ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Русский Қазақша
Билік
Құқық
Қоғам
Билік
Құқық
Қоғам
Басты бет Экономика Индустриялды-инновациялық даму

Индустриялды-инновациялық даму

...

Шағын және орта бизнестің дамуы бойынша

АНЫҚТАМА

2019 жылдың 1 қыркүйек жағдайы бойынша

 

         І. Қазалы ауданы бойынша 2019 жылдың 1 қыркүйегіне 4301 шағын кәсіпкерлік субъектілері есепке алынды.

Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 3 933 бірлік. Өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 107,2 пайыз.

2019 жылдың 8 айында жаңадан 718 кәсіпкер тіркелді.

 

ІІ. Қазалы ауданында 6 сауда базары, 2 мал базары, 9 мейрамхана, 43 кафе, 9 ірі сауда орталықтары, 17 сауда үйі  мен 800-ден астам шағын сауда дүкендері тіркелген.

2019 жылдың 8 айында статистикалық деректерге сәйкес бөлшек сауда айналымы 5216,1 млн.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,7 пайызды құрады.

 

         ІІІ. Қазалы ауданы бойынша 2019 жылдың 8 айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 9209,0 млн. теңгені құрап, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 117,4 пайызды құрады.

 

         ІҮ. Кәсіпкерліктің дамуына тікелей ықпал етіп отырған «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Қазалы ауданынан құны 494,0 млн.теңгені құрайтын 16 жоба екінші деңгейлі банк арқылы несие қаражатын алып, «Даму» қоры» АҚ-ы арқылы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидияланды.

        Осы бағдарламаның «Бизнес-Кеңесші» жобасы арқылы барлығы 157 қатысушы оқу курстарын аяқтады.

 

         Ү.Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша облыс тарапынан  120 адамды оқыту межеленіп, бүгінгі күнге 3 топ бойынша 120 адам аудандық кәсіпкерлер палатасында оқу курстарынан өтті.

         Бұған қоса, Стартап жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру мақсатында 30 қатысушыға 252 500 теңгеден барлығы 7 575 000 теңге, 20 қатысушыға 505 000 теңгеден барлығы 10 100 000 көлемінде мемлекеттік грант берілді.

        

Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы құны 303,0 млн.теңге болатын 92 кәсіпкерге несие қаражаттары берілген.

Облысымыздың ауылдық жерлеріне қол жетімді және жеңілдетілген несие беретін «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» Микроқаржылық ұйымы» ЖШС-гі арқылы жыл басынан бері 169,6 млн.теңге құрайтын 48 жоба мақұлданды.

Сонымен қатар, «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша «Қазалы Несие» ЖШС-і кредиттік серіктестігі 14 өтінішке 208,6 млн.теңге несие берген.

 

Жалпы аудан кәсіпкерлерінің сауда айналымын және өндіріс түрлерін ашу мен дамыту мақсатында қаржы ұйымдары тарапынан 177 өтініш бойынша жалпы 1224,4 млн.теңге несие берілген.

 

ҮІ.«Өндірістік аймақ» ұйымдастыру жобасы бойынша қазіргі таңда аудан кәсіпкерлері тарапынан жалпы құны 172,0 млн.теңгені құрайтын жаңа 8 жобаны іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Оның ішінде жалпы құны 102,0 млн.теңге құрайтын 5 жоба іске қосылып, 43 жаңа жұмыс орны ашылды.

 

ҮІІ. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізі бойынан Қазалы ауданынан сервистік қызмет көрсету нысандарын салуға барлығы 5 учаске белгіленген.

Қазіргі таңда аталған көлік дәлізі бойында «Мирас», «Арзан сити»                            кешендері және «Sinooil» желісі пайдалануға беріліп, 1 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

ҮІІІ. Кәсіпкерлердің біліктілігін арттыру, қолдау шараларына байланысты бекітілген іс-шараға сәйкес 2 бизнес форум (Қазалы ауданының іскер әйелдерінің және жас кәсіпкерлер форумы), 3 семинар облыстық деңгейдегі басқарма басшылары, қаржы-несие ұйымдары, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, бизнес өкілдері мен аудан кәсіпкерлерінің қатысуымен өткізілді.

