ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Русский Қазақша
Билік
Құқық
Қоғам
Билік
Құқық
Қоғам
Басты бет Билік Мемлекеттік сатып алулар

Мемлекеттік сатып алулар

...

Қазалы ауданы бойынша мемлекеттік сатып алулар бойынша атқарылған жұмыстар туралы анықтама

(2019 жылғы 9 ай)

2019 жылдың 10 айы бойынша (қаңтар - қазан айлары аралығында) Қазалы ауданы бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің мемлекеттік сатып алу жұмыстарына жасалған талдау нәтижесіне сәйкес, тапсырыс берушілер 11 млрд. 483 млн. 060 мың теңгені құрайтын 6187 сатып алу өткізуді жоспарлаған. Оның ішінде:

         -тауарларды сатып алу – 1 млрд.9 млн 828 мың теңге;

         -көрсетілетін қызметтер - 1 млрд. 740 млн. 499 мың теңге;

         -атқарылатын жұмыстар – 8 млрд. 732 млн. 733 мың теңге.

         Баға ұсыныстар сұрату тәсілі бойынша 308 млн. 376 мың теңге құрайтын 490 сатып алу. Оның ішінде 23 қызмет (19 млн. 992 мың теңге), 15 жұмыс (21 млн. 208 мың теңге) және 452 тауар (267 млн. 175 мың теңге) сатып алулар көзделген.

         Бір көзден тікелей келісім-шарт тұжырымы негізінде 2 млрд. 014 млн. 235 мың теңге құрайтын 5277 сатып алу жоспарланған. Оның ішінде 1645 қызмет (1 млрд. 452 млн. 070 мың теңге), 291 жұмыс (200 млн. 994 мың теңге) және 3341 тауар (361 млн. 170 мың теңге) сатып алулар көзделген.

         Мемлекеттік сатып алу бөлімі арқылы 2019 жылдың 10 айда жалпы сомасы 1 млрд. 695 млн. 215 мың теңге құрайтын 127 конкурс өткізілген (2018 жылы жалпы 105 конкурс). Барлық үнемделген бюджет қаржы 233 млн. 683 мың 955 теңге. Оның ішінде:

         -Ашық конкурс тәсілі- 92 (1 млрд. 659 млн. 553 мың теңге) өткізіліп, 223 млн 891 мың 011 теңге қаржы үнемделген;

         -Әлеуметтік тапсырыс арқылы жүргізілген конкурс- 18 (25 162 499 теңге) өткізіліп, 8 млн 096 мың 500 теңге қаржы үнемделген;

         -Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілген конкурс - 20 (10 499 812 теңге) өткізіліп,  1 млн. 696 мың 444 теңге үнемделген.

         Мемлекеттік сатып алу басқармасы ұйымдастырумен жалпы сомасы        1 млрд. 922 млн. 662 мың теңге құрайтын (тапсырыс берушісі аудан) 4 конкурстан, 175 млн. 874 мың теңге қаржы үнемделсе, (тапсырыс берушісі облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылыс басқармасы) жалпы сомасы 2 млрд. 816 млн. 545 мың теңге құрайтын 3 конкурстан, 38 млн. 846 мың теңге бюджет қаржысы үнемделді.Барлығы 7 конкурстың 4 млрд 739 млн. 257 мың теңге қаржыдан 228 млн. 082 мың теңге қаржы үнемделген.


...
Қазалы ауданы бойынша мемлекеттік сатып алулар бойынша атқарылған жұмыстар туралы анықтама


(2019 жылғы І тоқсан)

         Қазалы ауданы бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің мемлекеттік сатып алу жұмыстарына жасалған талдау нәтижесіне сәйкес, тапсырыс берушілер 2019 жылы барлық сатып алулар бойынша 7 млрд. 372 млн. 092  мың теңгені құрайтын 5562 сатып алу  жосапрланған.

