың теңге қаралып, қаралған қаржы 1569088,7 мың теңгеге, яғни  99,9  пайызға орындалды.   



Кіру

×