 

Жыл басталғалы жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ақпараттандыру жұмыстары кеңінен жүргізіліп, нәтижесінде БАҚ-да (облыстық, аудандық газеттер, теледидар арқылы мен әлеуметтік желілер) ақпараттар жарияланып, кәсіпкерлік субъектілеріне түрлі брошюралар таратылды.

Сондай-ақ, бөлім тарапынан ісін жаңа бастаған және жұмыс жаса тұрған кәсіпкерлерге ақпараттық қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында www.kasipkerge.info мекенжайы бойынша «Қазалы ауданының бизнес-порталы» атты ақпараттық веб-портал жобасы және Whatsapp мессенджерінде онлайн түрде ұсыныс-пікірлер қабылдап, кеңес беру жұмыстары жүргізілуде.

Бұл көрсетіліп жатқан қызметтер тұрғындарға мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен насихаттауда, қажетті кеңестер беруде және ақпараттық сүймелдеуде потенциалы мол.



-0КБ
...
Қазалы ауданы бойынша 2018 жылға


шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласындағы

атқарылған жұмыстар туралы


Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасының бірінші бесжылдығында (2010-2014 жылдар) аймақтық үйлестіру кеңесіне жалпы құны 4187,4 млн. теңге құрайтын 22 жоба ұсынылып, 17 жоба толық іске қосылып, 212 жаңа жұмыс орны ашылды.

Оның ішінде 2 жоба («Рза» АҚ мен «СПК Қызылорда балық» ЖШС) аймақтық индустрияландыру картасына енгізілді.

         2018 жылға өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына «РЗА» АҚ-ның құны 2 500,0 млн. теңге құрайтын «1200 басқа арналған ірі қара өсіру кешені мен сүт зауытының II-ші кезеңін іске асыру» жобасын енгізу жоспарланып отыр.

-0КБ
...



Қазалы ауданы бойынша 2018 жылғы қаңтар-наурыз айларындағы

шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласындағы

атқарылған жұмыстар туралы

 

          Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасының бірінші бесжылдығында (2010-2014 жылдар) аймақтық үйлестіру кеңесіне жалпы құны 4187,4 млн.теңге құрайтын 22 жоба ұсынылып, 17 жоба толық іске қосылып, 212 жаңа жұмыс орны ашылды.

Оның ішінде 2 жоба аймақтық индустрияландыру картасына енгізілді.

         2018 жылға өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына «РЗА» АҚ-ның құны  2 500,0 млн.теңге құрайтын «1200 басқа арналған ірі қара өсіру кешені мен сүт зауытының II-ші кезеңін іске асыру» жобасын енгізу жоспарланып отыр.



-0КБ
...
Индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының орындалуы туралы


(2017 жыл)


Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасының бірінші бесжылдығында (2010-2014 жылдар) аймақтық үйлестіру кеңесіне жалпы құны 4187,4 млн.теңге құрайтын 22 жоба ұсынылып, 17 жоба толық іске қосылып, 212 жаңа жұмыс орны ашылды.

1.         «Рза» АҚ-ның жалпы құны 2228,4 млн. теңге құрайтын «660 басқа арналған ірі қара өсіру кешені және сүт өндеу зауыты» жобасы;

2.         «СПК Қызылорда балық» ЖШС-нің жалпы құны 150,0 млн. теңге құрайтын «Балық өңдеу зауытының құрылысын іске асыру» жобасы;

3.         «Қазалы құрылыс» ЖШС-нің жалпы құны 120,0 млн.теңге құрайтын «Асфальт зауыты» жобасы;

4.         «LCI-MK» ЖШС-нің жалпы құны 120,0 млн.теңге құрайтын «Темір-бетон бұйымдарын өндіру цехын кеңейту» жобасы;

5.         «Қазалы Жолшы» ЖШС-і жалпы құны 41,0 млн. теңге құрайтын «Асфальт зауытын іске қосу» жобасы;

6.         Жеке кәсіпкер Т.Игіліковтің жалпы құны 65,0 млн. теңге құрайтын «Балық өнімдерін өңдеу цехын іске асыру» жобасы;