         Оның ішінде:

         - тауарларды алу - 1 млрд. 512 млн. 823 мың теңгені;

        - көрсетілетін қызметтер -  935 млн.723 мың теңгені;

         - атқарылатын жұмыстар - 4 млрд. 923 млн. 546 мың теңгені құрайды

          Бүгінгі таңда ауданның мемлекеттік сатып алу бөлімі арқылы 91 сатып алу өткізілді.

         Оның ішінде:

        10 әлеуметтік тапсырыс  - 26 680 357 теңге;

         81  ашық конкурс  - 1 608 823 290 теңге.

          Мемлекеттік сатып алудың нысанына қарай талдасақ, 44 жұмыс (1 236 047 757,84 теңге), 37 қызмет (137 177  339,81 теңге) және 10 тауар ( 262 278 550 29 теңге).

         Есепті кезеңде бөлім арқылы жарияланған 1 млрд. 644 млн. 173 мың теңгені құрайтын 96 конкурс жарияланды.Қазіргі таңда 52 конкурс аяқталып, нәтижесімен 72 млн. 358 мың теңге бюджет қаражаты үнемделді.  

         Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы жарияланған конкурстар: 2 млрд. 465 млн. 401 мың теңгені құрайтын 8 сатып алу  өткізілді. 4 конкурс аяқталып, нәтижесімен  138 млн 360 мың теңге бюджет қаражаты үнемделді. 





...
Қазалы ауданы бойынша 2018 жылғы қортынды бойынша 12 айдағы мемлекеттік сатып алулар бойынша атқарылған жұмыстар туралы


         Қазалы ауданы бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің мемлекеттік сатып алу жұмыстарына жасалған талдау нәтижесіне сәйкес, тапсырыс берушілер 2018 жылы барлық сатып алулар бойынша 10 млрд. 992 млн. 934   мың теңгені құрайтын 9247 сатып алу  өткізілген

. Оның ішінде:

        - тауарларды алу  - 1 млрд. 349 млн. 723 мың теңгені;

        - көрсетілетін қызметтер       - 1 млрд. 321 млн. 297 мың теңгені;

        - атқарылатын жұмыстар     - 8 млрд. 321 млн. 914 мың теңгені құрайды.

 

          Ағымдағы жылдың 12 айында ауданның мемлекеттік сатып алу бөлімі арқылы 105 сатып алу өткізілді. Оның ішінде:

         2 аукцион  - 7 334 128 теңге;

         1 әлеуметтік тапсырыс  - 1 160 714 теңге;

         102 ашық конкурс  - 1 188 025 158 теңге. Мемлекеттік сатып алудың нысанына қарай талдасақ, 57 жұмыс (891 237 341,01 теңге), 17 қызмет (53 945 341,32) және 31 тауар (251 337  007,20

теңге).

         Есепті кезеңде бөлім арқылы жарияланған 1млрд. 196 млн. 520 мың теңгені құрайтын 105 конкурс аяқталып, нәтижесімен 193 млн. 904 мың теңге бюджет қаражаты үнемделді.  Қазіргі таңда барлық сатып алулар нәтижелі аяқталды.

         Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы жарияланған конкурстар:

         8 млрд. 302 млн. 791 мың теңгені құрайтын 31 сатып алу  өткізіліп барлығы аяқталып, нәтижесімен  591 млн. 760 мың теңге бюджет қаражаты үнемделді.

       Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті арқылы өткізілген сатып алулар:

         Сомасы 90 млн. 233 мың теңгені құрайтын 18 сатып алу жарияланса, оның барлығы нәтижелі аяқталды.. 


Қазалы ауданы бойынша 2018 жылғы 9 айдағы мемлекеттік сатып алулар бойынша атқарылған жұмыстар туралы

         Қазалы ауданы бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің мемлекеттік сатып алу жұмыстарына жасалған талдау нәтижесіне сәйкес, тапсырыс берушілер 2018 жылы барлық сатып алулар бойынша 12 млрд. 465 млн. 319 мың теңгені құрайтын 6888 сатып алу  өткізуді жоспарлаған. Оның ішінде:

         - тауарларды алу                   - 1 млрд. 215 млн. 358 мың теңгені;

         - көрсетілетін қызметтер       - 1 млрд. 166 млн. 697 мың теңгені;

         - атқарылатын жұмыстар     - 10 млрд. 083 млн. 262 мың теңгені құрайды.


