ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Русский Қазақша
Билік
Құқық
Қоғам
Билік
Құқық
Қоғам
Басты бет Билік «Нұр Отан» партиясы

«Нұр Отан» партиясы

...

«Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалының 2019

жылдың 3 айында атқарған  жұмыстары жөнінде мәлімет

        

      «Нұр Отан» партиясы қазіргі таңда Қазақстандағы ең қуатты партия екендігін сөзімен де, ісіменде дәлелдеп келе жатқан партия. Бастауыш партия ұйымдарының рөлін арттыру мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылып келеді. «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы  ішкі партиялық тәртіпті сақтау, партия Жарғысын орындау, партияның стратегиялық бағыттарын қолдау  барысында, Орталық партия аппаратының «Аумақтық партия филиалдарының жұмыс регламенті» ережесіне сәйкес жұмысын жүргізіп отыр.

      «Нұр Отан»  партиясы Қазалы аудандық филиалында 143 партиялық топ  36 БПҰ біріккен. 2019 жылдың 01қаңтарынан 5973 партия мүшесі тіркелген болса, жыл бойы  партия қатарына 14  адам партия мүшелігене өткен, қазіргі таңда  2019 жылдың 01 сәуіріне 5987 адам бар.

Айы, жылы

Мүшелік жарнапұл бойынша жоспар

Мүшелік жарнапұлдың нақты аударылғаны

Пайызы

Қаңтар 2019ж.

1 213 503

994 502

82%

Ақпан 2019ж.

1 286 093

1 449 275

113%

Наурыз 2019ж.

1 286 093

972 236

76%

Барлығы:

3 785 689

3 416 013

90%



 «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес аудандық партия филиалында 2  кеңес отырысын, халыққа қызмет көрсету орталығымен т.б мекемелермен бірлесіп 2 рет жиналыстар  мен 2 дөңгелек үстел өткізді. Партияның аудандық филиалында құқық қорғау орган басшыларымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңес мүшелерімен  тоқсанына бір рет комиссия отырысы және қоғамдық қабылдаулар өткізу жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда.

Қазалы аудандық партия филиалының партиялық бақылау комиссиясы бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жұмыс жасауда. Үстіміздегі жылдың 3 айында 2 партиялық бақылау отырысын және 2 дөңгелек үстел мен 1 рет мекемелерге рейд өткізді.

Қазалы аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының 1  фракция  отырысы болып өтті. Мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері-14. Фракция жетекшісі Ізбасхан Лаззат Шманқызы. Әйтеке би кентіндегі №165 С.Сейфуллин атындағы мектептің директоры.

Елбасы, Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын, Ұлт Жоспарының 100 нақты қадамын талқылау, «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру барысы, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша аудандық партия филиалының ұйымдастыруымен БПҰ-мен және облыстық, аудандық мәслихат депутаттарының қатысуымен 12 кездесулер мен жиналыстар өткізілді.        

«Бағдары айқын, болашағы жарқын партияның біздің аудандағы қадамы да тың серпіліспен, жаңа тыныспен алға бастап келеді.
Партияның халықтық маңызына сай тұрғындар сөзі қашанда үстем, біз – халық қызметшілеріміз. Сондықтан уақыт үдесінде қандай қиындық болмасын, халықтың қиналмауы үшін барымызды саламыз. Бүгінде біздер тұрғындардың әлеуметтік жағдайын ескеріп, ахуалы ауыр өзекті мәселелерді шешу үшін әр айдың екінші аптасының бейсенбі күндері сарапшы топ отырысын өткізіп келеміз. Сарапшы топ құрамының басым бөлігі аудандық мәслихаттың депутатары. Сарапшы топтың  құрамы мемлекеттік мекемелер, БАҚ өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, сараптамалық топтың хатшысы т.б қамтылған. 2019 жылдың 3 айында ауданымызда 1 сарапшы топ отырысы өткізілді. Таратып айтар болсақ: «Азаматтардың әлеуметтік жағдайын қамтамасыз ету» бағыты бойынша- 1; отырыс өткізіліп, күн тәртібіне ұсынылған мәселелер талқыланып, ұсыныс-пікірлер айтылып, айтылған ұсыныстар бойынша шаралар қолданылуда.

Сонымен қатар жыл басынан қоғамдық саяси жұмыстар бағытында 12 шара ұйымдастырылды. Оның ішінде « Жұмыспен қамту – 2020», «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламаларының орындалу жайы қозғалды. Партияның арнайы жобалары бойынша «Ардагерлерді ардақтайық»-2; «Кедергісіз келешек»-4; «Жастар Отанға»-4; «Мектеп асханалары»-2; жоба іске асырылды. Сонымен қатар Партияның «Тарлан тарих тағылымы» бағыты аясында – 2 шара ұйымдастырылса, «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында АНТ тобы құрылып, 4 еңбек ұжымымен және тұрғындармен кездесу болып өтті. Сондай ақ «Әділет кеңес береді», «Жолда қабылдау» акциялары тұрақты түрде өткізіліп, оған 1200 адам қамтылды.

     

Партияның қоғамдық қабылдауына келер болсақ «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөліміне 04.01-12.03.2019жыл  аралығында барлығы 65 арыз-шағым келіп түскен оның ішінде жазбаша өтініш саны 15, ауызша 35, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме басшыларына 15 өтініш тіркелген. 

 Таратып айтар болсақ

 «Жұмыспен қамту және тұрғындардың кірісі»-17;

 «Денсаулық сақтау»- 2;

«Білім беру»- 2;

«Бизнес және кәсіпкерлікті несиелендіру,қайта қаржыландыру»-4 ;

 «Азаматтарды әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету»- 20;

«Баспана және жер учаскелерін беру» -3;

«Тұрғын үй» - 17;

«Құқық қорғау және атқарушылық өндірісті, сот орындаушы»-0.

Келіп түскен өтініштердің қаралу нәтижесі

 оң шешімін тапқан өтініші-24;

заңды кеңес берілгені-31;

шешімін таппаған өтініш саны-10.


Кіру

×