7.         Жеке кәсіпкер Л.Мырзағұлованың жалпы құны 66,0 млн. теңге құрайтын «Нан және кондитер өнімдерін өндіру цехын іске асыру» жобасы;

8.         Жеке кәсіпкер Б.Әбдреймованың жалпы құны 70,0 млн. теңге құрайтын «Тәулігіне 5 тонна нан өнімдерін дайындау зауыты мен 200 тонналық ұн сақтау қоймасын жасақтау» жобасы;

9.         Жеке кәсіпкер Б.Бердымұратовтың жалпы құны 45,0 млн.теңге құрайтын «Полипропиленді қапқа флексобаспа жасау және ламинаттау цехын кеңейту» жобасы;

10.     «LCI-MK» ЖШС-нің жалпы құны 30,0 млн.теңге құрайтын «Темір-бетон бұйымдарын өндіру цехын кеңейту» жобасы;

11.     «РЗА» АҚ-ның жалпы құны 20,9 млн. теңге құрайтын «Нан өнімдерін өндіру цехын кеңейту» жобасы;

12.     «СПК Қызылорда балық» ЖШС-нің құны 3,0 млн. теңге құрайтын «Балық өнімдерін өңдеу цехын кеңейту» жобасы;

13.     Жеке кәсіпкер К.Абдраманованың жалпы құны 5,2 млн. теңге болатын «Ағаш өңдеу цехын кеңейту»жобасы;

14.     «Сыр маржаны» ЖШС-нің жалпы құны 355,5 млн.теңге құрайтын «500 басқа арналған мал бордақылау кешенін салу» жобасы;

15.     Жеке кәсіпкер Р.Мәмбетжановтың жалпы құны 50,0 млн. теңге құрайтын темірбетон бұйымдарын шығару жобасы;

16.     Жеке кәсіпкер А.Рахметовтың жалпы құны 16,6 млн. теңге құрайтын құрылыс және жиһаз бұйымдарын дайындау цехын іске асыру жобасы;

17.     «Zhankent LTD» ЖШС-нің жалпы құны 15,0 млн. теңге құрайтын «Тазартылған, құйылмалы ауыз су шығару» жобасы;

-0КБ
...


Индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының орындалуы туралы

(ІІ тоқсан 2017 жыл)


Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазалы ауданы бойынша тиісті шаралар қабылданып жүзеге асырылуда.

Ауданда бағдарлама аясында аймақтық үйлестіру кеңесіне  2010-2015 жылдары жалпы құны 4187,4 млн.теңге құрайтын 22 жоба ұсынылып,  17 жоба толық іске қосылып, 212 жаңа жұмыс орны ашылды.

Оның ішінде 2 жоба аймақтық индустрияландыру картасына енгізілді.

-«Рза» АҚ-ның «660 басқа арналған ірі қара өсіру кешені және сүт өндеу зауыты» жобасы аясында 2017 жылдың 3 айында  1510 тонна сүт өңделіп, Алматы, Астана, Көкшетау, Ақтөбе, Атырау, Ақтау қалаларындағы ірі сауда орталықтарында сатылуда(Магнум, Смол, Анвар сауда орталықтары).

-«СПК Қызылорда Балық» ЖШС-нің «Балық өңдеу зауытының құрылысын іске асыру» жобасы аясында 2017 жылдың 3 айында 238 тонна балық өңделіп, Еуропа елдеріне экспортталды.

Индустрияландыру картасына Қазалы ауданында іске асырылатын бірнеше инвестициялық жобаны енгізуге тиісті жұмыстар жасалып, құжаттары жинақталуда.

Атап айтқанда:

1) «РЗА» АҚ-ның «1200 басқа арналған ірі қара өсіру кешені мен сүт зауытының II-ші кезеңін іске асыру» жобасы;

2) «Сыр Маржаны» ЖШС-нің «Ет консервісін өндіру және шұжық шығару цехы» жобасы;

3) «СПК Қызылорда балық» ЖШС-нің «Балық өнімдерін өңдеу цехын кеңейту» жобасы;

4) Жеке кәсіпкер Т. Игіліковтің «Балық өнімдерін өңдеу цехын кеңейту» жобасы;

5) «Жеңіс» шаруа қожалығының «Түйе, жылқы сүтін өндіру және мал бордақылау кешенін ұйымдастыру» жобасы.