          Ағымдағы жылдың 9 айында ауданның мемлекеттік сатып алу бөлімі арқылы 100 сатып алу өткізілді. Оның ішінде:

         2 аукцион  - 7 334 128 теңге;

         1 әлеуметтік тапсырыс  - 1 160 714 теңге;

         97 ашық конкурс  - 1 137 077 641 теңге. Мемлекеттік сатып алудың нысанына қарай талдасақ, 52 жұмыс (831 795 293 теңге), 17 қызмет (55 106 055 теңге) және 31 тауар (258 671 135 теңге).

         Есепті кезеңде бөлім арқылы жарияланған 1млрд. 145 млн. 572 мың теңгені құрайтын 90 конкурс аяқталып, нәтижесімен 193 млн. 904 мың теңге бюджет қаражаты үнемделді.  Қазіргі таңда 10 конкурс бойынша өтінімдер қаралуда.

        

         Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы жарияланған конкурстар:

         8 млрд. 302 млн. 791 мың теңгені құрайтын 31 сатып алу  өткізіліп барлығы аяқталып, нәтижесімен  591 млн. 760 мың теңге бюджет қаражаты үнемделді.

       Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті арқылы өткізілген сатып алулар:

         Сомасы 90 млн. 233 мың теңгені құрайтын 18 сатып алу жарияланса, оның 14-і аяқталған, 4-і  қарау мерзімінде тұр.



Қазалы ауданы бойынша мемлекеттік сатып алулар бойынша атқарылған жұмыстар туралы


(2018 жылғы І жартыжылдық)

         Қазалы ауданы бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің мемлекеттік сатып алу жұмыстарына жасалған талдау нәтижесіне сәйкес, тапсырыс берушілер 2018 жылы конкурс және аукцион тәсілімен 4 млрд. 178 млн. 349 мың теңгені құрайтын 169 сатып алу  өткізуді жоспарлаған. Оның ішінде:

         -тауарларды алу - 559 млн. 855 мың теңгеге 46 конкурс;

         -көрсетілетін қызметтер - 155 млн. 081 мың теңгенің 42 конкурсы;

         -атқарылатын жұмыстар - 3 млрд. 479 млн. 435 мың  теңгені құрайтын 81 конкурс.

         Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен 261 млн. 123 мың теңгені құрайтын 568 сатып алу жоспарланып, оның ішінде 77 қызмет (42 млн. 038 мың теңге), 27 жұмыс (18 млн. 966 мың теңге) және 464 тауар (200 млн. 089 мың теңге) сатып алу көзделген.

         Бір көзден сатып алу тәсілімен 1  млрд. 092 млн. 930 мың теңгені құрайтын 4051 сатып алу жоспарланып, оның ішінде 1067 қызмет (790 млн. 388 мың теңге), 169 жұмыс (41 млн. 200 мың теңге) және 2815 тауар (261 млн. 341 мың теңге) сатып алу көзделген.

            Ағымдағы жылдың І-жартыжылдығында ауданның мемлекеттік сатып алу бөлімі  арқылы жалпы сомасы 698 млн. 482 мың 207 теңгені құрайтын 48 ашық конкурс (689 987 365 теңге), 2 аукцион (7 334 128), 1 әлеуметтік тапсырыс (1160714,00 теңге)жарияланды.

         Оның ішінде: 36 жұмыс (610 308 063 теңге), 12 қызмет (50 893 588 теңге) және 3 тауар (37 280 556 теңге).

         Есепті кезеңде бөлім арқылы жарияланған 520 млн. 323 мың теңгені құрайтын    33  конкурс аяқталып, нәтижесімен 103 млн.237 мың теңге бюджет қаражаты үнемделді. 18 конкурс өтінім қаралуда.

            Мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы жарияланған конкурстар

            Оның ішінде: 7 млрд. 986 млн. 292 мың теңгені құрайтын 30 сатып алу  өткізілуде.