Аудан кәсіпкерлеріне қаржы ұйымдары тарапынан 2017 жылдың 6 айында 62 өтініш бойынша жалпы көлемі 440,5 млн.теңге несие берілген. (2016 жылдың 6 айында 49 өтінішке 400,82 млн.теңге несие берілген).

-0КБ
...
Индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының орындалуы туралы


 Қазалы ауданында бағдарлама аясында аймақтық үйлестіру кеңесіне 2010-2014 жылдары жалпы құны 4176,44 млн.теңге құрайтын 21 жоба ұсынылып, оның ішінде 2 жоба аймақтық индустрияландыру картасына енгізілді.

16 жоба толық іске қосылып, 204 жаңа жұмыс орны ашылды.

Бағдарлама аясында іске қосылған жобалар:

1. «Рза» АҚ-ның жалпы құны 2228,4 млн. теңге құрайтын «660 басқа арналған ірі қара өсіру кешені және сүт өндеу зауыты» жобасы. Қазіргі таңда асыл тұқымды мал саны 1743 басты құрап отыр. Нақты кезеңде 566 сауынды сиырдан күніне орташа есеппен 28 литрден сүт сауылуда. Германия және Италия мемлекеттерінің жоғары технологиялық құрал жабдықтарымен жабдықталған зауытта 2,5%, 3,2%, 6,0% пастерленген, ультрапастерленген сүт, айран, қаймақ, ірімшік, сары май өнімдері шығарылады. Жоба аясында 60 жаңа жұмыс орны ашылды.

2. «СПК Қызылорда Балық» ЖШС-нің жалпы құны 150,0 млн. теңге құрайтын «Балық өңдеу зауытының құрылысын іске асыру» жобасы. Еуропа елдеріне өнімді экспорттау мақсатында «еврокод» алынып, Дания, Германия, Австрия және т.б. елдерге экспортталуда. Жоба аясында 40 жаңа жұмыс орны ашылды.

3. «Қазалы құрылыс» ЖШС-нің жалпы құны 120,0 млн. теңге құрайтын «Асфальт зауыты» мен темір-бетон бұйымдарын шығаратын цехын іске қосу» жобасы. Жоба бойынша сағатына 60 тонна өнім шығаратын асфальт зауыты мен темір-бетон бұйымдарын шығаратын 2 шағын цех пайдалануға беріліп, 5 адам жаңа жұмыспен қамтылды.

4. «LCI-MK» ЖШС-і Қазалы филиалының жалпы құны 120,0 млн.теңге құрайтын «Темір-бетон бұйымдарын өндіру цехын кеңейту» жобасы. Дайындалған бұйымдар стандарттарға сәйкес дайындалып, республика аумағында пайдалануда. Полигонда айына 20-30 түрлі темір-бетон блоктар, плиталар өндіріледі. Жоба аясында 12 жаңа жұмыс орны ашылды.

5. «Қазалы Жолшы» ЖШС-нің жалпы құны 41,0 млн. теңге құрайтын «Асфальт зауытын іске қосу» жобасы. Тәулігіне 200 тонна асфальт өндіретін зауыт әкелініп, іске қосылды.  6 адам жаңа жұмыспен қамтылды.

6. «LCI-MK» ЖШС-і Қазалы филиалының  құны 30,0 млн теңге құрайтын «Темір-бетон бұйымдары цехын кеңейту» жобасы. Мұнда электр бағаналарын дайындау цехының қондырғылары әкелініп, сұранысқа сәйкес өнімдер шығарылуда. 3 жаңа жұмыс орны ашылды.

7. «СПК Қызылорда балық» ЖШС-нің «Балық өнімдерін өңдеу цехын кеңейту жобасы». 3,0 млн. теңге қаражатқа қондырғы әкелініп, балық өнімдерінен фарш өндірілуде. 2 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылды.

8. «РЗА» АҚ-ның жалпы құны 20,9 млн. теңге құрайтын «Нан өнімдерін өндіру цехын кеңейту» жобасы. Жобаны іске асыру үшін «Цесна банк» арқылы несие қаражаты алынып, нан өнімдерін өндіретін «JafPartners» ЖШС-мен келісімшарт жасалынды. Еуропалық стандартты «Ревента» нан пісіру пешін орнатылып, іске қосылды. 3 адам жаңа жұмыспен қамтылды.

9. Жеке кәсіпкер Л.Мырзағұлованың жалпы құны 66,0 млн. теңге құрайтын «Нан және кондитер өнімдерін өндіру цехын іске асыру» жобасы. Нан және кондитер өнімдерін шығару ғимараттарының құрылысы салынып, 10 адам жұмыспен қамтылды.

10. Жеке кәсіпкер Б.Әбдреймованың жалпы құны 70,0 млн. теңге құрайтын              «Тәулігіне 5 тонна нан өнімдерін дайындау зауыты мен 200 тонналық ұн сақтау қоймасын жасақтау жобасы». Жоба бойынша 10 адам жұмыспен қамтылды.

11. Жеке кәсіпкер К.Абдраманованың жалпы құны 5,2 млн. теңге болатын «Ағаш өңдеу цехын кеңейту жобасы». Қажетті құрал-жабдықтар алынып, 3 адам жаңа жұмыспен қамтылды.

12. Жеке кәсіпкер Т.Игіліковтің жалпы құны 65,0 млн. теңге құрайтын «Балық өнімдерін өңдеу цехын іске асыру жобасы».  Балық өңдеу, сақтау ғимараттарының құрылысы салынып, 5 адам жұмыспен қамтылды.

13. Жеке кәсіпкер Б.Бердымұратовтың жалпы құны 45,0 млн.теңге құрайтын «Полипропиленді қапқа флексобаспа жасау және ламинаттау цехын кеңейту жобасы». Цех ғимаратының құрылысы салынып, тиісті қондырғылары әкелінді. 3 адам жаңа жұмыспен қамтылды.

14. Жеке кәсіпкер Р.Мәмбетжановтың жалпы құны 50,0 млн. теңге құрайтын темірбетон бұйымдарын шығару жобасы. Жоба бойынша Әйтеке би кентінен ұйымдастырылып жатырған «Өндірістік аймақтан» 1 га жер учаскесін алып, цех құрылысы салынды. Маусымдық кезеңде 21 адам жұмыспен қамтылды.

15. Жеке кәсіпкер А.Рахметовтың жалпы құны 16,6 млн. теңге құрайтын құрылыс және жиһаз бұйымдарын дайындау цехын іске асыру жобасы. Жоба іске қосылып, 5 адам жұмыспен қамтылды.

16. Сыр маржаны» ЖШС-нің жалпы құны 355,5 млн.теңге құрайтын                             «500 басқа арналған мал бордақылау кешенін салу» жобасы. Жоба  бойынша  16 жаңа жұмыс орны ашылды.

 

2015 жылы жалпы құны жеке кәсіпкер Е.Урумбаевтың 11,0 млн.теңге құрайтын «Медициналық және тұрмыстық қалдықтарды жинау және кәдеге жарату бойынша қызмет көрсету» жобасы аймақтық үйлестіру кеңесінен оң қорытынды алып, жерге орналастыру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ы арқылы қаржыландыру мәселесі шешілуде.  

Сонымен қатар, облыс әкімі жанындағы эксперттік комиссия қарауына жалпы құны 1271,0 млн.теңге құрайтын «Тұран-Қазалы ЖШС-нің «10 мың басқа арналған құс фермасының құрылысын салу» жобасының және «Ақарыс» ЖШС-нің «Ешкі және қой өсіру базасында, сүт және ет өндіру» жобаларының құжаттары ұсынылды. Аталған жобалар аясында 45 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.

Алдағы уақытта аталған бағдарлама аясында Қазалы ауданы бойынша «Асыл-Ғани» ЖШС-нің «Кірпіш шығару цехын кеңейту» жобасы мен «Сыр Маржаны» ЖШС «Кірпіш шығару» жобасын жүзеге асыруды жоспарлауда.



-0КБ
Кіру

×