     -көрсетілетін қызметтер - 47 млн. 842  мың теңгенің 9 конкурсы;

             -атқарылатын жұмыстар - 7 млрд. 782 млн. 891 мың  теңгені құрайтын 17 конкурс

            - тауарлар - 155 млн. 558 мың  938 теңгені құрайтын 4 конкурс.

         Сонымен қатар, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің аукцион, конкурс тәсілімен өткізетін сатып алуларға аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімінің қызметкерлері кураторлық шеңберінде әдістемелік көмек көрсету арқылы қатысып отыр.


...




Қазалы ауданы бойынша мемлекеттік сатып алулар бойынша атқарылған жұмыстар туралы анықтама

(2018 жылғы І тоқсан)

         Қазалы ауданы бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің мемлекеттік сатып алу жұмыстарына жасалған талдау нәтижесіне сәйкес, тапсырыс берушілер 2018 жылы конкурс және аукцион тәсілімен 4 млрд. 178 млн. 349 мың теңгені құрайтын 169 сатып алу  өткізуді жоспарлаған. Оның ішінде:

         -тауарларды алу - 559 млн. 855 мың теңгеге 46 конкурс;

         -көрсетілетін қызметтер - 155 млн. 081 мың теңгенің 42 конкурсы;

         -атқарылатын жұмыстар - 3 млрд. 479 млн. 435 мың  теңгені құрайтын 81 конкурс.

         Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен 261 млн. 123 мың теңгені құрайтын 568 сатып алу жоспарланып, оның ішінде 77 қызмет (42 млн. 038 мың теңге), 27 жұмыс (18 млн. 966 мың теңге) және 464 тауар (200 млн. 089 мың теңге) сатып алу көзделген.

         Бір көзден сатып алу тәсілімен 1  млрд. 092 млн. 930 мың теңгені құрайтын 4051 сатып алужоспарланып, оның ішінде 1067 қызмет (790 млн. 388 мың теңге), 169 жұмыс (41 млн. 200 мың теңге) және 2815 тауар (261 млн. 341 мың теңге) сатып алу көзделген.

         Мемлекеттік сатып алу саласындағы ахуалды түбегейлі жақсарту үшін бірыңғай операторды бекіту туралы облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың тапсырмасына сәйкес Қазалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 27 желтоқсандағы №281 қаулысымен «Қазалы ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды.

         Бұл мекеменің миссиясы мемлекеттік сатып алуларды, сондай-ақ, Қазалы ауданы әкімдігімен айқындалатын бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылады.

         Қазалы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы №12 қаулысымен тапсырыс берушілер үшін «Қазалы ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып айқындалған.

         Осыған сәйкес, бірыңғай ұйымдастырушы тауарлар бойынша сұйық отын (оларды сатып алуға бөлінген қаржы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен асқан жағдайда) сатып алуға аукцион, жұмыстар бойынша Қызылорда облысы Қазалы ауданы Басықара елді мекеніндегі электр желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстары, көрсетілетін қызметтер бойынша "Жеңіс" саябағын күзет қызметімен қамтамасыз ету конкурстарын өткізуде.

         Ағымдағы жылдың 1-тоқсанында ауданның мемлекеттік сатып алу бөлімі  арқылы жалпы сомасы 604 811 203 теңгені құрайтын, 31 ашық конкурс (601 477 052 теңге), 2 аукцион (7 334 128) жарияланды.

         Оның ішінде: 29 жұмыс (565 312 790 теңге), 1 қызмет (2 217 857теңге) және                3 тауар (37 280 556 теңге).

         Есепті кезеңде бөлім арқылы жарияланған 66 млн. 297 мың теңгені құрайтын    2   конкурс аяқталып, нәтижесімен 7 781 109 теңге бюджет қаражаты үнемделді.

         Сонымен қатар, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің аукцион, конкурс тәсілімен өткізетін сатып алуларға аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімінің қызметкерлері кураторлық шеңберінде әдістемелік көмек көрсету арқылы қатысып отыр.



Кіру

×